БАӘ Жоғарғы сот төрағасы Қазақстан судьяларының VI Съезіне шақырылды

ӘБУ-ДАБИ. 11 қараша. ҚазАқпарат - БАӘ-дегі ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Лама Шариф Әбу-Дабиде Біріккен Араб Әмірліктерінің Жоғарғы Сотының төрағасы доктор Абдел Уахаб Абдулмен кездесті.
None
None

Кездесу барысында Қ. Лама Шариф А. Абдулға ҚР Жоғарғы Соты төрағасы Қайрат Мәмидің алдағы 20 қарашада Астанада өтетін Қазақстан судьяларының VI Съезінің құрметті қонағы болуына ресми шақыруын табыс етті. Шақыру зор ризашылықпен қабыл алынды.

Елші Қайрат Лама Шариф сұхбаттасушысын Қазақстандағы соттардың шынайы тәуелсіздігін, сот төрелігі азаматтық қоғам тарапынан тиімді қоғамдық бақылау принциптерімен жүргізілетін сот жүйесімен таныстырды.

Доктор Абдел Уахаб Абдул өз кезегінде Біріккен Араб Әмірліктерінде сот жүйесі Жоғарғы федералдық сот және бірінші сатылы соттардан құралатынын айтты. Жоғарғы сот құзыретіне әмірліктер арасындағы түрлі дауларды шешу, жеті әмірлік пен БАӘ үкіметі арасындағы келіспеушілікті реттеу жатады. Сонымен қатар, БАӘ Жоғарғы соты Конституция нормаларына түсіндірме береді және федералдық заңдардың елдің Ата Заңына сәйкестігін қарайды. Жоғарғы сот шешімдері әмірліктердің бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, әрі түпкілікті болып табылады.

Соңғы жаңалықтар