БАБАЛАР СӨЗІ: Бесбойдақ атауының шығу тарихы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасына орай «Қазақ хандығына 550 жыл» атты арнайы жобаны іске қосты. Бұл жоба аясында «Бабалар сөзі», «Қазақ хандары», «Ежелгі қалалар тарихы», «Халық қазынасы» қатарлы жаңа айдарлар ашылды.
None
None

«Бабалар сөзі» айдары негізіне «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер алынды. «Қазақ хандары» айдарында тарихымызда еліне қорған болған хандардың өмірі туралы деректер беріледі. Ал «Ежелгі қалалар тарихы» айдарына қазақ даласындағы өркениеттің ордасы болған көне қалалардың тарихы туралы жазбалар жарияланады. «Халық қазынасы» айдары бойынша, Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мағлұматтар берілмек. Жоба материалдары қазақ тілінде (қазақша және төте жазумен) агенттік сайтында жарияланады.

***

БЕСБОЙДАҚ

Теміршінің шығысында «Бесбойдақ» атты қуыс бар. Онда үңгір бар. Сол үңгірде ертеде бір қыз, төрт жігіт мекендеген екен. Елдің айтуы бойынша, бұлар керей-төлеңгіт руынан болыпты. Қыздың аты - Жібек. Жаңағы жолдас болған төрт жігіттің біреуі Алдаберген байдың қызы Жібекке ғашық болады, бірақ бай кедей жігітке қызын бермейді.

Жігіттерде туған-туыс жоқ, әке-шешесі өліп, жетім қалған төртеуі байда жалшылықпен күн кешкен. Сөйтіп жүріп байдың жылқысынан ат мініп, қызбен келісіп, қоңыр күзде алып кетеді.

Қар түспей, осы Теміршіге келіп, үңгірді мекен етеді. Тепсе темір үзетін төрт жігіт, бір қыз қыста аң аулап күн көреді. Ке­лер жылы жаз шығып, жер аяғы кеңіген кезде із-түссіз жоғалып кеткен байдың қызын іздеп қуғыншылар да шығады. Ақыры сұрау салып іздеп табады да, қалың қуғыншы қызды өлтіреді, төрт жігіт амалдап қашып кетеді. Жігіттерді таудың тасын сүзіп, іздеп таба алмай қуғыншылар үйіне қайтады. Жібектен айырылған төртеу Теміршінің шығысындағы қуалай ағатын Шақабай өзені бойында мекендеп, кейін Жібекке күмбездеп бейіт салады. Мұны кейбір үлкендер кезінде ешқандай қабірі жоқ қыздың жалғыз саусағына салынған деп келген-ді. Ал біреулер сол Жібекті жігіттер өлген соң тастап кете барады да, сол түні сүйегін қасқыр жейді. Жігіттер іздеп тапқанда оның жалғыз саусағы қалады. Шақабай өзенінің бойындағы осы бейіт жалғыз мола аталынады. Осы өзенді қуалай салынған төрт бейіт бар. Бұлар Айуан, Лайқан, Нұрақ, Таймас бейіттері. Қызды сүйген жігіттің аты - Таймас. Жібектің сүйегін жалғыз таста­мау үшін осы өлкеде мекендеп, кейін барлығы да осы өлкеде қалған деген аңыздың ұзын-ырғасы осындай.

Соңғы жаңалықтар
Референдум