Бабалар сөзі - даналар көзі (26-35 томдар)

26-том. Қытайдағы қазақ фольклоры. Ғашықтық дастандар
Қ ҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Серияның жарық көрген жиырма бес томы фольклорымыздың бай, маңызды саласы-дастандық эпосқа арналды. Атап айтқанда осы күнге дейін хикаялық дастандардың он бір томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың жеті томы баспа бетін көріп, оқырман қауым тарапынан жылы қабылданды. Әрине, қазақ халқының эпостық мұрасы жарияланған үлгілермен шектелмейді. Қолжазба қорларында сақталған өзге де халық ауыз әдебиетінің үлгілері жинақталып, баспаға дайындалуда.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 26-томы Қытайдағы қазақ фольклорының кезекті жинағы-ғашықтық дастандарға арналды. Бұл томға «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Дандан мен Нәркес», «Ахмет пен Нүрилә» атты ғашықтық дастандар енді. Олардың сюжеті негізінен, жергілікті қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен алынған. Алғашқы екі жыр қазақ ауыз әдебиетінде бұрыннан мәлім, фольклортану тұрғысынан зерттелген, лиро-эпос жанрының көлемді де көркем үлгілерінен саналса, «Дандан мен Нәркес», «Ахмет пен Нүрилә» секілді шығармалар шығыстық сюжеттердің ізімен жырланған және бұрын зерттелмеген.
Томға енгізіліп отырған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» жырларының сюжеттік құрылымында айтарлықтай өзгешеліктері болмағанымен, тілдік, стильдік және көлемдік жақтарынан назар аударатын тұстары бар. Сондықтан Қытайдағы қазақ жыршыларының репертуарынан тұрақты орын алған бұл шығармаларды жеке фольклорлық нұсқа ретінде қарастырған ләзім
Мәтіндерді жинап, баспаға дайындаған Қытай мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі-Оразанбай Егеубаев.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес ұсынылып отырған том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-23,5 б.т.
27-том. Қытайдағы қазақ фольклоры. Тарихи жырлар
Қ ҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Серияның жарық көрген жиырма алты томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын дастан жанрына арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он бір томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Қазақ халқының рухани қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Әрине, қазақ дастандарының көркем үлгілерін жариялау әлі де жалғаса бермек.
ҚР БҒМ ОҒК және ӘӨИ Қолжазба қорларында сақталған халық мұрасының көптеген үлгілері ғылыми тұрғыдан сараланып, баспаға әзірлену үстінде.
Көпшілік назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 27-томы Қытайдағы қазақ фольклорының кезекті жинағы-тарихи жырларға арналып отыр. Бұл томға «Арқалық», «Ер Жәнібек», «Тәутік батыр», «Жақыпберді батыр», «Боқы батыр», «Бөке батыр», «Жантөкеш», «Рамазанның қиссасы», «Сарыаяқ», «Есімқан, Ырысқан» атты тарихи жырлар еніп отыр.
Мәтіндерді жинап, баспаға дайындаған-Қытай мемлекетінің мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, жазушы, ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі, профессор Оразанбай Егеубаев.
Бір айта кетерлігі, Қытай қазақтарының жырлауында ел арасына кең тараған тарихи жырлардың көпшілігі жазбаша түрде туғаны аңғарылады. Әрине, алғашында жеке өнерпаздың, яки ақын-жыраудың шабытынан туатын көлемді эпикалық жырлардың кейін орындаушы-жыршылардың бірнеше ұрпағы ауысқан соң бастапқы авторы ұмытылып, жалпы халықтық жәдігерге айналатыны фольклорда қалыпты құбылыс саналады. Сонымен қатар аталған тарихи жыр- дастандардың сюжеттік төркіні-жергілікті халық арасында ертеден айтылып жүрген ауызекі аңыз, әңгімелер екендігі ескерілді. Бұл айтылған себептер оларды тегі жағынан фолькорлық шығармалармен барынша жақындастыра түседі. Бұған қоса, дастан мәтіндерінің өзгермелілігі, ішкі вариациялық тербелісі мен бірнеше көшірме нұсқаларының болуы да томға енгізіліп отырған шығармалардың халықтық белгілерін айшықтай түсері анық.
«Бабалар сөзі» сериясының ұстанымдарына сай ұсынылып отырған том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-22 б.т.
28-том. Қытайдағы қазақ фольклоры. Тарихи жырлар
Қ ҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Серияның жарық көрген жиырма жеті томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын дастан жанрына арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он бір томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы және тарихи жырлардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, дастандық эпос үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
ОҒК және ӘӨИ Қолжазба қорларында сақталған көптеген фольклор мәтіндері ғылыми тұрғыдан сараланып, баспаға әзірлену үстінде.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 28-томы Қытайдағы қазақ фольклорының кезекті жинағы-тарихи жырларға арналып отыр. Бұл томға «Қожеке», «Арғынбектің жыры», «Үркін-қорқын», «Кешубай-Жәмила», «Ер Бұлан», «Уаң бала», «Он сегіз», «Қан кешу», «Нүптебектің асы», «Сәтбек», «Шейітсай», «Сақари» атты тарихи жырлар енді. Бұл шығармалардың көпшілігінде Шығыс Түркістан өлкесін мекендейтін аз ұлттардың, әсіресе қазақ халқының жергілікті Гоминдаң үкіметі мен ішкі қытай экспансиясына қарсы бас көтеру әрекеттері жыр арқауы болған. Тарихи жырларда күші басым ата жауымен арыстанша арпалысып, ұлтының азаттығы мен ұрпағының болашағы үшін жанын қиған Ақыт қажы, Оспан батыр, Демежан, Шәріпқан, Есімқан, Ырысқан, Қалман т.б. қазақ азаматтарының ерлікке толы өмірі шындыққа сай, көркем тілмен өріледі.
Бір айта кетерлігі, бұл томға кірген жырлардың біреуін сол өлкенің тумасы, үрімжілік белгілі қазақ ақыны, марқұм Таңжарық Жолдыұлы жырлағаны мәлім («Нүптебектің асы»). Әйткенмен, аталған шығарманың негізгі оқиғасы бұрыннан халық арасында айтылып келгендігі және ақын шығармаларының бұрын Шыңжаңда басылған «Қазақ қиссалары» атты фольклорлық жинақта жарияланғандығы ескеріліп, «Бабалар сөзі» сериясының аясында жарық көріп жатқан Қытайдағы қазақ фольклоры үлгілерінің қатарына шартты түрде қосылып отыр.
Мәтіндерді жинап, баспаға дайындаған Қытай мемлекетінің мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі-Оразанбай Егеубаев.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес аталған том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, жырлардың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-23,5 б.т.
29-том. Қытайдағы қазақ фольклоры. Тарихи жырлар
Қ ҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Серияның жарық көрген жиырма сегіз томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын дастандар мен тарихи жырларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он бір томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы және тарихи жырлардың екі томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Қазақ халқының рухани қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, халық эпосының үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
ОҒК және ӘӨИ Қолжазба қорларында сақталған көптеген фольклорлық мәтіндер ғылыми тұрғыдан сараланып, баспаға әзірлену үстінде.
Көпшілік назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 29-томы Қытайдағы қазақ фольклорының кезекті жинағы-тарихи жырларға арналып отыр. Бұл томға «Абылай хан», «Ел қормалы-ер Абылай», «Бөгенбай батыр», «Кенесары», «Қарақас-Кенесары», «Ағыбай батыр», «Есенкелді» атты тарихи жырлар енді. Олардың сюжеті, негізінен, қазақ халқының сырт жауларға қарсы ұлы-азаттық күресіне арналған. Бұл шығармалардың мазмұнында дәстүрлі эпосқа тән әсірелеу аз, нақты оқиғаларға құрылған тарихи шындық көркем тілмен бейнеленген.
Бір айта кетерлігі, бұл томға кірген тарихи жырлардың біразы Қазақстан жерінде туып, жекелеген нұсқалары Шыңжаң қазақтары арасында таралғаны байқалады. Мәселен, аталған эпостар негізгі оқиғасы бұрыннан халық арасында айтылып келген және бұл шығармалар кейіннен Қытайдағы қазақ зиялыларының атсалысуымен «Қазақ қиссалары» сынды фольклорлық жинақтарда жарияланғандығы мәлім. Мәтіндерді жинап, баспаға дайындауға Қытай мемлекетінің мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, жазушы, ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі-профессор Оразанбай Егеубаев қатысты.
«Бабалар сөзі» сериясының ұстанымдарына сәйкес том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Бұларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, жырды жинаушылар мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-25 б.т.
30-том. Қытайдағы қазақ фольклоры. Хикаялық дастандар
Қ ҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Серияның жарық көрген жиырма тоғыз томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын дастандар мен тарихи жырларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он бір томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы және тарихи жырлардың үш томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 30-томы Қытайдағы қазақтардың фольклорына арналады. Бұл томға «Нұрғазарын», «Сағаттың хикаясы», «Патша мен әйел», «Сырлы қобди», «Тотай сал», «Өлген қыз», «Ұлар мен құзғын», «Нұх және наурыз», «Аққан сынап», «Алтын балта», «Ғалым қыз Буадат», «Жүніс жетім», «Қараторғай», «Кенжекейдің кешірмелері», «Құмаш Қоңыр хикаясы» атты хикаялық дастандар енді. Аталған дастандардың кейбірінің сюжеті шығыстық, яғни үнді, парсы, араб хикаяларынан алынса, кейбірі жергілікті оқиғаларға негізделген. Сюжеттері хикая, қисса түрінде ауыз әдебиетінде ертеден айтылып келген бірқатар фольклорлық шығармалар қазақ ақындарының жаңғыртуымен нәзира үлгісіндегі дастан жанрында жырланған. Аталған шығармалардың кейбіреуі ел аузынан жазылып, біраз өңделіп барып Қытайда баспа бетін көрген. Қазақстанда алғаш жарияланып отыр. Тағы бір ерекшелігі бұл мәтіндерде араб, парсы, қытай тілдерінен енген сөздермен қоса жергілікті тілдік қолданыстар да кездеседі.
Мәтіндерді жинап, баспаға дайындауға Қытай мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі-Оразанбай Егеубаев қатысты.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, отызыншы том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-24,5 б.т.
31-том.Қытайдағы қазақ фольклоры. Хикаялық дастандар
Қ ҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Серияның жарық көрген отыз томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын дастандар мен тарихи жырларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он бір томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы және тарихи жырлардың үш томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 31-томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналды. Бұл томға «Құламерген», «Арық мерген», «Әбу жылан», «Телім-Тентек», «Екі ағайын », «Мұрат Сәлих пен Мағрипа», «Көкек пен Зейнеп», «Қойшы батыр», «Саналы Сара», «Сәукеле», «Бөкен жарғақ», «Бұлғын-Сусар», «Үш жетім», «Үш жетім қыз», «Кезбе шал», «Хан хүкімі» атты хикаялық дастандар енді. Аталған дастандардың кейбірінің сюжеті шығыстық, яғни үнді, парсы, араб хикаяларынан алынса, кейбірі жергілікті оқиғаларға негізделген. Сюжеттері хикая, қисса түрінде ауыз әдебиетінде ертеден айтылып келген бірқатар фольклорлық шығармалар қазақ ақындарының жаңғыртуымен нәзира үлгісіндегі дастан жанрында жырланған. Аталған шығармалардың кейбіреуі ел аузынан жазылып, біраз өңделіп барып Қытайда баспа бетін көрген.
Қазақстанда алғаш жарияланып отыр. Тағы бір ерекшелігі бұл мәтіндерде араб, парсы, қытай тілдерінен енген сөздермен қоса жергілікті тілдік қолданыстар да кездеседі.
Мәтіндерді жинап, баспаға дайындауға Қытай мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі-Оразанбай Егеубаев қатысты.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес отыз бірінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-23,5. б.т.
32-том. Қытайдағы қазақ фольклоры. Шежірелік дастандар
Қ ҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Серияның жарық көрген отыз бір томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын дастандар мен тарихи жырларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он екі томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы және тарихи жырлардың үш томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 32-томы Қытайдағы қазақтардың фольклорына арналады. Бұл томға «Қазақтың жалпы шежіресі», «Қазақтың түп атасы-батыр Түрік», «Қазақ шежіресі», «Қазақ тарихы туралы жыр», «Жазуға шежірені алдым қалам», «Айтыс шежіресі», «Үш жүздің шежіресі», «Орта жүз найман шежіресі», «Оразай руының Жамбырза шежіресі», «Асылхан Мыңжасар шежіресі», «Керей шежіресі», «Туған жер туралы шежіре», «Шыңғысхан шежіресі» «Абақ керей», «Абақ керейдің атақтылары» атты шығармалар енді.
Аталған дастандардың сюжеті негізінен ел арасына кең тараған қазақ руларының шежіресінен сыр шертеді. Сюжеттері әңгіме, қисса түрінде ауыздан-ауызға, атадан-балаға ертеден айтылып келген көптеген шежірелер қазақ ақындарының жаңғыртуымен дастан жанрында жырланған. Аталған шығармалардың кейбіреуі ел аузынан жазылып, біраз өңделіп барып Қытайда баспа бетін көрген. Қазақстанда алғаш жарияланып отыр. Тағы бір ерекшелігі-бұл мәтіндерде араб, парсы, қытай тілдерінен енген сөздермен қоса жергілікті тілдік қолданыстар да кездеседі.
Мәтіндерді жинап, баспаға дайындауға Қытай мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі-Оразанбай Егеубаев қатысты.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес отыз екінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
33-том. Батырлар жыры
Қ ҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарлама аясында жарияланып жатқан «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеп, жарыққа шығаруды одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін жарияланған отыз екі томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын дастандар мен тарихи жырларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың соңғы он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 33-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Алпамыс батыр» эпосының жеті нұсқасы енді. Сондай-ақ, ғылыми мақсат үшін жырдың Ә.Диваев аударған орыс тіліндегі ертегілік варианты («Великан Алпамыс») және С.Мұқанов (1939 ж.) өңдеп, біріктірген (Қазан, 1899 ж., Ташкент, 1922 ж.) толық нұсқасы да ұсынылды.
«Алпамыс батыр» жырының оннан астам нұсқалары бар. Оларды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, екі томға жинақтау жоспарланды. «Алпамыс батыр» жырының бірінші томына 1922 жылы Ташкентте Ә.Диваев бастырған «Алпамыс батырдың хикаясы», қарасөзбен жазылған Е.Ақынбеков пен Ә.Оспанов нұсқалары, сондай-ақ Н.Байғанин, С.Жаңбыршин, А.Нысанов, Рахат сынды халық таланттары жырлаған нұсқалар енді. Соңғы төрт жыр бұрын-соңды жарияланбаған. Ә. Диваев пен Ә. Қоңыратбаев нұсқаларының сюжеттік және мәтіндік жақтарынан өте жақын тұрғандығы ескеріліп, томға бұл екі варианттың алғашқысы ғана ұсынылды.
«Алпамыс батыр» жырының Кеңес кезеңінде баспа бетін көрген варианттарына сол кездің саяси-қоғамдық талаптарына орай мәтіндік өңдеу, редакция жүргізілгені жасырын емес. Жыр мәтіндері М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Орталық Ғылыми кітапхананың қолжазба қорларында сақтаулы түпнұсқалары бойынша дайындалды. Бұған қоса, ілкі жинақтарда түсіп қалған, яки қолжазбадан қате оқылған жыр жолдары мен жекелеген сөздер түпнұсқа бойынша түзетіліп, мәтіндер бастапқы қалыпқа келтірілді. Бұрын жарияланбаған мәтіндер араб, латын харпіндегі қолжазбалардан қазіргі әліпбиге түсіріліп өзгеріссіз берілді.
Сондай-ақ, көптомдық батырлар жырының бұл алғашқы томына беташар сөз ретінде белгілі әдебиетші, академик Қ.Жұмалиевтің қазақ эпосы туралы ертеректе жазылған зерттеу еңбегінен үзінді берілді. Кеңес кезеңінде жарияланған мақаланы Тәуелсіздік дәуірінің сұранысына сай толықтырып, фольклор тұрғысынан жаңаша ой түйіп, ғылыми пікір білдірген көрнекті ғалым, академик С.Қасқабасов.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, отыз үшінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-22,75 б.т.
34-том. Батырлар жыры
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарлама аясында жарияланатын «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеп, жарыққа шығаруды одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін жарияланған отыз үш томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын дастандар мен тарихи жырларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлық жырлардың бір томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың соңғы он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 34-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Қисса-и Алпамыс батыр», «Алпамыс батыр қиссасы», «Қисса Алпамыс», «Алпамыс батыр» атты эпостық нұсқалар енді.
«Алпамыс батыр» жырының оннан астам нұсқалары бар. Оларды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, екі томға жинақтау жоспарланды. Алғашқы томға енген төрт жыр нұсқасының біреуі (Жыршысы-Келімбет Серғазыұлы) бұрын-соңды жарияланбаған. Сондай-ақ «Алпамыс батыр» жырының Кеңес кезеңінде баспа бетін көрген варианттарына сол кездің саяси-қоғамдық талаптарына орай мәтіндік өңдеу, редакция жүргізілгені жасырын емес.
Бұған қоса, ілкі жинақтарда түсіп қалған, яки қолжазбадан қате оқылған жыр жолдары мен жекелеген сөздер түпнұсқа бойынша түзетіліп, мәтіндер бастапқы қалыпқа келтірілді.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, отыз төртінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-24. б.т.
35-том. Батырлар жыры.
«Бабалар сөзі» сериясының 35-томына «Қобыланды батыр» жырының Марабай (Ә. Диваев нұсқасы), Көшелек, Құлзақ, Сүйіншәлі сынды ақын-жыршылардың репертуарына енген көлемді бес нұсқасы ұсынылды.
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланып жатқан «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеп, жарыққа шығаруды одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін жарияланған отыз төрт томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының екі томы сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 35-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Қобыланды батыр» мен оның ұрпақтарының батырлық, ерлікке толы ғұмырын баяндайтын бес жыр нұсқасы енді.
«Қобыланды» жырының отызға жуық нұсқалары бар. Оларды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, төрт томға жинақтау жоспарланды. Алғашқы томға енген Марабай нұсқасынан өзге жыр мәтіндері, яғни Көшелек Еламанұлы, Құлзақ Амангелдіұлы, Сүйіншәлі Жаңбыршыұлы варианттары бұрын-соңды жарияланбаған. Мәселен, бұл томға орынборлық жыршы Сүйіншәліден жазып алынған (1957ж) Қобыланды батыр және оның ұрпақтары туралы екі жыр мәтіні еніп отыр.
Сондай-ақ «Қобыланды» жырының Кеңес кезеңінде баспа бетін көрген варианттарына сол кездің саяси-қоғамдық талаптарына орай мәтіндік өңдеу, редакция жүргізілгені жасырын емес. Бұған қоса ілкі жинақтарда түсіп қалған, яки қолжазбадан қате оқылған жыр жолдары мен жекелеген сөздер түпнұсқа бойынша түзетіліп, мәтіндер бастапқы қалыпқа келтірілді.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, отыз бесінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-24.5 б.т.