Бабалар сөзі - даналар көзі (ІV бөлім)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасына орай, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлерді оқырмандар назарына тартып келе жатқандығы белгілі. Бүгін осы «Балалар сөзі» 100 томдығына қысқаша шолуды ұсынамыз.
None
None

44-том. Батырлар жыры

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемле­кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.

Серияның бұған дейін жарияланған қырық үш томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының он бір томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының рухани қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безен­дірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.

Оқырман назарына ұсынылып отырған аталған серияның кезекті 44-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Ер Тарғын», «Ер Көкше», «Ер Қосай», «Сайын батыр» және «Қарабек батыр» эпостары енгізілді.

«Ер Тарғын» жырының негізгі сюжетін қазақ халқының ұлттық қалыптасу кезеңінен маңызды орын алатын ноғайлы дәуірінің тарихи оқиғалары құрайды. Аталған эпостың бірне­ше нұсқалары сақталған. Жырдың халық арасында кеңінен таралған көркем үлгілерінің бірі-Марабай нұсқасы екендігі мәлім. «Ер Тарғын» жырының осы вариантын орыс миссионе­рі Н.Ильминский ХIХ ғасырдың 60-жылдарында жыршының өз аузынан жазып алып, оны 1862 жылы Қазандағы «Универ­ситет» баспасынан жарыққа шығарған. Сол уақыттан бері «Ер Тарғын» жыры 20-ға жуық рет қайта басылым көрді. Бұлардың арасында эпостың Ә.Диваев, Қ.Иманов, Н.Нұрғалиұлы, З.Бе­карыстанов, Н.Саркин т.б. нұсқалары бар. Аталған кісілердің бірқатары Марабай жырлаған нұсқаның ел аузындағы үлгілерін жинап, жариялаған болса, енді біреулері эпосты жаңарта, жаңғырта жырлап, жырдың мазмұнын байыта, да­мыта түскенін көреміз. Ұсынылып отырған томға Марабайдың Қазанда жарияланған вариантынан өзге Оспан Қисықұлы және Нұрқасым Нұрғалиұлы нұсқалары кірді.

Жинаққа еніп отырған «Ер Көкше» жыры халық ара­сында ертеден мәлім. Бұл-«Қырымның қырық батыры» тәрізді желілі, ұзақ жырлардың қатарын құрайтын эпикалық туындылардың бірі. Әдеби қорда В.Радлов нұсқасынан басқа Мұрын жырау, Мәшһүр Жүсіп, Б.Сарманов жинаған жыр үлгілері сақталған. «Бабалар сөзі» сериясының бұл томына «Ер Көкше» эпосының ең көне басылымы ретінде В.Радлов нұсқасы еніп отыр. Сондай-ақ осы томға Көкше батырдың ұлы Ер Қосай туралы жырдың Асайын Хангелдин жинаған вари­анты ұсынылды. Мұның өзі-«Қырымның қырық батыры» цикліне кіретін жеке батырлардың «әулеттік» династиясын толықтыра түсетін көрнекті мысал. Эпостану тарихындағы Орақ-Қарасай, Шынтас-Төрехан, Едіге-Нұрадын, Қобыланды-Бөкенбай т.б. әкелі-балалы батырлар елдік, ер­лік мұраты жалғастығының айқын айғағы.

Кезінде бір нұсқасын алаш ұстазы А.Байтұрсынов Мәскеуде жариялаған «Ер Сайын» жыры да осы жинаққа енді. Ол да қазақ жырауларының репертуарынан тұрақты орын алған, байтақ сахара жұрты сүйіп тыңдаған батырлық эпостардың бі­рінен саналады. Жырдың ел аузынан В.Радлов, А.Байтұрсынов, М.Көпеев, Р.Игнатьев, Қ.Иманов жинаған бірнеше нұсқалары ОҒК және ӘӨИ қолжазба қорларында сақталған. Осы жолы «Бабалар сөзі» сериясының 44-томына енгізіліп отырған «Ер Сайын» жырының мәтіні В.Радлов жинағы бойынша (1870 ж) әзірленді. Томға ұсынылып отырған тағы бір халықтық шығарма-«Қарабек батыр» жыры. Бұл да ноғайлы дәуірінде өткен тарихи кезеңдік оқиғаларды кең қамтитын көлемді эпостардың бірі. Жинаққа кірген эпостың екі нұсқасы да бұрын әлденеше рет жарық көрген, әйтсе де арнайы зерттеу нысанына ілінбеген. Олардың алғашқысы 1882 жылы Қазанда башқұрт елінің азаматы Мәулекей Юмашев (Жұмашев) жариялаған нұсқа болса, екіншісін 1940 жылғы «Арал экспедициясы» кезін­де осы өңірдің тумасы Жаңаберген Бітімбайұлы атты жыраудан фольклоршы Марат Ахметов жазып алғаны мәлім. «Қарабек батырдың» соңғы нұсқасы-көлемді әрі көркем, кестелі тілі­мен жырланған кәделі туынды. 6720 жолды құрайтын жырдың бұл вариантын «безендіруге» белгілі бір дәрежеде жыршының жақын туысы саналатын ірі эпик ақындарымыздың бірі- Нұртуған Кенжеғұлұлы да қатысуы мүмкін. Ең бастысы 44- томға еніп отырған «Қарабек батыр» жырының екі нұсқасы да қолжазба материалдарымен салыстырылып, толықтырылып берілді.

«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, қырық төртінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесе­тін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы де­ректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі-31 б.т.

45-том. Батырлар жыры

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарлама аясында жарияланып жатқан «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеп, жарыққа шығаруды одан әрі жалғастыруда.

Серияның бұған дейін жарияланған томдарында ұлттық фольклорымыздың аса көркем де көлемді саласы болып саналатын хикаялық дастандардың тоғыз томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың алты томы, батырлық жырлардың он екі томы және Қытайдағы қазақ фольклорына арналған он томы жарық көрді.

Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның қырық бесінші томы батырлық эпосқа арналды. Бұл томға «Шора батыр» жырының төрт нұсқасы енді.

«Шора батыр» жыры қазақ халқының аса сүйікті туындыларының бірі бола тұра, кеңестік идеология тарапынан қуғынға ұшырады. Өткен ғасырдың 40-жылдарының екінші жартысы мен 50-жылдардың алғашқы жартысында «Қамбар батырдан» басқа эпос үлгілері «зиянды мұра» деп айыптаған тұстан бастап, «Шора батыр» жариялану, зерттелу мүмкіндігінен айырылды. Оның есесіне, шетел зерттеушілері бұл жырға айырықша қызығушылық танытты. Ағылшын, румын, поляк, түрік ғалымдары «Шора батырдың» әр түрлі ұлттық нұсқаларына талдаулар жасады.

Жырдың ноғай, қырым татарлары, татар, қазақ, қарақалпақ, қырғыз ұлттық нұсқалары бар. Бұл ұлттардың шығармашылығынан «Шора батырдың» қатар орын алуын тарихи-генетикалық типология белгісі деп қараған жөн. Тек қырғыздардағы нұсқа ғана тарихи-мәдени типология жемісі деуге лайық. Өйткені бұл эпос қырғыздарға қазақтар арасынан ауысып барған.

Халық арасында кең тараған жыр нұсқаларының бірі алғаш рет 1884 жылы Қазанда «Қисса-и Нәріктің ұғлы Шора батыр» деген атпен жарық көрді. Ал Ә.Диваев 1922 жылы эпостың екі нұсқасын жариялады. 1932, 1939 жылдары С.Сейфуллин, С.Мұқановтар осы мәтіндерді қайта бастырды. Осы нұсқаларды М.Әуезов, С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, А.С.Орловтар өз зерттеулерінде жалпы қазақ эпосы құрамында қарастырған. Өткен ғасырдың 70-жылдарының соңынан бастап Р.Бердібаев, Ә.Оспанұлы сияқты ғалымдар жырды ақтап алу мақсатында мақалалар жазды.

Жинаққа енгізілген нұсқалардың екеуі, яғни Мұсабай және Ә.Сариев нұсқалары алғаш рет жарияланып отыр. Ал 1884 жылы жарық көрген М.Әлиакбарұлы нұсқасы одан кейін қайта жарияланған емес. Ол да кирилл жазуында бірінші рет оқырманға ұсынылып отыр. Зерттеуші Ә.Оспанұлы 1995 жылы молда Мұса вариантын ақынның төл туындысы ретінде жариялаған болатын. Ол мәтін М.Тоққожаевтың М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорында сақтаулы тұрған қолжазбасымен салыстырыла отырып, қысқартылған және қалып қойған 550-дей жыр жолы қалпына келтірілді.

Бұл жинаққа «Шора батыр» жырының сюжеті мен поэтикалық эволюция деңгейінің өзіндік ерекшеліктері бар төрт нұсқасы-«Қисса-и Нәріктің ұғлы Шора батыр», «Ертедегі Шора батыр», «Қисса Нәрікбай-Шора» және «Ер Шора» енгізілді. Жинаққа топтастырылған нұсқалар жырдың поэтикалық даму кезеңдерінің сатыларын танытарлық ретпен орналастырылды. Томға ұсынылып отырған мәтіндер түпнұсқаларынан еш өзгеріссіз дайындалды. Баспаға дайындау барысында қолжазбада жазылмай қалған әріп, сөз қателерін (айқын көрініп тұрған) тік жақшаға алып беріп отырдық.

«Бабалар сөзі» сериясының негізгі принциптеріне сәйкес, қырық бесінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

Көлемі-29 б.т.

46-том. Батырлар жыры

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемле­кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.

Серияның бұған дейін жарияланған қырық алты томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының он төрт томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безен­дірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.

Оқырман назарына ұсынылып отырған аталған серияның 46-томы батырлар жырына арналды.

Бұл томға «Қарасай-Қази», «Төрехан», «Бөген батыр» тәрізді қазақтың қаһармандық эпостары еніп отыр. Бұған дейін»Қарасай-Қази» жырының 10-нан аса нұсқасы екі томға жинақталып баспа бетін көргені мәлім (41,42-томдар). Кезекті басылымға жырдың алғашқы жинақтарға енбеген таңдаулы үлгілері ретінде маңғыстаулық жыршы Қобылаш Бекмағамбетов пен аралдық ақын Нұртуған Кенжеғұлұлының варианттары ұсынылды. Осы томға «Төрехан» эпосының атақты халық ақыны Нұрпейіс Байғанин жырлаған және фольклоршы Бисен Сариманов ел аузынан жазып алған белгісіз жыраудың нұсқасы да еніп отыр.

Сондай-ақ жинаққа көне қазақ-ноғай тарихи аңыздарының сарынымен шығарылған «Бөген батыр» эпосының екі нұсқасы кірді. Бұл екі нұсқаның жыршысы белгісіз. Өзара аздаған сю­жеттік айырмашылықтарымен қатар, кейіпкерлердің есімдері де біраз өзгеріске түскен. Жырда Алтын орда, ноғай хандығы тұсындағы тарихи тұлғалар мен аталған мемлекеттердің аумағындағы Орал, Атырау, Ақтөбе өңірлерінің ежелгі жер-су аттары (Жирен-көл, Елек т.б.) ұшырасуына қарап, әдеттегідей, бұл эпостың қазақтың батыс өлкесінде қалыптасып, дамыған жыраулық мектеп өкілдері шығарып, таратуы әбден мүмкін деп санаймыз. «Бөген батыр» жырында қазақ эпосындағы ғажайып туу; батырға лайық ат таңдау; қалыңдық үшін күрес; әйелдердің күндестігі т.б. тұрақты мотивтер орын алған. Кітапқа енген «Қарасай-Қази» эпосының Қобылаш нұсқасы, «Төрехан» жырының Б.Сариманов варианты және «Бөген батырдың» бел­гісіз ақын жырлаған екінші нұсқасы бұрын жарияланбаған.

Аталған эпостардың сюжеттік арқауы-XI-XVII ғасыр аралығындағы ноғай-қазақ ұлыстарының басынан өткен та­рихи оқиғалар, бұрынғы Жошы хан ордасы біржола күйреп, ыдыраған кезеңнің дүрбелеңі. Сөйтсе де, қаһармандық эпостың мазмұны нақты тарихи оқиғаларымен үйлесе бермейтіні анық. Себебі, қазақ эпосы қашанда дала жыршыларының бірнеше ұрпақ өкілдерінің қиял елегінен өткен, көптеген жыр мәтіндері көне фольклорлық, мифтік сарындармен толығып, жаңғыра түскен.

Томға ұсынылып отырған жыр мәтіндері ӘӨИ Қолжазба қоры мен ОҒК сирек қорында сақтаулы түпнұсқалары бойын­ша әзірленді.

«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, қырық алтыншы том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кезде­сетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы де­ректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі-32 б.т.

47-том. Батырлар жыры

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемле­кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.

Серияның бұған дейін жарияланған қырық алты томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының он төрт томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безен­дірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.

Оқырман назарына ұсынылып отырған аталған серияның 47-томы батырлар жырына арналды.

Бұл томға негізінен түркімен бектері Бозұғлан, Жүсіп және Ахмет сынды батырлардың ерлікке толы өмірін баяндайтын бес жыр нұсқасы енді. Олар-Ешбай Көзбергенұлы, Базар жырау, белгісіз жыршы, Әзімбай Бижанұлы, Әбдімұрат Қоңырбайұлы нұсқалары.

Жырдың алғашқы нұсқаларының бірін Ешбай Көзбергенұлы деген (қай өңірден екендігі беймәлім) қазақ азаматы көне басылымдардың бірінен тәржімелеп, 1890 жылы Қазан қаласында кітап етіп бастырады. Шығарманың мәтінінде ескі түркі, шағатай, араб-парсы тілдері мол қолданыс тапқан. Сірә, аудармашы Ташкент қаласында немесе Қазанда шағатайша басылған түркімен дастанын оқыған қазақтар түсінерліктей сол кезде қалыптасқан «түркі» стилі­не өңдеуге тырысқан. «Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек» жырының қазақ тіліндегі тұңғыш басылымы қара сөз көбірек араласқан өлең түрінде жазылғаны белгілі. Осы әуелгі нұсқаның сюжетіне қызыққан қазақ билеушілері эпостың мәтінін қарауындағы сауатты қызметшілеріне жолма-жол аудартып, кейін өзімен қадірлес, сөзін тыңдайтын дарынды жыршы-жырауларға өтініш етіп, өлеңмен, домбыра, қобыз сүйемелімен айтқызатын болған. Сондай бір әдемі әрленіп, тіл қадірін білетін талантты сөз зергерінің қолынан шыққан көркем халық жыры-Базар жырлаған «Жүсіп-Ахмет» эпосы.

Сондай-ақ Қостанай фольклорлық экспедициясы кезін­де табылған (1939) «Ахметбек-Жүсіпбек» қиссасы атты нұсқаның сюжеттік желісі де Қазан баспасының мазмұнынан онша алшақ емес. Жалпы ертеректе жарық көрген жыр- дастандардың халықтық варианттарына тән құбылыс- кейінгілердің «кітаптың сөзін көп өзгерте алмауынан» бол­са керек. Мұны ХІХ ғасырдың соңында Қазан қаласында басылған «Қыз Жібек» эпосының тағдырынан да байқау қиын емес. «Қобыланды» жырындағы «Тайбурылдың шабысы» оның көптеген нұсқаларында өзгеріссіз қайталанып отыра­тыны мәлім. Бір жағынан, бұл фольклорлық жанрларда жиі ұшырайтын қалыпты, дәстүрлі сарын-тәсіл десек те болады.

«Бозұғлан» аталатын жырдың тағы бір нұсқасын семей­лік Әзімбай ақын жырлаған. Мұнда да жыршы эпостық кітапта басылған вариантының мазмұнына аздаған мо­тивтік, эпизодтық өзгерістер енгізе отырып, жергілікті қыр қазақтарының тілімен көсілте жырлағаны көрінеді. «Бозұғланның» екінші бір үлгісі Қарақалпақстан қазақтарының арасынан жазылып алынған. Жыршы­сы-Әбдімұрат Қоңырбайұлы. Бір қызығы, мұнда жырдың тақырыбы бірдей болғанмен, шығарма сюжеті алдыңғыларға мүлдем ұқсамайды. Керісінше, Әбдімұрат жырлаған «Бозұғлан» нұсқасы қазақтың атақты «Қобыланды батыр» эпосының оқиғаларымен өте үндес, кей тұста тіпті, эпизодтық қайталаулар ұшырайды. Дегенмен кісі есімдері, жер-су, этно­нимдерде көп айырма бары аңғарылады.

Томға енген жыр нұсқаларының тілі-көркем, сюжеттері- қызық. Олардың мәтінінен қазақтың әр өңірінен шыққан жыршы-ақындардың эпикалық мектебіне тән стильдік қолтаңбалары, айту мәнерлері мен жергілікті тіл ерекшелік­тері айқын сезіледі. Ұсынылып отырған «Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек» эпосының нұсқаларының көпшілігі бұрын- соңды жарияланбауы және зерттеу назарына ілінбеуі де аталған жырдың ғылыми құндылығын арттыра түседі.

«Бабалар сөзі» сериясының кезекті қырық жетінші томы бұл көптомдықтың негізгі ұстанымдарына сәйкес, ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атау­лары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырла­ушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі-26,25 б.т.

48-том. Батырлар жыры

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемле­кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде жариялана­тын «Бабалар сөзі» жүз томдық басылымын дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.

Аталған басылымның мақсаты-қазақ халқын рухани мұ­расын түгелдей жинақтау және қолда бар фольклорлық мате­риалдарды жарыққа шығару.

«Бабалар сөзі» сериясы-ғылыми басылым. Оның негіз­гі принципі-шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп, өзара салыстыра зерттеп, фольклорлық шығарманың сюжеті мен жанрлық белгілері туралы толық көрініс беретін мәтінді оқырманға ұсыну. Керек болған жағдайда бірнеше варианттары жарияланады.

Оқырманға ұсынылып отырған серияның қырық сегізінші томы «Көрұғлы» эпосына арналған. Түркіменнің теке руынан шыққан Көрұғлы туралы жырлар этникалық, тілдік және діни тұрғыда әр түрлі болып келетін қазақ, түрік, әзірбайжан, армян, грузин, өзбек, түркімен, тәжік, күрд, татар, абхаз, құмық, қарақалпақ т.б. ұлттардың фольклорында бірнеше ғасырлар бойы жырланып, халықтың сүйікті шығармасына айналған.

Бізде Көрұғлы мен оның әкесі Раушанбек батырдың ерлік істерін жалғастырған ұрпақтарына арналған эпостың жиыр­мадан астам нұсқалары мен жазбалары бар. Оларды жырлаған, таратқан, хатқа түсірген, жариялағандар: Хасен Мирбабаұлы, Қалижан Өтешұлы, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Жамбыл Жабаев, Рахмет Мәзқожаұлы, маңғыстаулық Абыл мен Нұрым жыраулар, олардан үйренген Мұрын жырау т.б.

Жырдың «Хикаят Көрұғлы сұлтан» мен «Үшбу Ғауазханның қиссасы-дүр» атты салалары алғаш рет 1885 жылы Қазан қаласында араб әрпінде жарияланды. Одан кейін олар еш өзгеріссіз 1890, 1895, 1905, 1906, 1909, 1915 жылда­ры қайта басылып отырды. Кеңес заманында Көрұғлы мен оның ұрпақтарына арналған жырлар 1973 жылы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қызметкерлерінің дайындауымен жарияланды [1989 ж. қайта басылып шықты].

Томға жырдың тоғыз нұсқасы енгізілді, олар: 1. «Раушанбек». 2. «Көрұғлының көрде туғаны». 3. «Ғират жайы, Көрұғлының Райхан арабпен соғысы». 4. «Көрұғлының Шағдатқа барғаны». 5. «Көрұғлы сұлтан өлеңі». 6. «Хика­ят Көрұғлы сұлтан». 7. «Үшбу Ғауазханның қиссасы-дүр». 8. «Қисса Ғауазхан». 9. «Түркімен Қасымхан». «Көрұғлы» эпосының басқа нұсқалары келесі 49-томға енеді деп жоспар­ланып отыр.

Томға енген «Раушанбек», «Көрұғлының көрде туғаны», «Ғират жайы, Көрұғлының Райхан арабпен соғысы», «Көрұғлының Шағдатқа барғаны», «Қисса Ғауазхан», «Түркімен Қасымхан» атты нұсқалар 1973 жылғы жинақта біраз түзетулермен редакцияланып жарияланған. Сондықтан олар түпнұсқаларынан алынды.

Ал «Хикаят Көрұғлы сұлтан» мен «Үшбу Ғауазханның қиссасы-дүр» атты дастандар 1885 жылы араб әрпінде, бір кітап болып түптеліп жарияланған нұсқадан кирилл графикасына көшіріліп [көшірген-А.Ақан], баспаға еш өзгертусіз дайын­далды. Атап айтатын жайт, 1973 жылғы «Көрұғлы» жинағына осы екі шығарманың түпнұсқалық мәтіні емес, олардың қазақ тіліндегі аудармасы берілген. Бұл туралы жинақты құрастырған М.Ғұмарова былай дейді: «Бұл кітаптың сыртын­да «қазақ тілінде» деген жазу болғанымен тілі қазіргі қазақ оқушыларына түсініксіздеу болып келеді, ескі түркі сөздері көп. Сондықтан болу керек, кітапты Қазақстан зерттеу қоғамы 1940 жылы қазақтың көрнекті ақыны Жақан Сыздықовқа (1901-1978) қазіргі қазақ тіліне түсірткен көрінеді. Қазақ ССР Ғылым академиясының М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының сұрауы бойынша Жақан Сыздықов 1968 жылы сол тексті қайта қарап жөндеді».

Сондықтан біз бұл екі мәтінді түпнұсқадағы күйінде жариялауды жөн көрдік.

Мәшһүр-Жүсіп Көпеев жинаған «Көрұғлы сұлтан өлеңі» атты мәтін де араб әрпіндегі түпнұсқадан дайындалды. Аталған соңғы үш мәтін бірінші рет жарияланып отыр.

Томда қамтылған дастандардың түпнұсқалары қадім, төте жазуында, араб әрпінде кітап болып шыққан. Араб жазуын­да дауысты дыбыстардың жасырын тұратыны, бас әріптің болмайтындығы, тыныс белгілерінің қойылмайтындығы мәтіндерді дұрыс тануға едәуір қолбайлау болатыны бел­гілі. Сонымен қатар қазақ және араб тілдері әр түрлі тілдік жүйеге жататындықтан, араб әліпбиі тіліміздегі төл дыбыстар­ды таңбалауға да, оның өзіндік ерекшеліктерін байқатуға да дәрменсіз. Сондай-ақ ХІХ ғасырда араб жазуын пайдаланудың жалпыға ортақ ережелерінің болмауы да өз әсерін тигізбей қалмады.

Бұған қоса, төңкеріске дейінгі кезеңдегі халық әдебиеті үлгілерін жинап, көшірушілер және кітап етіп шығарушылар көбіне татар медреселерінде білім алғаны белгілі. Сондықтан болар, түпнұсқаларда кейбір қазақ сөздерінің өзгертіліп, татар тілінің жазу қағидалары бойынша жазылып кеткенін көруге болады. Сондай-ақ араб, парсы тілдерінен әлдеқашан еніп, төл сөздерімізге айналған біраз сөздер түпнұсқасы бойынша, мы­салы: әуес-һауас, ауа-һауа, ақыл-ғақыл, перзент-фар­зант т.б. болып жазылған. Мұндай жағдайдың бәрінде де, көбінесе, қазақ тілінің қалыптасқан жазу нормаларын сақтауға тырыстық. Сонымен бірге кейбір жағдайларда жыр ұйқасын бұзбау үшін түпнұсқалық формалар сақталды. Мәтіндерде араб, парсы және т.б. тілдерден енген сөздер де жиі кездеседі. Олар қазақ тіліне аударылып, томның соңында арнайы сөздікте топтастырылды. Ал көне түркі сөздеріне келсек, бұл топтағы сөздер қолжазбадағы жазылуы бойынша берілді. Мысалы: билән, бірлән; ерүшті; андан, андан соң; болұр; түрлік-түрлік; инану; тіріклік; деплер, дейлер, дерлер; болғандан соң, ішкен­ден соң; олтырған; дейүрлер, айтұр; үшбу; ерүр т.б. Демек, шығармалардың сөз қолданысы толық сақталды.

Сонымен қатар шығармаларды көшіруші, жинаушы, жариялаушылардың тарапынан кеткен кейбір қателер мағынасына сай түзетілді; сондай-ақ кейбір шумақтарда же­келеген сөздер мен жалғаулықтардың түсіп қалу фактілері кез­деседі. Мұндай жағдайда қажетті сөздер тік жақшаға алынып берілді: [деп], [деді] т.б.

Серияның принциптеріне сәйкес, том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшалар томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелерді және олардың табылған варианттары жөнінде мәліметтерді қамтиды. Сондай-ақ бұған сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерін­де жазылған түйін кіреді.

Томның көлемі-33,5 б.т.

49-том. Батырлар жыры

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемле­кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.

Серияның бұған дейін жарияланған қырық жеті томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының он бес томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безен­дірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.

Оқырман назарына ұсынылып отырған аталған серияның 49-томы батырлар жырына арналды.

Бұл томға, негізінен, түркімен халқының ұлттық батыры, аты аңызға айналған Көрұғлының ерлікке толы өмірін баян­дайтын бірнеше жыр нұсқасы енді. Олар: Әбділда Жүргенбаев, Ерғали Есенжолов, Әміреш Жұмағазин, Ертай Құлсариев, Асайын Хангелдин нұсқалары.

«Көрұғлы» эпосының сюжеті ХVІ-ХVІІ ғасырларда оңтүстік Әзірбайжанда болған халық көтерілісіне байланыс­ты тарихи оқиғаларға негізделген. Сонымен қатар жырда аталған қозғалыстың көсемі ретінде дәріптеліп, халық ба­тыр тұлғасында көрінетін Көрұғлы мен оның жолдастары Әуез, Сапабек, Мұстафа, Жығалы бек т.б. ерліктері кеңінен суреттеледі. Анығында түркімен эпосының аңыздық, миф­тік үлесі басым. Орта ғасырларда Солтүстік Хорасан мен Оңтүстік Әзірбайжан арасын мекен еткен түркіменнің теке руының батыры жайындағы халық эпосының сюжеті көршілес әзірбайжан, армян, иран, грузин, түрік, татар, құмық, тәжік, өзбек, қарақалпақ, қазақ елдерінің фольклорына еніп, көптеген ұлттық версиялардың тууына негіз болғаны байқалады.

«Көрұғлы» эпосы қазақ арасына да ертеден мәлім, халық сүйіп тыңдаған таңдаулы батырлар жырының бірі. Кезінде бұл ғажайып фольклор туындысын маңғыстаулық Абыл жы­рау бастаған бір шоғыр талантты жыршы-ақындар қазақша жаңғыртып, сахара тыңдаушыларының құлақ құрышын қандырған.

Сондай-ақ «Көрұғлының» бірнеше нұсқасын Сыр сүлейлері де түрленте дамыта жырлағанын білеміз. Жиенбай, Оңғар, Баспан, Жәмет, Әбілда, Рахмет сынды таланттардың орындауындағы эпостың мәтінмен нотаға түсірілген жыр мақамы біздің заманымызға жетті. Ал «Көрұғлы» эпосын атақты Майкөт, Жамбыл, Құлмамбет сынды Жетісу жырау-жыршыларының да талай түндер бойы айтқаны туралы деректер бар.

Томға енген жыр нұсқаларының тілі-көркем, сюжет­тері-қызық. Олардың мәтінінен қазақтың әр өңірінен шыққан жыршы-ақындардың эпикалық мектебіне тән стиль­дік қолтаңбалары, айту мәнерлері мен жергілікті тіл ерек­шеліктері айқын сезіледі. Ұсынылып отырған «Көрұғлы» эпосының нұсқаларының көпшілігі бұрын-соңды жарияланба­уы және зерттеу назарына ілінбеуі де аталған жырдың ғылыми құндылығын арттыра түседі.

«Бабалар сөзі» сериясының кезекті қырық тоғызыншы томы бұл көптомдықтың негізгі ұстанымдарына сәйкес, ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі-26 б.т.

50-том. Батырлар жыры

«Бабалар сөзі» сериясының 50-томына «Қырымның қырық баты­ры» эпикалық топтамасының «Аңшыбай батыр және оның ұрпақтары» шежірелік циклына жататын «Аңшыбай», «Парпария», «Құттықия», «Едіге», «Нұрадын», «Мұса хан», «Орақ, Мамай», «Қарасай, Қази» жыр­лары және «Қарадөң батыр және оның ұрапақтары» шежірелік циклының «Қарадөң», «Жұбаныш», «Сүйініш», «Ер Бегіс», «Көгіс, Тегіс», «Тама», «Тана» жырлары енді. Бұл эпикалық туындыларға XIV-XVI ғасырлардың тарихи оқиғалары негіз болған.

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемле­кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастыруда.

Серияның бұған дейін жарияланған қырық тоғыз томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының он жеті томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безен­дірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.

Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 50-томы батырлар жырына, атап айтқанда, «Қырымның қырық батыры» эпикалық циклына арналды.

Мұрын жырау Сеңгірбекұлынан жазылып алынған «Қырымның қырық батыры» атты бас қаһармандары қырық бір батыр болып табылатын отыз бес жырдан құралған эпикалық жырлар циклы-әлем мәдениетінде маңызды орын ала­тын ерекше құбылыс. Бұл пікірдің дұрыстығына Қ.Сәтбаев, Н.Сауранбаев, Е.Ысмайылов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, С.Садырбаев, О.Нұрмағанбетова, М.Ғұмарова, С.Қасқабасов, Қ.Сыдиықұлы, Ш.Ыбыраев, С.Қондыбай және өзге де қазақ ғалымдарының зерттеулерімен қатар сыртқы жұрт өкілдерінің еңбектерін де оқи отырып анық көз жеткіземіз. Мысалы, 1944 жылы Ташкент қаласында өткен Орта Азия фольклоры туралы бүкілодақтық ғылыми конференция қаулысында бұл эпостың дүниежүзілік маңызы бар екені арнайы атап өтілді. Акаде­миктер-В.М.Жирмунский мен Е.М.Мелетинскийдің іргелі ғылыми еңбектерінде де «Қырымның қырық батырының» танымдық, тарихи, рухани және көркемдік айрықша құндылығы жан-жақты ашып көрсетілген.

Ғылыми қауым мен жалпы оқырман осылайша аса ілтипат­пен қарсы алған рухани мұраның жариялану арқылы жалпы көпшілікке таныстырылуы қыруар еңбек пен уақытты талап етері мәлім.

1963 жылы жарық көрген «Батырлар жыры» атты екі томдық жинақтың екінші томында «Манашыұлы Тұяқбай», «Ақжонасұлы Ер Кеңес» жырлары, 1964 жылы басы­лып шыққан «Батырлар жыры» атты кітапта «Қарадөң», «Жұбаныш», «Сүйініш», «Ер Бегіс», «Тегіс, Көгіс», «Тама» жырлары алғаш рет баспа бетін көрді Осы аталған жырлар «Ақсауыт» жинағының ІІ томына (1977) да енді.

«Қырымның қырық батыры» эпикалық топтамасын құрайтын отыз бес жырдың үлгілері «Қазақ халық әдебиеті» көптомдығының «Батырлар жыры» атты сериясының 5-томы (1989) және 6-томында (1990) басылды. Бұл жинақтарды құрастырып, ғылыми түсініктерін жазғандар- О.Нұрмағамбетова мен Қ.Сыдиықұлы. Ол уақыттағы жарияланымдардың барлығы цензураның қатаң сүзгісінен өтіп, үстем идеологиялық ұстанымдарға, коммунистік көзқарасқа сәйкес келгенде ғана көпшілікке ұсынылып отырғаны баршаға аян. Біз сөз етіп отырған жинақтарды баспаға дайын­даушылар да сол талапқа бағынуға мәжбүр болды. Соның сал­дарынан жыр мәтіндерінің көптеген тұстары қысқартылған немесе өңделген. Оның үстіне екі нұсқа күйінде қағазға түсірілген «Аңшыбай батыр», «Қарасай, Қази», «Қарадөң батыр», «Жұбаныш» атты жыр нұсқаларының бір-біреулері ғана кітапқа кіргізілді. Қолдарыңыздағы кітапта эпостың түпнұсқасын өзгеріссіз оқырманға жеткізуге, барлық нұсқаларын беруге күш салдық.

«Қырымның қырық батырын» жыршының өзі «Аңшыбай батыр және оның ұрпақтары», «Қарадөң батыр және оның ұрпақтары» және «Жеке батырлар» деп аталатын үш салаға бөліп жырлағаны белгілі. Бұл томға алдыңғы аталған салаға жататын жырлар түгелдей және екінші салаға жататын эпикалық туындылардың «Шора», «Нәрік» жырларынан өзгелері енгізілді.

«Аңшыбай және оның ұрпақтары» атты шежірелік циклды құрайтын сегіз жырдың бас қаһармандары-Аңшыбай, Пар­пария, Құттықия, Едіге, Нұрадын, Мұса хан, Орақ, Мамай, Қарасай, Қази атты он батыр.

Бұл кейіпкерлердің алғашқысы тек Мұрыннан жазы­лып алынған жырларда және «Қарасай, Қази» жырының Маңғыстаудан табылған, белгісіз жыршыдан жазылып алынған нұсқасында, сонымен қатар ноғайдың «Эдиге» атты жырында ғана кездессе, Парпария деген есімді Мұрын жырау репертуарындағы жырлардан және жоғарыда аталған ноғай жырынан ғана ұшырастырамыз. Едігенің әкесі ретінде сөз бо­латын Құттықия және Едігенің шөбересі-Мұса туралы жеке жырлар тек осы циклда ғана бар. Едігенің ұлы-Нұрадын да жеке жырдың кейіпкері ретінде осы эпикалық топтамада және профессор А.В.Васильев жазып алған тағы бір қазақ жырында ғана көрінеді.

Мұрын айтқан «Едіге», «Орақ, Мамай» жырлары бұл жырдың өзге түркі халықтары мен қазақтар арасындағы нұсқаларынан өзіндік соны сипаттарымен дараланады.

Қазақтар арасында отыздан астам үлгісі сақталған «Қарасай, Қази» атты жыр өзге халықтарда кездеспейді. Бұл туындының Мұрын жырау нұсқасы қайталанбас айшықтарға толы.

«Қарадөң батыр және оның ұрпақтары» шежірелік циклына жататын «Қарадөң», «Жұбаныш», «Сүйініш», «Ер Бегіс» атты жырлардың бас қаһармандары өмірде болғандығынан, оқырман қауым осы жырлармен танысу барысында ғана хабардар болса, «Тама» жырында Жетіруға жататын рулардың бірінің атасы дәріптелетіні осы циклдың ең соңғы екі жырының бас кейіпкер­лері Нәрік пен оның ұлы Шора екендігінен айқын аңғарылады. Ал Таманың әкесі Көгіс екенін осы эпикалық топтамадағы «Көгіс, Тегіс» жырымен қатар, «Қарасай, Қази» жырының Мұрыннан өзге жыршылар айтқан бірнеше нұсқасын және «Шора батыр» жырының татарлар арасынан жазып алынған үлгілерін оқи отырып, білеміз.

«Қырымның қырық батыры» эпопеясы осындай тосын мағлұматтарымен де, көркемдік деңгейінің жоғарылығымен де ерекшеленеді.

«Бабалар сөзі» сериясының кезекті елуінші томы бұл көптомдықтың негізгі ұстанымдарына сәйкес, ғылыми қосымшалармен толықтырылды.

Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кезде­сетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы де­ректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі-29 б.т.

51-том. Батырлар жыры

«Бабалар сөзі» сериясының 51-томына Мұрын жырау Сеңгірбаевтың айтуынан жазылған «Қырымның қырық батыры» эпостық цикліне кіретін «Нәрік», «Шора», «Қыдырбайұлы Қобыланды», «Асанқайғы, Тоған, Абат», «Қарғабойлы, Қазтуған», «Көкше батыр» т. б. жыр мәтіндері енді. Жырдың сюжеті ноғайлы кезеңінің тарихи оқиғаларын баяндайтын қазақ аңыздарына құрылған.

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемле­кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.

Серияның бұған дейін жарияланған елу томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып са­налатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының он сегіз томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безен­дірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.

Оқырман назарына ұсынылып отырған аталған серияның 51-томы батырлар жырына арналды.

Бұл томға енген, негізінен, қазақ эпосының ең көлемді әрі көркем үлгілерінің бірі-«Қырымның қырық батыры». Әлемдегі таңдаулы халық туындыларының қатарына жататын жырдың мәтіні XX ғасыр басында қағазға түсіріле бастаған. 1940 жылы Қазақстан ҰҒА-ның сол кездегі басшысы академик Қ.И.Сәтбаевтің ұсынысымен Маңғыстаудағы Форт-Шевчен­ко қаласында тұратын шежіре қарт Мұрын жырау Сеңгірбекұлына арнайы жолығып, репертуарын анықтау үшін әдебиетші Асайын Хангелдин іссапарға жіберіледі. Ал 1942 жылы екін­ші дүниежүзілік соғыстың сұрапыл жылдарына қарамастан, ұлттық әдебиетіміздің жанашыры Н.Сауранбаев, Е.Ысмайылов сынды ғалымдардың азаматтығы арқасында Мұрын жырауды Алматыға алдырып, одан «Қырымның қырық батыры» циклі­не кіретін 36 жырды жазып алды. Эпос мәтінін қағазға түсіруге белгілі әдебиет тарихшысы Е.Ысмайылов, М.Хакімжанова, О.Нұрмағамбетовалар қатысқаны мәлім.

Өкінішке орай, «Қырымның қырық батыры» эпосын өзінің бастапқы қалпында түгелдей хатқа түсірудің сәті түскен жоқ. Өйткені бұл кезде атақты эпопеяны білетін жыр­шы-жыраулардың бәрі де өмірден өткен болатын. Соның өзінде Мұрын жыраудан жазып алынған эпос үзінділері қазақ халқының ғана емес, барша адамзат өркениетінің аса құнды ру­хани қазынасы атануға әбден лайық. Көпшілікке мәлім, кеңес кезеңінде «Қырымның қырық батыры» да өзге қазақ эпоста­ры секілді аз зерттелді, жариялауға тыйым салынды. Тек XX ғасырдың 80-жылдары қазақ ауыз әдебиетінің көптомдық ба­сылымына еніп, көпшілік назарына алғаш ілікті.

«Қырымның қырық батыры» эпосының сюжеті XIV ғасырдың соңы, XV ғасырдың басында өмір сүрген тарихи тұлға, Ноғай ордасының негізін салушы ірі қолбасшы әрі мемлекет қайраткері Едіге мен оның ұрпақтарының ерлікке толы өмір шежіресін дәріптеуге арналған. Мұнда сондай-ақ Алтын-Орда би­леушісі Тоқтамыс хан мен Мәуәранаһр әміршісі Ақсақ Темірдің эпикалық бейнесі айшықталып сомдалған. Эпостың кей бөлімдері Едіге мен туыстық қатынасы аз Ер Тарғын, Айсаұлы Ахмет, Қобыланды, Төрехан, Әділ Сұлтан сияқты тарихи кейіпкерлердің әртүрлі жорық жолдарын баяндайды. Жалпы көне эпостық мо­тивтер мен тарихи оқиғалар қабаттаса өрілетін бағалы фольклор туындысының тақырыбы елдің, Отанның тыныштығын қорғау, ерлікті құрметтеу болып табылады.

«Бабалар сөзі» сериясының кезекті елу бірінші томы бұл көптомдықтың негізгі ұстанымдарына сәйкес, ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға, томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есім­дерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі-28 б.т.

52-том. Көне эпос

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бабалар сөзі»-жүз томдық басылымын дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.

Аталған басылымның басты мақсаты-халықтың рухани мұрасын сол күйінде өзіне қайтару, яғни қолда бар фольклорлық материалдарды түгел жарыққа шығару.

«Бабалар сөзі» сериясы-ғылыми басылым. Оның негіз­гі принципі-шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп, өзара салыстыра зерттеп, фольклорлық шығарманың сюжеті мен жанрлық белгілері туралы толық көрініс беретін мәтінді оқырманға ұсыну. Қажетті жағдайда фольклорлық жәдігердің бірнеше варианттары жарияланады.

Серияның оқырманға ұсынылып отырған кезекті елу екін­ші томы архаикалық қаһармандық жырларға арналады. Атап айтқанда томға мына жырлар енгізілді: «Хикаят риса­ла Мұңлық, Зарлық», «Қисса Құламерген», «Қисса Дотан Құбақанбайұғлы», «Құбығұл».

Бұлардың алғашқы үшеуі Қазан төңкерісіне дейін баспа бетін көрген, мысалы, «Хикаят рисала Мұңлық, Зарлық» дас­таны Қазан төңкерісіне дейін алғаш 1896 жылы араб әрпінде жарияланып, 1917 жылға дейін он рет кітап болып басылған.

«Қисса Дотан Құбақанбайұғлы» жыры да 1903 жыл­дан 1917 жылға дейін бірнеше рет баспа бетін көрген. Екі туындыны ел арасынан жазып алып, жариялаған Жүсіпбек Шайхысламұлы.

«Қисса Құламерген» жыры 1909 және 1912 жылдары араб әрпінде басылып шыққан. Жариялаған-Әбдірахман Бекта­сов.

Ал «Құбығұл» дастаны белгілі ақын әрі жыршы Нұрпейіс Байғаниннің айтуынан 1941 жылы хатқа түсірілген.

Томды дайындау барысында Қазан төңкерісіне дейін кітап болып шыққан мәтіндерді дұрыс тану үшін мұқият талдаулар мен сараптау жұмыстары жүргізілді.

Кітапты құрастырушылар ғылыми басылымның бас­ты шарттарын басшылыққа ала отырып, шығармалардың түпнұсқа мәтіндерін сақтау мәселесін бірінші орынға қойды. Мәселен, дастанда кездесетін һәр (әр), ерді (еді), һеш (еш), бірлән, илән, (бенен, мен), әйла, емді (енді), көрдікем, бұ-дүр, болұр, ерішті (ерді) т.б. осы тектес ескі түркі сөз қолданыстары, түпнұсқа бойынша берілді. Ал Қазан қаласындағы көне татар баспаханаларының техникалық кемшіліктері мен сауатсыздық салдарынан кеткен кейбір қателер мағынасына сай түзетілді.

Сонымен қатар шығармаларда көшіруші, жинаушы, жариялаушылардың тарапынан кеткен кейбір қателер мағынасына сай түзетілді; сондай-ақ кейбір шумақтарда жекелеген сөздер мен жалғаулықтардың түсіп қалу фактілері кездеседі. Мұндай жағдайда қажетті сөздер тік жақшаға алынып берілді: [деп], [деді] т.б.

Томның соңына берілген қосымшаларда фольклорлық туындылардың ғылыми түсініктемеері және әр түрлі нұсқалары жөнінде мәлімет ұсынылды. Сондай-ақ мұнда сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен жырлаушылары туралы деректер, орыс, ағылшын тіліндегі түйіндері жазылып, пайдаланылған әдебиеттердің тізімі ен­гізілді.

53-том. Ғашықтық жырлар

«Бабалар сөзі» сериясының 53-томына «Қыз Жібек» эпосының Мұсабай жырау, Жүсіпбек қожа, Шеге мен Қаршыға ақындар жырлады делінетін ең негізгі әрі таңдаулы нұсқалары енгізілді.

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемле­кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.

Оқырман назарына ұсынылып отырған аталған серияның кезекті 53-томы ғашықтық жырларға арналды.

Байырғы бағалы эпостық мұраларымыздың бірі-«Қыз Жібек» екендігі көпке белгілі. Жырдың 15-тен аса халықтық нұсқалары ауыздан-ауызға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып, бүгінгі күнге жетті.

Қазақ халқының эпостық қазынасы өте бай. Әртүрлі ғылыми кітапханалар мен қолжазба қорларында жүздеген батырлық және ғашықтық жырлардың саналуан көркем де көлемді үлгілері сақталған. Десек те осынау көне жәдігерлеріміздің арасында көрікті көшімен, кестелі сөзімен, көркем ой, керемет суретімен көз тартатын, қазақ фольклорының ең биік төрінен орын алатын, ерекше құнды жыр мұрамыз қайсы дегенде кім-кімде болса ойланбастан «Қыз Жібекті» атайтыны шүбәсіз. Бүгін туғанына 500 жыл толып отырған айтулы эпостың халықаралық көлемде ЮНЕСКО шеңберінде аталуға лайық са­налуы да сондықтан болар.

«Қыз Жібек» жырының сюжеті қазақ арасында ертегі, аңыз, көлемді жыр үлгісінде де сан ғасырдан бері айтылып келгені шындық. Алайда жырдың мәтіні тек XIX ғасырдың екінші жар­тысында ғана хатқа түсе бастады. Дәлірегі, осыдан 120 жылдай бұрын, яғни 1887 жылы Қазалы бекінісінде әскери қызметте жүрген орыс офицері Е.А.Александров жергілікті өңірдегі ай­тулы жырау Мұсабайдан «Қыз Жібекті» қағазға түсіріп ала­ды да, ұзамай оны әріптесі, милиция прапорщигі М.Ағаманов арқылы орыс тіліне аудартады. «Қыз Жібек» жырының бұл аса бағалы нұсқасын 1959 жылы Мәскеудің Орталық тарих музейін­дегі белгілі түркітанушы Н.И.Гродековтің жеке қорынан іздеп тапқан талантты мәтінтанушы-ғалым, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері Мәлике Ғұмарова. Аталған нұсқаны сол жылдары Мұсабай жы­раудан орыс офицері әрі фольклоршы И.В.Аничков та жазып алған. Бұл жайында ол өзінің «Поездка на киргизские помин­ки» (1897 ж.) атты мақаласында әсерлі баяндайды.

Мұнан соңғы жырдың тағы бір нұсқасы 1894 жылы Қазан қаласында белгісіз ноғай азаматының әзірлеуімен жарыққа шықты. Бастырушы жырдың соңында: «... мұны мен өзім ноғай болсам да, достым Ахметкерімге арнап, қазақша жаздым» дей­ді1. Осы белгісіз нұсқа 1895, 1896, 1899 жылдар арасында тағы да бірнеше рет басылым көргенін білеміз. Бұдан кейін 1900 жылы эпостың тағы бір көркем нұсқасы белгілі баспагер әрі ақын жетісулық Жүсіпбек қожа Шайхысламұлының атынан Қазандағы «Университет» баспаханасынан жарыққа шыққаны мәлім. Мұнан соңғы уақытта «Қыз Жібек» жырының Жүсіпбек нұсқасы Қазан төңкерісіне дейін және Кеңес кезеңін қоса санағанда 10 мәртеден аса қайта басылған болатын.

Эпостың 1894 жылғы белгісіз нұсқасы мен 1900 жылы Жүсіпбек жариялаған нұсқаларын салыстыра қарағанда, олардың сюжеттік құрылымы мен жалпы мәтінінде айтарлықтай өзгерістер жоқтығын аңғарамыз. Эпостың алғашқы басылымындағы қарасөзбен баяндалатын тұстарын Жүсіпбек жырға айналдырып, көп жерін өзінше өңдеген.

Басында менен жайылды,

Қисса болып Қыз Жібек...-

деген сөзінде ақын өзінің авторлық хұқын дәлелдеумен бо­лады. Әйтсе де 1926 жылы Жетісу жерінде қазақ әдебиетінің болашақ классигі М.Әуезовпен кездескен Жүсіпбек бұл жырды Ақшәмшіде бір жыраудан ертеректе үйренгенін, содан жазып алып, баспаға бергендігін айтқан2.

Ұлы эпостың үздік үлгілері қазақ даласына кеңінен таралғаны мәлім. «Қыз Жібектің» жаңа нұсқалары Мұсабайдан басқа, Сыр бойының Әбілқайыр Дәнекеров (1954), Рахмет Мәзқожаев (1959), Қуаныш Баймағамбетов сынды дарынды жыршы-ақындарының айтуынан жазылып алынды. Аталған жыр нұсқалары 1963 жылы эпостың тұңғыш ғылыми басылы­мын дайындау барысында зерттеліп, «Қыз Жібектің» канондық мәтінін қалыптастыру үшін, қажетіне қарай пайдаға асқаны да мәлім.

«Қыз Жібекті» жырлауға Қостанай, Торғай, Ақтөбе өңірлерінің жыршылары да белсене араласты. Мысалы, Қостанай облысынан жазып алынған Хакім Досмағамбетұлы (1930), Әлиәкбар Досжанов (1947) нұсқалары, ақтөбелік бел­гілі жыршы Шапай Қалмағамбетовтің өзі өткізген екі бірдей үлгісі осыған дәлел. Сондай-ақ оралдық Қайырғали Иманов (1940), халық ақыны Халима Өтеғалиева (1950), Молдасейіт Төлепқалиев (1956), Қасым Мырзағалиев, шығыс қазақстандық Ержан Ахметов (1959) орындаған жыр нұсқалары да эпоста­нушылар тарапынан жақсы бағаланды. Бұдан өзге де бірлі-жа­рым жыр үлгілері Оңтүстік Қазақстан (1953), Қарағанды об­лыстарынан (1955) жазып алынған. Әлбетте, «Қыз Жібектің» аталған варианты басқа нұсқалар секілді эпостың 1963 жылғы ғылыми басылымында зерттеліп, салыстырылған болатын. Жырдың қытайдағы қазақтар жырлаған нұсқасы 2006 жылы «Бабалар сөзі» жүз томдығының 25-томына енді. Бір айта кетерлігі, жоғарыда аталған жыр нұсқаларының көпшілігі бұрынғы жарияланған Жүсіпбек (Қазан, 1900) вариантына сю­жеттік мазмұны жағынан қатты ұқсайды. Тек эпостың кіріспе­сі мен соңғы бөлігін жыршылардың әрқайсысы өзінше аяқтауға тырысқаны болмаса, негізгі мәтін мен мазмұнда айтарлықтай өзгеріс жоқ.

Бұлардың арасында ақтөбелік Шапай Қалмағамбетов жырлаған «Қыз Жібектің» жөні басқа. Атақты Мергенбай жыраудың дарынды шәкірті 1955 жылы ӘӨИ Қолжазба қорына эпостың екі бірдей нұсқасын тапсырған. Бір қызығы, мұның біреуі көлемі-4020 жолдан тұратын Сырлыбай ханның ақыны Қаршыға нұсқасы болса, екіншісі эпостың бас кейіпкері- Төлегеннің жыршысы Шегеден тараған жыр үлгісі делінген. Бір кісінің айтуынан жазылғанмен, екі варианттың да өзіндік сюжеттік ерекшеліктері бар. Жер-су, кейіпкер атауларында да көптеген айырмашылықтар ұшырайды. Әлбетте, Ноғайлы кезеңіндегі бірқатар қазақ эпостарының төркіні Сыпыра жыра­удан бастау алғанын ескерсек, «Қыз Жібектің» түпкі нұсқалары осы жырда есімдері аталатын Қаршыға мен Шеге ақындардан таралуы да шындықтан алшақ кетпес деп ойлаймыз. Бұл, әрине, аңыздың айтуы. Әйтпесе, осы екі жыр нұсқасының ал аузындағы сұлбасын алдымен Мергенбай жырау, кейін оның шәкірті Шапай өңдеп, жаңғырта жырлауы әбден мүмкін. Томға енген соңғы екі жыр нұсқасы алғаш рет жарияланып отыр.

«Бабалар сөзі» сериясының кезекті елу үшінші томы жүз томдықтың негізгі ұстанымдарына сәйкес, ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Мұнда томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі-28,5 б.т.

54-том. Ғашықтық жырлар

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемле­кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.

Серияның бұған дейін жарияланған елу үш томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып са­налатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың тоғыз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының жиырма томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безен­дірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.

Оқырман назарына ұсынылып отырған 54-том ғашықтық жырларға арналды. «Бабалар сөзі» сериясының кезекті бұл томына негізінен қазақ халқының сан ғасырлардан айтылып, құлақтан-құлаққа, ауыздан-ауызға, бірден-бірге жетіп, бүгінгі ұрпағымен есен қауышқан ең көне мәдени жәдігерлерінің бірі «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» эпосының таңдаулы жеті нұсқасы еніп отыр.

«Қозы Көрпеш-Баян сұлудың» қазақ арасына кең тараған 30-дай нұсқасы және орыс тіліне өткен ғасырларда аударылған бірнеше вариант-версиялары бар. Олардың көпшілігінің түпнұсқалары мен қолжазба материалдары, негізінен, Ресейдің Санкт-Петербург, Мәскеу, Томск, Омск т.б. қалаларының мұрағат қорлары мен кітапханаларында сақталған.

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» эпосы тек қазақ халқының ғана емес, барша түркі халықтарына да ортақ Рухани мұра. Мәселен, аталған жыр сюжетінің алтайлықтарда-6, башқұрттарда- 28, татарларда,-22 нұсқа мәтіні сақталғандығы да осының жарқын дәлелі.

Эпостың қазақ арасынан жазылып алынған ең көне нұсқаларының бірі 1830 жылы Мәскеуде шығатын «Отечествен­ные записки» журналында орыс тілінде басылған. Бұдан соң «Қозы Көрпештің ...» кейбір нұсқалары В.В.Радловтың (1870), И.Н.Березиннің (1896), Н.И.Ильминскийдің (1878,1890, 1894, 1896, 1905) жинақтарында басылып, қалың оқырманға кеңінен таныс болды.

Эпосты жинау жариялау, зерттеу жұмыстарына Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потанин, Н.Ф.Костылецкий, Н.Я.Коншин, С.Шорманов, А.Құнанбаев, М.Ж.Көпеев, Д.Сұлтанғазин, Ғ.Дербісәлин сынды көптеген зиялы азаматтар атсалысты. Бұл орайда, әсіресе сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлы мен оның балалары- Қоқыш, Мақажан, Болат, Шоқандардың атқарған еңбегі ұшан теңіз.

Санкт-Петербургтегі Шығыстану институтының Березин мұрағатында сақталған «Қозы Көрпештің ...» Жанақ, Шөже нұсқаларының бірнеше көшірмелері де мұнда Шоқанның орыс достары арқылы жеткізілгені мәлім.

Кеңес тұсында ұлы эпосты зерттеу, жариялау жұмыстары одан әрі жалғасты. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» театр сахнасын­да қойылды. Жаңадан табылған варианттары зерттеліп, халық әдебиеті, фольклор жинақтарына енгізілді. С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Ғабдуллин, Қ.Жұмалиев, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Ы.Дүйсенбаев, Н.С.Смирнова, С.Садырбаев, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, З.Сейтжанов, Т.Сыдықов, Б.Әзібаева, М.Ғұмарова сияқты көптеген қазақ ғалымдары мен қаламгерлердің үлкен еңбек сіңіргенін атап көрсеткен аб­зал.

«Бабалар сөзі» сериясының 100 томдық басылымына атақты эпостың ең жақсы, үздік деген нұсқалары іріктеліп, оларды екі томға топтастыру (54, 55-томдар) жоспарланды. Ұсынылып отырған осы томға «Қозы Көрпеш-Баян сұлудың» Шоқан, Радлов, Бейсенбай, М.Ж.Көпеев, Потанин, Шөже, Н.И.Ильминский варианттары енді.

«Бабалар сөзі» сериясының кезекті елу төртінші томы бұл көптомдықтың негізгі ұстанымдарына сәйкес, ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға, томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есім­дерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі-28,5 б.т.

55-том. Ғашықтық жырлар

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемле­кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.

Серияның бұған дейін жарияланған елу төрт томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып са­налатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың он томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының жиырма томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безен­дірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.

Оқырман назарына ұсынылып отырған 55-том ғашықтық жырларға арналды.

«Бабалар сөзі» сериясының кезекті бұл томына негізінен қазақ халқының сан ғасырлардан айтылып, құлақтан-құлаққа, ауыздан-ауызға, бірден-бірге жетіп, бүгінгі ұрпағымен есен қауышқан ең көне мәдени жәдігерлерінің бірі «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» эпосының таңдаулы бес нұсқасы еніп отыр.

«Қозы Көрпеш-Баян сұлудың» қазақ арасына кең тараған 30-дай нұсқасы және орыс тіліне өткен ғасырларда аударылған бірнеше вариант-версиялары бар. Олардың көпшілігінің түпнұсқалары мен қолжазба материалдары негізінен Ресейдің Санкт-Петербург, Мәскеу, Томск, Омск т.б. қалаларының мұрағат қорлары мен кітапханаларында сақталған.

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» эпосы тек қазақ халқының ғана емес, барша түркі халықтарына да ортақ Рухани мұра. Мәселен, аталған жыр сюжетінің алтайлықтарда-6, башқұрттарда-28, татарларда-22 нұсқа мәтіні сақталғандығы да осының жарқын дәлелі.

Эпостың қазақ арасынан жазылып алынған ең көне нұсқаларының бірі 1830 жылы Мәскеуде шығатын «Отечест­венные записки» журналында орыс тілінде басылған. Бұдан соң «Қозы Көрпештің ...» кейбір нұсқалары В.В.Радловтың (1870), И.Н.Березиннің (1896), Н.И.Ильминскийдің (1878,1890, 1894, 1896, 1905) жинақтарында басылып, қалың оқырманға кеңінен таныс болды.

Эпосты жинау жариялау, зерттеу жұмыстарына Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потанин, Н.Ф.Костылецкий, Н.Я.Коншин, С.Шорманов, А.Құнанбаев, М.Ж.Көпеев, Д.Сұлтанғазин, Ғ.Дербісәлин сынды көптеген зиялы азаматтар атсалысты. Бұл орайда әсіресе, Сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлы мен оның балала­ры-Қоқыш, Мақажан, Болат, Шоқандардың атқарған еңбегі ұшан теңіз. Санкт-Петербургтегі Шығыстану институтының Березин мұрағатында сақталған «Қозы Көрпештің ...» Жанақ, Шөже нұсқаларының бірнеше көшірмелері де мұнда Шоқанның орыс достары арқылы жеткізілгені мәлім.

Кеңес өкіметі тұсында ұлы эпосты зерттеу, жариялау жұмыстары одан әрі жалғасты. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» театр сахнасында қойылды. Жаңадан табылған варианттары зерттеліп, халық әдебиеті, фольклор жинақтарына енгізілді. Бұл бағытта С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Ғабдуллин, Қ.Жұмалиев, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Ы.Дүйсенбаев, Н.С.Смирнова, С.Садырбаев, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, З.Сейтжанов, Т.Сыдықов, Б.Әзібаева, М.Ғұмарова сияқты көптеген қазақ ғалымдары үлкен еңбек сіңірді.

«Бабалар сөзі» сериясының 100 томдық басылымына атақты эпостың халық арасына кең тараған таңдаулы нұсқалары ірік­теліп, оларды екі томға топтастыру (54,55-томдар) жоспар­ланды. Ұсынылып отырған осы томға «Қозы Көрпеш-Баян сұлудың» Айтбай Дәндібайұлы, Қоңқабай Мейірманұлы, Мол­ла Рахым, Б.Мақанов, М.Нукин нұсқалары енді.

«Бабалар сөзі» сериясының кезекті елу бесінші томы көптомдықтың негізгі ұстанымдарына сәйкес ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға, томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есім­дерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

55-том. Ғашықтық жырлар

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде жарияла­натын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.

Аталған басылымның басты мақсаты-халықтың рухани мұрасын сол күйінде өзіне қайтару, яғни қолда бар фольклорлық материалдарды түгел жарыққа шығару.

«Бабалар сөзі» сериясы-ғылыми басылым. Оның негізгі принципі-шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп, өзара салыстыра зерттеп, фольклорлық шығарманың сюжеті мен жанрлық белгілері туралы толық көрініс беретін мәтінді таңдап оқырманға ұсыну. Керек болған жағдайда бірнеше варианттары жарияланады.

Әрбір том қосымшалармен толығып отырады. Қосымшаларда, ең алдымен, томға енген нұсқалардың түсініктемелері және олардың варианттары жөнінде толық мәлімет беріледі. Сондай-ақ бұған сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер кіреді. Ең соңында дастанның жинаушылары мен оның жыр­шылары туралы деректер және ағылшын, орыс тіліндегі резю­ме жазылып, пайдаланған әдебиеттердің тізімі көрсетіледі.

«Бабалар сөзі» сериясының келесі циклін құрайтын тарихи жырлар-батырлар жыры мен тарихи өлеңнің аралығындағы жанр. Тарихи жырлар негізіне өмірде нақты болған әлеуметтік, саяси оқиғалар алынады. Көп томдық «Бабалар сөзі» сериясының 56-томына қазақ халқы тарихының маңызды кезеңдерін көркем баяндаған тарихи жырлар еніп отыр.

Томға енген «Батыр Жәнібектің өлеңі» деп аталатын тарихи жыр ХV ғасырда Керей ханнан кейін Қазақ хандығын басқарған Жәнібек ханның жас кезіндегі ерлік істерін жырлауға арналған шығарма. Осыған дейін еш жерде жарияланбаған бұл тарихи жыр алғаш рет баспа бетін көріп отыр.

«Еңсегей бойлы ер Есім», «Есім хан», «Олжаш батыр», «Сәтбек батыр» жырлары ХVІ ғасыр оқиғаларын сипаттайды. «Еңсегей бойлы ер Есім» жыры осы топтамадағы туындылардың ішінде зерттеушілер назарын өзіне мол аударуымен ерекшеленеді. Бұл жырдың құндылығын өз кезінде М.Әуезов, Ә.Марғұлан және басқа да ғалымдар ерекше атап өткен бола­тын. Бірақ еліміз тәуелсіздік алғанға дейін «ханды дәріптеді» деген желеумен қалың көпшіліктің назарынан тыс қалып келді. Тарихи тұлғаға арналған «Есім хан» жыры Қытай Халық Республикасында тұратын қазақтар арасында көп жылдар сақталып келіп, ақырында сонда шығатын «Мұра» журналын­да (1988. № 10.) жарияланған. Ал «Орақты батыр» атты тарихи жырдағы оқиғаның болған уақытын жыршының өзі ХІV ғасыр деп көрсеткен. Сонымен қатар бұл шығарма кейіпкерлерінің қатарында ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Ескелді, Балпық билер секілді тарихи тұлғалар да кездеседі.

Тарихи жырлар халқымыздың ауызша тараған тарихна­масы ретінде ұзақ уақыт бойы еліміздің рухани азығы болып келгені айқын. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап кейбір үлгілері қағаз бетіне түсіріліп, баспа бетін көре бастаған бұл құнды мұралардың жариялануына, кеңес заманында зерттелуіне тыйым салынуына байланысты томға енген тарихи жырлар оқырман игілігіне айналудың мүмкіндігіне енді ғана ие болып отыр.

Есім хан тұсында өмір сүрген, ел намысын жоқтаған Олжаш батыр ерліктерін дәріптеуге арналған «Олжаш батыр» жыры да бұрын еш жерде жарық көрмеген.

«Сәтбек батыр» жырының Қазан төңкерісіне дейін жұртшылыққа кеңінен таныс болғаны белгілі. Бұл жырдың Ақылбек Сабалұлы жырлаған нұсқасы 1911 жылы Қазан қаласында жеке кітап болып шыққан. Томға жырдың алғаш жарияланған осы нұсқасымен қатар, Қазақстан Республикасы Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорында сақталып келген «Мырза Сәтбек батыр» атты нұсқасы да еніп отыр.

«Орақты батыр» жырының халық ақыны Қалқа Жапсарбаевтың өз аузынан жазып алынған нұсқасы ұзақ уақыт бойы Қазақстан Республикасы Орталық ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорларында сақталып келгенмен, жырдың толық мәтіні еліміз егемендік алғанға дейін баспа бетін көрмей келді. Осы томда сол олқылықтың орны толтырылды.

Томды дайындау барысында араб әрпінде жазылған қолжазбалар мен Қазан төңкерісіне дейін кітап болып шыққан мәтіндерге мұқият талдаулар мен сараптау жұмыстары жүргізілді.

57-том. Тарихи жырлар

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып жатқан «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жа­риялау жұмыстарын одан әрі жалғастырып жатыр.

Аталмыш серияның 57-томына ХVІІІ ғасырда өмір сүрген қоғам және мемлекет қайраткерлері Төле би, Абылай хан туралы тарихи жырлар енгізілді.

ХVІІІ ғасырдың алғашқы жартысы қазақ халқының өміріндегі қиыншылыққа толы алапат бір кезең болды. Жоңғар қоңтайшысы шұрайлы Жетісу мен Сарыарқаға көз тігіп, қазақ жерін тұтасымен басып алуға тырысты. Тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталып кеткен бұл зобалаңды уақыт батырлар мен билердің арқасында үш жүздің басын қосуға әсер етті. Томға енгізілген Қазанғап Байболұлы жырлаған «Төле бидің тарихы» жырында сол тұстағы елдің ауыр тіршілігі боямасыз шынайы суреттеледі. Жырда Төленің қысқаша шежіресінен бастап, рулар арасындағы дауларды шешуге араласуы, маңайына игі жақсыларды топтастыруы, қазақ халқының басын қосуда жетекші рөл атқарғаны, жоңғар шапқыншылығына қарсы астыртын әрекеттер ұйымдастыруы көркем бейнеленген. Жырдың басты ерекшелігі-жоңғар басқыншылығын, оған қарсы халық күресін тұтас күйінде қарап, ХVІІІ ғасырдағы өте ауыр кезеңде халық мүддесі үшін еңбек сіңірген Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің Тәуке, Әбілхайыр, Абылай хандардың тарихи бейнелеріне баға беруі. Сонымен қатар жырдан ел басына күн туғанда егеулі найзасын қолға алған Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Олжабай, Өтеген, Қойгелді, Жәнібек батырлардың ерлік істерін көруге болады.

ХVІІІ ғасырда тарих сахнасына көтерілген Абылай туралы Көкбай жырлаған «Абылай хан әңгімесі», Салық Жаяу Мусин 1940 жылы жазып алған «Қалдан Серен Абылайды тұтқынға алғаны», Олжабай Нұралыұлы жырлаған «Сабалақ-Абылай хан», Мәшһүр Жүсіп Көпеев жазып алған «Сабалақ», «Абылай мен Олжабай» жырларының негізгі сюжетінде қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі, Әбілмансұрдың Жа­ныс Төле биге жолығуы, Бөгенбай мен жалшы Сабалақтың кездесуі, Әбілмансұр-Сабалақ пен жоңғар батыры Шарыштың жекпе-жегі, Абылайдың Қалдан Серенге тұтқынға түсуі баян­далады.

Сонымен бірге томға Ш.Уәлиханов Жетісу өңіріне жасаған экспедициясы кезінде жазып алған «Абылай туралы жыр» да енгізілді. Мұнда Абылай хан мен Сәдір арасындағы шиелініс пен Абылайдың қырғыз жеріне жасаған жорығы айтылады.

«Абылай мен Олжабай» жырында Қаракесек руының адам­дары Ботақан мен Жанайдың намысы үшін ер Олжабайдың Бекболат бимен бірге Абылай ордасына қол бастап келуі, ханға қарата өктем сөз сөйлеуі батырдың кесек тұлғасын айшықтай түседі.

Том соңында берілген ғылыми қосымшаларда жинаққа ен­ген тарихи жырлардың мәтіндеріне жазылған түсініктемелер, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар туралы түсініктер, жер-су атауларына сипаттамалар, жырларды жинаушылар мен жырлаушылар туралы мәліметтер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, том туралы орыс және ағылшын тілдеріндегі қысқаша мазмұндама қамтылған.

Томды дайындау барысында ХХ ғасырдың алғашқы жар­тысында ел аузынан жиналып, араб, латын жазуымен жазып алынған қолжазбаларға текстологиялық жұмыстар жүргізіліп, жырлардың мәтіні мұқият тексерілді. Баспа бетін көрген жырлар түпнұсқамен салыстырылып, негізгі нұсқа бойынша қателер түзетілді.

Томға енген мәтіндер М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының және Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақталған түпнұсқалар негізінде дайындалды.

58-том. Тарихи жырлар

«Бабалар сөзі» сериясының 58-томына «Бөгенбай батыр», «Бөгенбай батырдың бірінші жорығы» атты жырлар, «Қабанбай батыр» жырының халық ақындары Қ.Әділбеков, Е.Ахметов, Қ.Омарұлы, Т.Мағзиев т.б. жыршылардың репертуарына енген он бір нұсқасы ұсынылды.

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатқан «Бабалар сөзі» сериясы бойынша 100 томдық фольклор басылымын дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.

Серияның 58-томына халық арасында кеңінен танымал болған Қанжығалы қарт Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай туралы тарихи жырлар еніп отыр.

Ел тарихында «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деп аталған қазақ халқының ХVІІІ ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысы туралы көптеген тарихи жырлар туғаны белгілі. Ел жадында сақталып жеткен бұл жырларда сол замандағы тарихи шындық жарқын көрініс тап­ты. Осы томға енген Бөгенбай батыр туралы жырларда атақты қолбасшы Қанжығалы Бөгенбай батырдың ерлік істері, халық арасындағы ру тартыстары, ортақ жауға қарсы күрестегі ел бірлігі көркем суреттеледі.

Халқымыздың жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерекше орны бар даңқты тұлға Бөгембай Ақшаұлы XVIII ғасырда қазақ батырларының жолы үлкен ақсақалы болғандықтан ел аузындағы жыр-аңыздарда оны айрықша құрмет тұтып «Қанжығалы қарт Бөгембай» деп атаған. Бұқар жырау айтқандай, «халықтың қамал-қорғаны» атанған Бөгембай батыр Абылай хан бастаған ұлт бірлігі үшін күрестің ұйтқысы ретінде танылды, 1710 жылы Қарақұмда өткен үш жүз қазақтарының құрылтайында бүкілқазақтық жасақ құрып, жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру жоспары мақұлданғанда үш жүз әскерлерінің бас сардары болып Бөгенбай батыр сайланды. 1726 жылы Бөгембай бастаған қазақ әскері Бұланты өзені бойында қалмақтарға күйрете соққы берді, атақты Аңырақай шайқасында Қанжығалы қарт Бөгембай басшылық еткен Орта жүз қолы еліміздің тұтастығын сақтап қалуда ерекше ерлік көрсетті.

58-томға енген халық ақыны Молдажан Жадайұлы жырлауындағы «Бөгембай батырдың бірінші жорығы» атты тарихи жырда Бөгембай батырдың елін, жерін қорғау жолындағы ерлік істері әспеттеледі. Атақты батыр туралы алғашқы жыр нұсқасын көрнекті тілтанушы ғалым Сәрсен Аманжолов ел аузы­нан жинап, 1936 жылы Алматыда жеке кітап етіп құрастырып латын әрпінде шығарған «Бөгембай батыр» жыры көлемді де көркем туынды. Бұл ұзақ тарихи жырда Бөгембай батырдың қандай да бір шайқастары туралы айтылмайды, онда шәу тартқан қарт Бөгембай тұлғасы көбірек байқалып, батагөйлік бейнесі суреттеледі.

«Бөгембай батыр» жырының басты сюжеттік арқауы-білгір болжамы бар, алысты жақыннан көретін ел ағасы кейпіндегі Бөгембай батыр бейнесі арқылы ел тұтастығы мен бірлігін сақтау, бейбіт жұртқа іріткі салған алабөтен араздық пен содырлыққа тиым салып, ағайынды татуластыру. Жыр ұзақ болғанымен қиян-кескі ұрыс, қантөгіс шайқастар жоқтың қасы. Қалмақтар шабуылы да жанамалай ғана айтылады. Жыр­да бірлік пен бітім, ел татулығы әңгімеленеді. Жер, су аттары, кісі есімдері тарихи шындыққа сәйкестігімен ерекшеленеді.

Қазақтың төрт түліктің ішінде ерекше құрметтеп, әрі дәулет, әрі сән санаған малы жылқы екендігін «Қубас ат» жыры айқын дәлелдеп, ер қаруы бес қару саналған заманда ат батырдың қанаты болғандығына айқын көз жеткізеді.

Қабанбай батыр жаумен жекпе-жекке шыққанда астындағы аттары шыдамай, талай рет майып болып кете жаздап өзіне қолайлы ат іздеп жүріп, осындай жылқыны Боранбай би ау­ылынан тапқандығын, сол Қубас атты тапқан соң ғана атқа жарып, талай жорықтарда ұзақ жылдар бойы сенімді серігі болғандығын жыр оқиғасы айғақтайды.

Томға енген тарихи жырлар топтамасында ХVІІІ ғасырдағы жоңғар басқыншылығына қарсы күресте ерекше ерлік үлгісін көрсетіп, қазақ әскерін басқарған атақты қолбасшы Қабанбай батыр туралы шығармалар ерекше орын алады.

Қабанбай (шын аты Ерасыл) Қожағұлұлы найман ішінде Қаракерей атасынан шыққандықтан Қаракерей Қабанбай ба­тыр атанған. Кішкентайынан батыл, ержүрек, қайтпас батыр болып өскендіктен замандастары оны Қабанбай деп атаған. Он үш жасынан қайсарлығымен көзге түсіп, сыртқы жаулардан ел кегін қайтарған. Сол уақыттан бері үнемі ат үстінде болып, бүкіл өмірін туған халқының тәуелсіздігі үшін күреске арнаған. Қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы жүргізген жүз жылдық соғысында өзінің қанаттас серігі-Қубас атымен ұрыс даласында талай рет жеңіске жеткен. Қабанбай батыр қазақ әскерлеріне қолбасшылық жасап, еліміздің оңтүстік және шығасы өңірлерін жоңғар басқыншыларынан азат етеді. Осы шебер әскери басшылығы мен көзсіз ерлігі үшін ол «Хан батыры» атанады.

Еліміздің түкпір-түкпірінде Қабанбай батыр жорықтарынан сыр шертетін көптеген тарихи жырлар мен аңыздар сақталған. Шын мәнінде, Сарыарқа, Алатау, Ұлытау, Оңтүстік Қазақстан өңірлерінде, Қытайдың қазақтар қоныстанған шығыс аймағында Қабанбайдың атақты Қубас атының тұяғы тимеген жер жоқ шығар. Сол себепті Қабанбай батырдың ерлік істері ұрпақтан ұрпаққа жетіп, халқымыз даңқты қолбасшы есіміне байланысты жәдігерлерді көздің қарашығындай сақтап келеді. Бұған ол туралы тарихи жырлар айқын дәлел бола алады.

Қабанбай батыр ерліктеріне арналған жырлардың ХХ ғасырда ел аузынан жазылып алынған бірнеше нұсқасы бар. Та­рихи жырлардың бұл томына батыр туралы жыршы Түсіпхан Мағзиев жырлауындағы «Қабанбай батыр қиссасы», халық ақыны Қыдырмолда Әділбеков жырлап берген «Қабанбай ба­тыр туралы жыр», 1934 жылы Семей фольклорлық экспедициясының мүшесі Сәкен Байырбеков жазып алған «Ер Қабанбай», Қайырбек Омарұлы жырлаған «Қаракерей Қабанбай батырдың әңгімесі», халық ақыны Ержан Ахметов жырлап берген «Ер Қабанбай», Мәули Сағымбаев жырлаған «Қаракерей Қабанбай батыр», жазушы Зейнолла Сәнік жариялаған «Қисса ер Қабанбай», Бағыбай Мергенбаев орындаған «Қабанбай туралы жыр», Шаяхмет Кәрібаев ел аузынан жазып алған «Қабанбай батырдың қиссасы» атты нұсқалар еніп отыр. Жыр мәтіндерінің көлемі әр түрлі: бір нұсқада мол, бір нұсқада-аз. Жыр кейіпкері-Қабанбайды таныстыру эпизодының жол ұқсастықтарында сәйкес келетін тұстары болғанмен шумақ ұйқастығы сирек кездеседі. Жырдағы оқиғалар үш ірі қақтығыс төңірегінде шоғырланған: 1. Қабанбайдың бірде қырғыз, бірде қалмақ батырымен; 2. Қабанбай мен туысы Дәулетбайдың араздығы; 3. Қабанбайдың қайта шапқан жаумен арадағы қақтығыстары. Барлық нұсқаларда осы композициялық тұтастық сақталған.

Қабанбай батыр туралы тарихи жырлардың негізгі сюжеттік арқауы-жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес, қырғыздардың қазақ даласына оқтын-оқтын жасаған шабуылда­рына тойтарыс, ел басына қауіп төнген қиын сәтте қазақтың белгілі батырларының Қабанбай туы астына жиылуы, ел бірлігін ойлаған ғұлама абыз Бұқар жыраудың көрегендігі. Басқа тарихи жырларда елдің игі жақсыларының бұлайша бірігуі сирек. Мұның өзі Қабанбай батыр туралы жырлардың сыртқы жауға шайқаста бүкіл халықтық күрестің жаппай сипат алғандығын анық байқатады.

Бұл томның бір ерекшелігі-жинаққа Қабанбай батырдың қанаттас серіктері Қубас аты мен Ақбас атаны туралы «Қубас ат» және «Ақбас атан» тарихи жырлары еніп, алғаш рет жария­ланып отыр.

Том соңында берілген ғылыми қосымшалар жинаққа ен­ген тарихи жырлар мәтіндеріне жазылған түсініктемелерді қамтиды. Сондай-ақ қосымшаларда араб, парсы тілдерінен ен­ген, қазір қолданыста жоқ сөздерге байланысты сөздік, жер-су атауларына сипаттамалар, мәтіндерде ұшырасатын тарихи тұлғалар туралы түсініктер, тарихи жырлардың жинаушы­лары мен жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, том туралы орыс және ағылшын тілдеріндегі қысқаша мазмұндамалар берілді.

Томды дайындау барысында ХХ ғасырдың бірінші жар­тысында ел аузынан жиналған, жазып алынған араб, латын әріптеріндегі қолжазбаларға текстологиялық жұмыстар жүргізіліп, жырлардың мәтіндері мұқият тексерілді. Түпнұсқа мәтіндердегі қате жазылған сөздер қазақ тілінің жалпыға ортақ жазу нормаларына және шығарма мазмұнына сәйкес түзетілді. Мәтіндердегі көне түркілік формалар еш өзгеріссіз беріліп, түпнұсқаның сөз қолданысы сақталды.

Томға енген мәтіндер М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақталған түпнұсқа қолжазбалар мен жеке ғалымдар архивінен алынған материал­дар негізінде дайындалды.

Томның көлемі-27 б.т.

59-том. Тарихи жырлар

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастыруда.

Серияның бұған дейін жарияланған елу сегіз томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың он бір томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының жи­ырма томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымы ел өміріндегі ерек­ше елеулі оқиға ретінде бағаланып отыр. Алдағы уақытта да, қазақ фольклорының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.

Оқырман назарына ұсынылып отырған 59-том тарихи жырларға арналды.

Бұған дейін аталған серия бойынша тарихи жырлардың 6 томы жарық көрсе, олардың алғашқы үшеуі-Қытай қазақтары арасында кең тараған тарихи сюжеттерге негізделген фольклорлық туындылар болатын. Онда Алтай мен Алатау, Ертіс пен Іле арасында ерте заманнан бері еркін жайлаған көшпелі қазақтардың жатжерлік басқыншыларға қарсы ХVІ-ХХ ғасыр көлемінде бостандық үшін жүргізген ерлік шежіресі көркем тілмен кестеленген. Ал кейінгі үш том қазақ мемлекетінің билеушілері Жәнібек, Есім, Абылай, Әбілқайыр т.б. хандар мен Төле би, Олжаш, Орақты, Бөгенбай, Қабанбай, Сәтбек сынды би-батырлардың жоңғар және орыс басқыншыларына қарсы азаттық күресінен сыр шертеді.

Ал ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы жоңғар шабуы­лына қарсы күрескен жасақтарды қазақ хандары Әбілқайыр, Нұралы, Абылайлар мен ру басы-батырлары Қабанбай, Барақ, Есет, Бөгенбай, Жәнібек, Жантай, Баян, Тайлақ, Саңырық т.б. басқарған.

Қазақ халқының азаттығы үшін күресте олар зор еңбек сіңірді және «Ақтабан шұбырынды» оқиғасынан кейінгі шабу­ылдарда да қазақ жасақтарына басшылық етті. Олар басқарған топ 1729 жылы жоңғарларға үлкен тойтарыс берген. Қазақ жасақтарының өз елін жаудан азат ету үшін күреске арналған халықтың тарихи шығармалары ру басыларының атымен ата­луы олардың жасақтарды басқарғандығынан болса керек. Біз ол эпостарды қалың көпшіліктің жауға тойтарыс берудегі еңбегі деп бағалаймыз. Қабанбай, Бөгенбай, Абылай атына байланысты туған жырлардан еркіндік үшін күресте ерлік көрсеткен Баян, Жасыбай (Баянауылдағы Жасыбай көлі соның аты­мен аталған), Бердіқожа, Қосдәулет, Есет, Шағала, Ақшабдар сынды көптеген батырлардың аттарын кездестіреміз. Жырда олардың ерлігі ешкімнен кем емес. Бұл батырлар-жаудың басқыншылық әрекетіне қарсы, халықтың елдігін сақтап қалу үшін ауыр шайқастарда ерекше көзге түскен халық ұлдары. Олардың аттары қалмақтармен шайқастарда соғыс болған «Қалмақ қырылған», «Аңырақай соғысы», «Шүршіт қырылған», «Жасыбай асуы» деген жер-су атауына байланы­сты аталады. Мұндай жырлар кезінде елді жаудан азат ету­де айрықша ерлік етіп көзге түскен халық жасақтарының батырлығы мен батылдығын көрсететін, жеке батырлардың ерлігіне арналған шығармалар.

Тарихи жырлар тудыруда, халықтың өткен кезеңдерде бастан кешкен тарихын кейінгі ұрпақтарға жеткізуде ақындар мен жырау-импровизаторлардың сіңірген еңбегі зор. Көптеген жыраулардың өздері де әр кезде ұлт өмірінде, ел тұрмысында болған тарихи жорықтарға қатысып, өз көзімен көрген оқиғаны жырлаған. Бірақ мұндай жыр-дастандар бірнеше ұрпақтың ау­зында айтылып, уақыт тезінен өткен соң, бергі дәуірде (ХІХ-ХХ ғғ.) ғана хатқа түсе бастағанын білеміз.

«Бабалар сөзі» сериясының кезекті бұл томына сол дәуірдің-қазақ елінің басына ауыр күн туған аласапыран жылдардың ұзақ уақыт халық аузында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен маңызды оқиғалары мен тарихи-аңыздық сюжеттеріне құрылған эпостық шығармалар еніп отыр. Бұлардың қатарында «Ер Жасыбай», «Жидебай батыр», «Олжабай батыр», «Райымбек батыр», «Өтеген батыр», «Мырқы батыр», «Жәнібек батыр» тарихи жырлары мен олардың бірнеше нұсқалары бар.

Аталған тарихи жырлардың басым көпшілігі бұрын-соңды жарияланбаған. Бұл жырлар қолжазбаларының құжаттық көрсеткіштері 1981 жылы «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасына» (3-том) енгізілгені болмаса, арнайы зерттел­ген жоқ. Тек еліміз тәуелсіздік алғаннан соңғы жылдарда ғана жекелеген тарихи-филологиялық зерттеулерде аттары аталып, тиіп-қашты сөз болғаны мәлім.

Батырлар көбінесе Абылай ханның әйгілі «Шаңды жорық» сапарына-Еділ қалмақтарының Жоңғарияға қайта көшу кезеңіндегі түрлі шайқастарға қатысып, жеке ерліктерімен көзге түседі. Кейде бір батырдың көрсеткен ерлігін екіншісі қайталайтын тұстары да ұшырайды. Мысалы, Жидебай мен Жәнібек батырлардың қалмақтың бас батырын жеңіп, Абылайдың оң тізесінен орын беруін сұрайтын эпизод туралы осыны айтуға болады. Жәнібектің алғаш ханның тапсырма­сымен сыннан өту үшін түнде бейіт басына жалғыз барғанда оны екі батырдың аруақ кейпінде қорқытуы өзге бір жырдың сюжетінде сәл өзгеріспен қайталанады. Соған қарамастан, әр жырдың қазақ тарихы мен фольклорындағы маңызы өте зор, өйткені тарихи жыр-сөз өнері болуымен бірге қазақ мәдениеті мен өткен тарихымыздан мол мәлімет бере алатын бірден-бір қымбат мұра. Онда ұлтымыздың тәуелсіздік үшін күрескен санғасырлық тағдырының шерлі шежіресі асқақ жырмен әспеттелген. Батыр ұландардың қанымен суарылған осынау асыл жәдігерлердің бүгінгі ұрпақты отансүйгіштікке, ерлік пен бірлікке тәрбиелеудегі орны да ерекше жоғары.

Том соңында берілген ғылыми қосымшаларда жинаққа ен­ген тарихи жырлардың мәтіндеріне жазылған түсініктемелер, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар туралы түсініктер, жер-су атауларына сипаттамалар, жырларды жинаушылар мен жырлаушылар туралы мәліметтер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, том туралы орыс және ағылшын тілдеріндегі қысқаша мазмұндама қамтылған.

Томға енген мәтіндер М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының және ҚР білім және ғылым министрлігі Орталық ғылыми кітапханасының қолжазбалар қорында сақталған түпнұсқалар негізінде дайындалды.

Томның көлемі-25 б.т.

Соңғы жаңалықтар