Бабалар сөзі - даналар көзі (V бөлім)

60-том. Тарихи жырлар
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін жарияланған елу тоғыз томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың он бір томы, тарихи жырлардың жеті томы, батырлар жырының жиырма томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған 60-том тарихи жырларға арналды.
Бұл томға ХVІІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар қақтығыстары кезінде ерен ерлігімен көзге түскен және кейбіреулері Ресей басқыншыларына қарсы бітіспес майданға бел буған қазақтың маңдайалды батырлары жайындағы тарихи жырлар енгізілді. Олар: «Барақ батыр», «Бердіқожа батыр», «Базар батыр», «Жантай батыр», «Сырым батыр», «Ер Әжібай» жырлары. Аталған тарихи жырлар күні бүгінге дейін жарияланбай келді. Қазақ елінің тәуелсіздікке қол созған, бұғауда бұлқынған, азаттықты армандап, ер намысын қайраған биік азаматтық сезім мен ерлікті ту еткен осы бір халықтық туындылар «Бабалар сөзі» сериясы көлемінде тұңғыш рет толықтай жарыққа шықпақ. Іздестіру жұмыстары барысында «Барақ батыр» жырының төрт нұсқасы, «Сырым батырдың» үш нұсқасы табылып, олардың барлығы қазіргі әріпке көшірілді, вариант-версиялары салыстырылып, мәтіндік сараптаулар жүргізілді. Соның нәтижесінде «Сырым батыр» жырының екі нұсқасы іріктеліп, баспаға әзірленді. Ал «Барақ батыр» жырының алғашқы екі нұсқасы табын Барақ батыр туралы ел аңыздарына құрылса, үшіншісі найман Көкжарлы көкжал Барақ батыр жайындағы тарихи сюжеттерге арналғаны толықтай дәлелденді. Бұлардың үшеуі де мәтіндік сараптаулардан соң осы томға ұсынылып отыр.
Томға енген тарихи жыр мәтіндерінде сол дәуірдегі саяси-қоғамдық сана мен тілдік ерекшеліктерді айқын аңғаруға болады. Мәселен, дәстүрлі эпикалық баяндаулармен қатар жаңа әлеуметтік өзгерістер, тарихи және шынайы деректердің көбірек кездесуі, орыс, жоңғар тіліндегі кейбір лексемалардың ұшырауы осыған дәлел. Демек, ұлтымыздың асыл мұралары халқымызбен қайта қауышып жатса, мұратымыздың орындалғаны.
Том соңында берілген ғылыми қосымшаларда жинаққа енген тарихи жырлардың мәтіндеріне жазылған түсініктемелер, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар туралы түсініктер, жер-су атауларына сипаттамалар, жырларды жинаушылар мен жырлаушылар туралы мәліметтер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, том туралы орыс және ағылшын тілдеріндегі қысқаша мазмұндама қамтылған.
Томға енген мәтіндер М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының және Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақталған түпнұсқалар негізінде дайындалды.
Томның көлемі-28 б.т.
61-том. Тарихи жырлар
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланып отырған «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастыруда.
Серияның бұған дейін жарияланған алпыс томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың он бір томы, тарихи жырлардың сегіз томы, батырлар жырының жиырма томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұлардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған 61-том тарихи жырларға арналды.
Томға XVII-XVIII ғасырлардағы жоңғар басқыншылығына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына байланысты туған халық аңыздарын сюжеттік арқау еткен бірқатар тарихи жырлар еніп отыр.
Олар: «Жапал батыр мен Таңшебер қыз», «Шақшақұлы ер Жәнібек», «Ер Әжібай», «Арқалық батыр» жырлары. Бұл шығармалар ел қорғау тақырыбына арналғанымен, сюжеттік, мекендік, мезгілдік тұрғыдан алғанда әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мол, кейіпкерлері де әрқилы. Мәселен, «Жапал батыр мен Таңшебер қыз» эпосының сюжеті басты кейіпкерлердің бірі-атақты Есім хан заманындағы XVII ғасыр оқиғаларын баяндаса, «Шақшақұлы ер Жәнібек», «Ер Әжібай» шығармалары XVIII ғасырдың орта шеніндегі тарихи оқиғаларды сөз еткен. Ал «Арқалық батыр» жырының сюжеттік фабуласы Алтай қазақтарының аймақ бастығы Әжі төре Көгедайұлы мен ұранқай-дүрбіт халықтарының билеушісі Ежен ханның жергілікті елге көрсеткен зорлық-зомбылықтарына қарсы шыққан Арқалық батырмен арадағы қақтығыстарға құрылған. «Жапал батыр мен Таңшебер қыз» жырының ел аузындағы нұсқаларын жинап, алғаш поэмаға айналдырған халық ақыны Шәкір Әбенов. Аталмыш шығарманы одан әрі дамыта, жаңғырта жырлаушы-тәшкенттік қарт ақын Әбділла Тұтқышұлы. Соңғы нұсқада тарихи жырдың эпикалық қуаты барынша күшейіп, шығарманың фольклорлық сипаты айқындала түскен. Тарихи эпоста батырлық, ерлік мотивтерімен қатар, махаббат, ғашықтық, достық, даналық сарындарына да мол орын берілген.
Жәнібек батыр есіміне байланысты үш жыр нұсқасы сақталған. Олардың әрқайсысы бір-біріне мүлде ұқсамайтын жеке тұлғалардың өмірі мен алмағайып заманда елі мен жерін қорғауда жасаған ерен ерлігінен сыр шертеді.
Солардың бірі-«Ер Жәнібек» жыры Қытайдағы отандастарымыз арасында кең тараған. Бұл тарихи жырдың кейіпкері-Алтай тауын мекендейтін абақ-керей руынан шыққан белгілі батыр, би Жәнібек болса, екінші бір эпоста XVI ғасыр басында Қазақ мемлекетін билеуші-Жәнібек хан бейнесі сомдалған. Жыр «Бабалар сөзі» сериясының 27-томының (9-120 б.б.), ал соңғысы 56-томының (9-88 б.б.) құрамында жарық көрді.
Осы томға ұсынылып отырған «Шақшақұлы ер Жәнібек» жырының көлемі-72 бет. Жыршысы-халық ақыны Иманжан Жылқайдаров (1882-1974). Мұнда XVIII ғасырдағы қазақ-жоңғар соғысында ту ұстап, қол бастаған, елдің бірлігі, жердің бүтіндігі үшін жан аямай күрескен ардагер, қоғам қайраткері, халық көсемі «Тархан» атағын иеленген Шақшақұлы Жәнібек батырдың Отан қорғау жолындағы жанкешті жорықтары әсерлі жырланған. Шығармаларды баспаға әзірлеу барысында аталған нұсқалардың барлығына фольклорлық және мәтіндік талдау жасалып, бұрын жарияланған мәтіндердің олқылықтары, артық-кем тұстары қайта қалпына келтірілді.
Том соңында берілген ғылыми қосымшаларда жинаққа енген тарихи жырлардың мәтіндеріне жазылған түсініктемелер, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар туралы түсініктер, жер-су атауларына сипаттамалар, шығармаларды жинаушылар мен жырлаушылар туралы мәліметтер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, басылым туралы орыс және ағылшын тілдеріндегі қысқаша түйін қамтылған.
Томға енген мәтіндер М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының және Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған түпнұсқа негізінде дайындалды.
Томның көлемі-28 б.т.
62-том. Тарихи жырлар
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланып отырған «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастыруда.
Серияның бұған дейін жарияланған алпыс бір томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың он бір томы, тарихи жырлардың тоғыз томы, батырлар жырының жиырма томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұлардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған 62-том тарихи жырларға арналды.
Жанқожа Нұрмұхаммедұлы қазақ халқы үшін аса қадірлі де қастерлі есімдердің бірі. Әрі батыр, әрі би болған Жанқожа батырдың ерлік істері жайында әрісі орыс, берісі қазақ тарихшыларының ғылыми еңбектерінде соңғы бір ғасырдан аса мезгілде аз айтылып, жазылып жүрген жоқ. Сонау XVIII ғасырдың соңғы жылдарында өткен қазақ, қарақалпақ қақтығыстары тұсында, бар-жоғы он жеті жасында Хиуаның белгілі батырын жекпе-жекте өлтірген Жанқожа содан кейінгі 70 жыл ғұмырында Қоқан, Хиуа, Ресей басқыншыларымен сан рет сұрапыл шайқастар өткізді. Жанқожа батыр сол ұрыстардың барлығына да қолбасшы әрі басты ұйымдастырушы ретінде қатысып, теңдессіз ерлік, көзсіз батырлық көрсеткен болатын. Жанына ерген жауынгерлеріне сонысымен үлгі болды, қаймана халқына қайрат, «елім» деген ерге ерік-жігер берді.
Белгілі қоғам қайраткері М.Тынышбаевтың: «Жанқожа Үш жүздің ең атақты батыр-билерінің бірінен саналады. Ол қазақ тәуелсіздігі үшін күрескер ретінде орысты да, хиуалықтарды да, қоқандықтарды да, тіпті хандардың өзін де мойындаған жоқ» деген мінездемесі де жоғарыдағы пікірімізді айғақтай түседі.
Жанқожаның шыққан тегі айтулы батырлар мен белгілі билердің әулеті. Арғы атасы Киікбай да, түп нағашысы Тама Есет тархан да, өз әкесі Нұрмұхаммед те-сонау жоңғар шапқыншылығынан бастап қазақ халқы басынан өткен небір сұрапыл шайқастарға қатысып, жұртымызға ерлігімен де, билігімен де еңбегі сіңген ерен тұлғалар.
Жанқожа батырдың аталары мен өзі және үзеңгілес, жорықтас кісілер жайындағы деректі құжаттар, айғақтар мен хаттар, басқа да мәліметтер Ресей мұрағаттарында көп ұшырасады.
Жанқожа батыр 1841 жылдың шамасында Кенесары ханмен тізе қосып, атақты Созақ қамалын Қоқан бектерінің боданынан азат етуге тікелей атсалысты. 1842, 1843, 1845 жылдары Хиуа әскеріне үш дүркін тойтарыс беріп, қамалдарын қиратты, Әйімбет, Бабажан бастаған көптеген белгілі бек, батырларын өлтіріп, елдің мыңдаған малы мен қолды болған жесірлерін, мүліктерін қайтарып берді.
Жанқожа батыр жайында 10-нан аса тарихи жыр-дастандар шығарылып, ел арасына кең тараған. Солардың арасында Мұсабай, Нұрмағамбет, Лұқпан, Жөкей, Қарман, Нұрсұлтан, Ізжан, Орнықбай сынды ақын-жыраулардың туындыларын ерекше атаймыз. Мәселен, Мұсабай жырау нұсқасын Қазалы бекінісінде қызмет атқарған орыс офицері И.В.Аничков оның өз аузынан жазып алып, жариялады. 1894 жылы осы зерттеушінің «Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлы» атты тарихи очеркі жарық көргені мәлім. Жанқожа жайындағы тарихи жырды Н.Г.Веселовскийден бері қарай С.Сейфуллин, Т.Шонанұлы, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Е.Тұрсынов, С.Қасқабасов, Б.Шалабаев, Н.Төреқұлов, С.Садырбаев, Ж.Тілепов, Б.Жүсіпов т.б. ғалым-әдебиетшілер зерттеді.
«Бабалар сөзі» сериясының бұл кезекті томына Жанқожа батырдың алғашқы ерлігінен ақырғы демі біткенге дейінгі тұтас ғұмырын бейнелейтін алты жыр нұсқасы еніп отыр. Жыр мәтіндерінен кейін батырдың туған немересі Қобылан Күрегеновтің Жанқожаның бел баласы Жолшы батырдан 1929 жылы жазып алынған «Жанқожа батырдың тарихы» атты қолжазба ықшамдалып ұсынылды. Аса бағалы қолжазба 1945 жылы Қазалы қаласында қағазға түсіріліп, кейіннен Қазақстан ҰҒА ОҒК сирек қорына өткізілген. Бұл ретте материал қара сөзбен берілсе де, кейінгі тарих, фольклор зерттеушілері үшін құндылығы ескерілді.
Том соңында берілген ғылыми қосымшаларда жинаққа енген тарихи жырлардың мәтіндеріне жазылған түсініктемелер, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар туралы түсініктер, жер-су атауларына сипаттамалар, шығармаларды жинаушылар мен жырлаушылар туралы мәліметтер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, басылым туралы орыс және ағылшын тілдеріндегі қысқаша түйін қамтылған.
Томға енген мәтіндер М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының және Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған түпнұсқа негізінде дайындалды.
Томның көлемі-23,5 б.т.
63-том. Тарихи жырлар
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланып отырған «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастыруда.
Серияның бұған дейін жарияланған алпыс екі томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың он бір томы, тарихи жырлардың он томы, батырлар жырының жиырма томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұлардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған 63-том тарихи жырларға арналды. Бұл томға қазақ арасына ертеден таныс «Ағыбай батыр» жырының сюжеті мен поэтикалық эволюция деңгейі әртүрлі алты нұсқасы кірді Олар: «Ағыбай батыр» (халық жыры), С.Қармысовтың орындауындағы «Ағыбай батыр» (бұрын жарияланбаған), қарағандылық Т.Айнатасов жинаған «Ағыбай батыр», Қ.Қаңтарбаев жинаған «Ер Ағыбай» (бұрын жарияланбаған), жыршысы белгісіз «Ағыбай батыр» жырының екі варианты (бұрын жарияланбаған), Х.Жаманұлы жырлаған «Ағыбай батырдың үш өкініші», С.Керімбеков жырлаған «Байсейіт батыр», Т.Байбағышовтың орындауынан жазылып алынған «Байсейіт батырдың тарихы», «Мырзаш батыр» жырының үш варианты-«Мырзаш батыр қиссасы (А.Ержанов нұсқасы), «Мырзаш батыр жыры» (Н.Қыдырмоллаұлы нұсқасы) және «Мырзаш батыр» (С.Нұралин нұсқасы), «Айдос батыр» (Ж.Айдарбеков нұсқасы) атты тарихи жырлар енді. Аталған жырлардың көпшілігі бұрын-соңды жарық көрмеген және зерттелмеген.
Тарихи шығармалардың негізгі сюжеті ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ халқының сырт жауларға қарсы азаттық күресінің оқиғаларына құрылған.
Том соңында берілген ғылыми қосымшаларда жинаққа енген тарихи жырлардың мәтіндеріне жазылған түсініктемелер, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар туралы түсініктер, жер-су атауларына сипаттамалар, шығармаларды жинаушылар мен жырлаушылар туралы мәліметтер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, басылым туралы орыс және ағылшын тілдеріндегі қысқаша түйін қамтылған.
Томға енген мәтіндер М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының және Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған түпнұсқа негізінде дайындалды.
Томның көлемі-28,5 б.т.
64-том. Жұмбақтар
«Бабалар сөзі» сериясының 64-томына бұрыннан таныс жұмбақтармен қатар, ел аузынан жазылып алынған, қолжазбалар мен басылымдардан терілген жұмбақ өлеңдер, жұмбақ айтыстар, қара сөз жұмбақтар енді.
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастыруда.
Серияның бұған дейін баспаға ұсынылған алпыс үш томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың он бір томы, тарихи жырлардың он бір томы, батырлар жырының жиырма томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім.
Оқырман назарына ұсынылып отырған 64-том жұмбақтарға арналды.
Жұмбақтар-ежелден келе жатқан әрі қазіргі қоғамда тәрбиелік мәнін жоғалтпаған, халық мұрасының арналы бір саласы.
Қазақ жұмбағын жинауда біршама шаруа атқарылған, әртүрлі қолжазба қорларындағы ертелі-кеш хатқа түскен ауқымды жұмбақтардың біразы қалың көпшілікке жол тартып үлгерсе, кейбіреулері қауымның игілігіне айналмай келеді. Оқырманға ұсынылып отырған томда түрлі қорлардан, ел аузынан алынып, алғаш рет айналымға қосылып отырған үлгілер аз емес. Басылымды әзірлеу барысында жұмбақтардың көп варианттық нұсқаларын да қамтуға тырыстық. Топтамада мәтіндерді неғұрлым толығырақ қамту мақсаты қойылғандықтан, екі шешімі бар жұмбақтарды әдейі енгіздік.
Күні бүгінге дейін жұмбақ топтамаларын құрастырушылар мәтіндерді мазмұнына карай тақырыптарға бөліп беруді, не мәтіннің басқы жолындағы бірінші сөзін бағдарда ұстап, әліпбилік тәсілмен жүйелеу тәсілін қолданып келеді. Бұл кітапта мәтіндер алдыңғы тәсіл, яғни тақырып бойынша топтастырылды.
Жұмбақ топтамасын даярлау барысында халықтық жұмбақтардың авторлы дүниелермен біте қайнасып, кейде араласып жататыны қосымша қиындық туғызды. Өйткені бұрынғы жұмбақ топтамасына кірген не ел аузынан хатқа түскен кейбір мәтіндерді қазіргі ақындардың жинақтарынан кездестіруге болады. Бұның себебін екі жақты қарау керек. Біріншісі, халық аузында айтылып келе жатқан жұмбақтарды ақындардың иемденуі; екіншісі, авторлы жұмбақтардың ел арасында жатталып, айтылып жүруі. Айтушы жұмбақты жадына ұстағанымен оның авторына мән беріп жатпайды. Әдеби жұмбақтардың ұжым иелігіне көшуі-көз алдымызда жүріп жатқан процесс. Сондықтан кейбір жұмбақтың халықтыкі, не белгілі ақындыкі екенін тап басып, үзілді-кесілді шек қоя ажырату оңайға соқпайды.
Жұмбақтың әр алуан жанрлармен астаса келіп, аралық жанр түзетін мазмұндық-түрлік құрамын жан-жақты көрсету үшін байлауы мен шешімі де өлең түрінде келетін мәтіндер және халықтық айтыс жұмбақтар жеке топтастырылды, әрі «қара сөз жұмбақтар» деген тақырыппен логикалық қисындағы, есеп жұмбақтар да қосылды.
Ұсынылып отырған томда қазақ жұмбақтары толыққанды сипатта жинақталып, ғылыми талапқа сай тұңғыш рет дайындалды. Томға енген жұмбақтардың саны-екі мыңнан астам.
Том соңында берілген ғылыми қосымшаларда жұмбақтарға жазылған түсініктемелер, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар туралы түсініктер, жер-су атауларына сипаттамалар, жұмбақты айтушылар мен жинаушылар туралы мәліметтер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, том туралы орыс және ағылшын тілдеріндегі қысқаша мазмұндама қамтылған.
Томға енген мәтіндер М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының және Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақталған түпнұсқалар негізінде дайындалды.
Томның көлемі-27 б.т.
65-том. Қазақ мақал-мәтелдері
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланып отырған «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастыруда.
Серияның бұған дейін баспаға ұсынылған алпыс төрт томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға, бір томы шағын жанрлардың үлкен бір саласы жұмбақтарға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың он бір томы, тарихи жырлардың он бір томы, батырлар жырының жиырма томы, сондай-ақ шежірелік дастандармен жұмбақтардың жеке-жеке томдары баспаға әзірленіп, елу бес томы басылым көрді. Бұлардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен ризашылықпен қарсы алды.
Осымен, әзірге қазақ фольклорының ең көлемді әрі маңызды саласына жататын эпос жанрының ертегі, аңыз мифтерден өзге түрлерін баспаға әзірлеу аяқталды.
Ал оқырман назарына ұсынылып отырған 65-том мақал-мәтелдерге арналып отыр. Халық даналығының, ұлттың рухани-әлеуметтік бай тәжірибесінің нәтижесінде мыңдаған мақал-мәтелдер дүниеге келді. Олардың көпшілігі есте жоқ ескі замандарда тапқыр, шешен, данагөй сөз зергерлерінің аузынан айтылып, біртіндеп бүкіл халыққа ортақ өсиет, үлгі сөз ретінде мақал-мәтел аталып кеткен. Мақал мен мәтелдің арасында айтарлықтай шекара болмағанмен өзіндік стильдік белгі-бедерлері бар екені мәлім. Мақалдар кейде ұзынды-қысқалы болып, бірнеше тақырыптық мазмұнды қамтиды. Мысалы: «Көп ойлаған табар, көп үрлеген жағар» деген сияқты мәтелдер қысқа, нұсқа құрылымы мейлінше ықшам түрде жасалып, бір ғана нақты ой-түсінікті меңзейді. Мәтелдер мақалдарға қарағанда әбден тұрақтанған канондық мәтінге ие. Мысалы: «Әлін білмеген әлек», «Әліпті таяқ деп білмейді», «Ойына қарай бойы» т.б.
Мақал-мәтелдер ұлттың рухани байлығы мен сан ғасырлық мәдениетінің көркем көрінісі ғана емес, сол халықтың ой-санасы, зердесі мен даналық деңгейінің де жарқын шежіресі. Халқымыздың сөз мәйегі саналатын бұл ғажайып мұраның байып, жинақталып, ел игілігіне айналуына көптеген қазақ жинаушылары да қызмет етті. М.С.Бабажановтың, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсаринның, Ә.Диваевтың, Б.Дауылбаевтың, М.Ешмұхамедовтің, М.Ысқақбаласының, А.Баржақсыұлының, Т.Ізтілеуұлының, Ө.Тұрманжановтың, Б.Ақмұқанованың, Б.Момышұлының, М.Әлімбаевтың, Б.Адамбаевтың т.б. ел зиялыларының бұл бағытта мол еңбек сіңіргені белгілі.
Бұл томға ҚР БҒМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қызметкерлерінің әр жылдары ғылыми, әдеби-фольклорлық және этнографиялық экспедициялар кезінде ел арасынан жинаған материалдары, ҚР БҒМ ҒК ОҒК-ның Сирек кітаптар қорында және ӘӨИ Қолжазба қорында сақталған мақал-мәтелдер жинақтары, сондай-ақ бұрын-соңды жарық көрген әртүрлі кітаптардағы халық мұрасының көпшілігі еніп отыр. Мақал-мәтелдер мәтінінің көлемі үш томға жоспарланды. Екінші, үшінші томдарға Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Монғолияны мекендеген қазақтар арасында айтылып, сол жақта кітап болып басылған материалдар, сондай-ақ кезінде Н.Н.Пантусов, А.Е.Алекторов, П.М.Мелиоранский, В.В.Катаринский, Ә.Диваев, Я.Лютш, Ә.Құрышжанов т.б. бастырған жинақтарға енген мақал-мәтелдер үлгілері сараланып, салыстырылып әзірлену үстінде.
Мақал-мәтелдердің вариант-нұсқалары мен баламалары көп ұшырасады. Кейде авторлық мақалдар мен халықтық сөз мәйектері араласып, бір-бірінен ажыратылмайтындай болып кеткен. Осы тектес мәселелерде фольклор ғылымының көзқарастарына орай, мүмкін болғанша, дұрыс шешімін қабылдауға тырыстық.
Том соңында берілген ғылыми қосымшаларда жинаққа енген мақал-мәтелдерге жазылған түсініктемелер, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар туралы түсініктер, жер-су атауларына сипаттамалар, шығармаларды жинаушылар мен жырлаушылар туралы мәліметтер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, басылым туралы орыс және ағылшын тілдеріндегі қысқаша түйін қамтылған.
Томға енген мәтіндер М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының және Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған түпнұсқалар негізінде дайындалды.
Томның көлемі-30,5 б.т.
66-том. Қазақ мақал-мәтелдері
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланып отырған «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастыруда.
Серияның бұған дейін баспаға ұсынылған алпыс үш томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға, бір-бір томы шағын жанрлардың үлкен салалары жұмбақтар мен мақал-мәтелдерге арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың он бір томы, тарихи жырлардың он бір томы, батырлар жырының жиырма томы, сондай-ақ шежірелік дастандар, жұмбақтар мен мақал-мәтелдердің жеке-жеке томдары баспаға әзірленді. Бұлардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналған.
Оқырман назарына ұсынылып отырған 66-том да мақал-мәтелдерге арналды, алдағы уақытта мақал-мәтелдердің тағы да бірнеше томын дайындау жоспарланып отыр. Себебі кейінгі жылдарға дейін басылым көріп келген мақал-мәтелдер кеңестік цензураның елегінен өтіп барып, іріктелген мәтіндер еді. Бұған сан мәрте қайта басылып келген Ө.Тұрманжанов, Б.Адамбаев пен Б.Ақмұқанова құрастырған жинақтар айқын дәлел. Бұл басылымдар жалпы оқырмандарға арналғандықтан, көркем мәтіндерге ғана көңіл бөлініп, кейбір мәтіндерге өзгерістер де енгізілді. Мысалы, «Ісінің ағы білмейді, Жігіттің бағы біледі» деген мақал кейін «Жігіттің бағы білмейді, Жұмыстың бабы біледі» делініп, немесе «Ат шаппайды, бап шабады» деген даналық сөз «Ат шаппайды, бақ шабады» деп редакцияланды. Аталған жинақтардағы мәтіндер мен түпнұсқаны салғастыра қарастырғанда, қасақана түзетілген, қате оқылған мақал-мәтелдерді көптеп кездестіруге болады. Алайда бұл жинақтар бір ғасыр көлемінде халыққа қызмет етіп, сан ұрпақтың рухани әлемінің жетілуіне ықпалын тигізді.
Халық даналығының, ұлттың рухани-әлеуметтік бай тәжірибесінің нәтижесінде мыңдаған мақал-мәтелдер дүниеге келді. Олардың көпшілігі есте жоқ ескі замандарда тапқыр, шешен, данагөй сөз зергерлерінің аузынан айтылып, біртіндеп бүкіл халыққа ортақ өсиет, үлгі сөз ретінде мақал-мәтел аталып кеткен. Мақал мен мәтелдің арасында айтарлықтай шекара болмағанмен өзіндік стильдік белгі-бедерлері бар екені мәлім. Мақалдар кейде ұзынды-қысқалы болып, бірнеше тақырыптық мазмұнды қамтиды. Мысалы: «Көп ойлаған табар, көп үрлеген жағар» деген сияқты мәтелдер қысқа, нұсқа, құрылымы мейлінше ықшам түрде жасалып бір ғана нақты ой-түсінікті меңзейді. Мәтелдер мақалдарға қарағанда әбден тұрақтанған канондық мәтінге ие. Халқымыздың сөз мәйегі саналатын бұл ғажайып мұраның байып, жинақталып, ел игілігіне айналуына көптеген жинаушылар қызмет етті. Ш.Уәлихановтың, М.Бабажановтың, Ы.Алтынсаринның, Б.Дауылбаевтың, М.Ешмұхамедовтің, А.Ысқақбаласының, А.Баржақсыұлының, Ө.Тұрманжановтың, Б.Ақмұқанованың, М.Аққозинның, Ә.Қайдаридың, Ә.Құрышжановтың, М.Әлімбаевтың, Б.Адамбаевтың, Қ.Саттаровтың т.б. ел зиялыларының, сондай-ақ орыс оқымыстылары В.Радлов, И.Березин, Н.Пантусов, А.Алекторов, П.Мелиоранский, В.Катаринский, Я.Лютш, А.Васильев, И.Лаптев, Н.Остроумов, В.Герн, В.Бартольд, Н.Катанов, Ә.Диваев бұл бағытта мол еңбек сіңіргені белгілі.
Бұл томға ҚР БҒМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қызметкерлерінің әр жылдары ғылыми, әдеби-фольклорлық және этнографиялық экспедициялар кезінде ел арасынан жинаған Қазан төңкерісіне дейін жарыққа шыққан қазақ басылымдарының материалдары, ҚР БҒМ ҒК ОҒК-ның Сирек кітаптар қорында және ӘӨИ Қолжазба қорында сақталған ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде баспа жүзін көрген мақал-мәтелдер жинақтары, сондай-ақ профессор Ә.Құрышжанов құрастырған «Сөз атасы» атты жинақта қамтылған V-ХVІІ ғасырлар аралығындағы жалпытүркілік әдеби жәдігерлер енгізілді. Ұсынылып отырған том ғылыми басылым болғандықтан, мәтіндер әліпбилік жүйемен түзіліп, реттік санмен нөмірленді. Сонымен бірге мәтіндердің нұсқалары мен версиялары да назарға алынып, сөз, тіркестер өзгерген жағдайда мазмұны ауысқан кей мақал-мәтелдер қатар жіберілді. Мысалы, «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда!» деген мақал нақты жағдайға байланысты енді бір нұсқасында: «Келінім, саған айтам, қызым, сен тыңда!» болып, ішкі мазмұны өзгеріске түседі. Мұндайда әліпбилік ретпен екі нұсқаны да енгізуге тура келді. Халық мұралары әр кезеңде, әр өңірден жиналғандықтан, тілдік, көркемдік-мазмұндық жағына мән беріліп, түпнұсқа негізінің бұзылмауына ерекше көңіл бөлінді.
Жоспар бойынша «Бабалар сөзі» сериясына енетін мақал-мәтелдер мәтіні бірнеше томды қамтитыны жоғарыда айтылды. Келесі томдарға Қытай Халық Республикасын мекендеген қазақтар арасында айтылып, сол жақта кітап болып басылған материалдар, сондай-ақ Кеңес дәуірінде хатқа түсіп, қолжазба күйінде сақталған мақал-мәтел үлгілері енгізіледі.
Том соңында берілген ғылыми қосымшаларда жинаққа енген мақал-мәтелдерге жазылған түсініктемелер, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар туралы түсініктер, жер-су атауларына сипаттамалар, шығармаларды жинаушылар мен жырлаушылар туралы мәліметтер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, басылым туралы орыс және ағылшын тілдеріндегі қысқаша түйін қамтылған.
Томға енген мәтіндер М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының, ҚР Ұлттық кітапханасы мен ҚР БҒМ Орталық ғылыми кітапханасының сирек қорларында сақталған түпнұсқалар негізінде дайындалды.
Томның көлемі-25,5 б.т.
ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІ
67-том
Аңдатпа
Ұлттық фольклорымыздың көркем де маңызды саласы - мақал-мәтелдер болып саналады. «Бабалар сөзі» сериясындағы мақал-мәтелдердің беташар 65-томы Қазақстанда 1935 жылдан бері белгілі ақын Ө.Тұрманжанов жинап, жариялаған «Қазақ мақал-мәтелдері» атты жинақ бойынша дайындалған. Серияның 66-томындағы мақал-мәтелдер көне түркі заманының Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегін жазба ескерткіштеріндегі және ортағасырлық түркі ғұламалары: Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари т.б. еңбектеріндегі мақал-мәтелге айналған даналық сөздерді теріп, жеке жинақ етіп бастырған ғалым Ә.Құрышжановтың «Сөз атасы» жинағы, сондай-ақ ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ ағартушылары: М.Қ.Бабажанов, Ш.Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, М.Ешмұхамедов, М.А.Ысқақбаласы, А.Баржақсыбаласының және орыс халқының педагог-ағартушы, зерттеушілері: В.В.Катаринский, Н.Н.Пантусов, А.В.Васильевтің т.б. жинап, мерзімді баспасөзде, түрлі жинақтарда жарияланған халық туындылары негізінде берілген, ал оқырманға ұсынылып отырған кезекті 67-томға-Қытай Халық Республикасында тұратын қазақтар арасынан жиналған және сонда жарық көрген мақал-мәтелдер үлгілері топтастырылған.
Ескертетін жағдай - мәтіндер Қытай қазақтары ғана иеленетін мұралар емес, барша ұлтымыздың қазынасы. Олар Шыңжанның, Анатолының, Байөлкенің, сондай-ақ Ресейдің Астрахань және Омбы өңірлерінде қолданылып жүрген мақал-мәтелдер үлгілері. Оларда қазаққа ортақ дүниетаным мен ұлттық болмыс бейнеленген.
Томның жалпы көлемі - 29 б.т.
ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІ
68-том
Аңдатпа
Бұл - «Мақал-мәтелдерге» арналған төртінші том.
Ұлттық фольклорымыздың қолдану аясы кең бір саласы - мақал-мәтелдердің көркемдік, жанрлық ерекшелігі және идеялық маңызы жөнінде беташар томда жан-жақты айтылған.
«Бабалар сөзі» сериясының кезекті томына ХІХ ғасырдың ортасынан бастап, ХХ ғасырдың екінші жартысын, хронология бойынша бір жарым ғасырлық мерзімді қамтитын халық мұраларының үлгілері еніп отыр.
Материалдар көне қолжазбалардан, сөздіктерден, оқулықтардан, хрестоматиялардан, ғылыми есептік жазбалардан, қазақ кітаптарынан, шетелдік мектеп оқулықтарынан және ғылыми экспедициялар негізінде жиналған мәтіндер, сондай-ақ кейінгі кездері жарық көрген фольклорлық жинақтар материалдары бойынша әзірленген. Бұлардың барлығы туралы мәліметтер ғылыми қосымша бөлімінде айтылады.
Томның жалпы көлемі-25 б.т.
ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІ
69-том
Аңдатпа
Мақал-мәтелдердің ұсынылып отырған соңғы бесінші томы (69-том) ҚР БҒМ Орталық ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының сирек қорларына 1934 жылдан жинала бастаған М.Ж.Көпеевтің, Ж.Жүсіпұлының, Е.Есенжолұлының, Б.Жақыпбаевтың, С.Әлімбетовтің, Ә.Марғұланның, Хасен Ғалидың, С.Бекмахановтың, И.Ұйықбаевтың, К.Елеуовтің, Ж.Жантөбетовтің, М.Толыбаевтың, Ә.Наурызбаевтың, Н.Оңдасыновтың, Б.Адамбаевтың т.б. жинап тапсырған қолжазба мұраларының негізінде дайындалған. Халық мұралары әр кезеңде, әр өңірден жиналғандықтан, тілдік, көркемдік-мазмұндық жағына мән беріліп, түпнұсқа негізінің бұзылмауына ерекше көңіл бөлінген.
Томның көлемі - 27,5 б.т.
ҚАРА ӨЛЕҢ
70-том
Аңдатпа
70-том қадым заманнан бері сақталып келе жатқан фольклордың көне жанрының бірі қара өлеңге арналған. Халық өлеңінің бұл түрі - өмір-тіршілігіміздің барлық саласын, сезім-түйсігіміздің барша қасиетін әсерлі көрсетіп келе жатқан икемді де өміршең жанр. ХХ ғасырдың алғашқы ширегіне дейін көшпелі өмір салтын ұстанып келген қазақтың бір ауыз қара өлең білмейтін қыз-жігітін кездестіру мүмкін емес еді. Сол себепті мұрағаттар мен әдеби қорларда шашырап жатқан мол мұрамыздың бір парасы да осы қара өлең. Ол-ән-әуенмен тікелей байланысты болып келетін, салт-дәстүрімізге қатысы бар синкретті жанр.
Сондай-ақ кейбір қара өлең үлгілері көпнұсқалы болып келеді, тіптен, халық ақындарының шығармаларында теңеуі ұқсас, ұйқасы бір образды параллельдерді қайталайтын қара өлең нұсқалары кездесе береді. Бір қара өлең үлгісінің екінші бір вариантпен қайталануы, әсіресе халық әндерінде, халық композиторларының ән мәтіндерінде жиі кездеседі. Бұл, әрине, кез келген елдің фольклорында болатын табиғи құбылыс, ауызша тарайтын өнерде жиі кездесетін қасиет.
Ата-бабаларымыздың арман-мұраттары мен күйініш-сүйінішін, ұлттың болмыс-бітімін бейнелейтін осынау қымбат қазынамыздың жастарды адамгершілік қасиеттерге баулуға қосар үлесі мол.
Томға енген қара өлең мәтіндерінен сол дәуірлердегі саяси-қоғамдық сана мен тілдік ерекшеліктерді айқын аңғаруға болады. Мәселен, жаңа әлеуметтік өзгерістер, тарихи және шынайы деректердің көбірек кездесуі, орыс, араб, парсы тілдеріндегі кейбір лексемалардың ұшырауы осыған дәлел.
Томның жалпы көлемі - 33,75 б.т.
ҚАРА ӨЛЕҢ
71-том
Аңдатпа
71-том да қазақ фольклорының ең көне, көркем жанрларының бірі қара өлеңге арналған. Қара өлең, әдетте, он бір буынды, төрт тармақты бір шумақпен қысқа қайырылып, халық өмірі мен оның тыныс-тіршілігін, арман-аңсары мен әлеуметтік ахуалын, адамның көңіл-күйін, ғашықтық сезімі мен айнала қоршаған табиғатқа қатысты ой-пікір, іс-әрекетін көркем тіл, айшықты теңеулермен бірде шынайы, енді бірде астарлай суреттейтін халықтық шығармалардың шағын түріне жатады.
Қара өлең үлгілері қазақ поэзиясында ерте замандардан-ақ кең қолданыс тапқан және көбінесе белгілі бір сазды әуенге қосып айтылатын болған. Қазақ поэзиясының бұл түрі өзінің синкретті сипатымен ерекшеленеді. Сондықтан да қазақтар қара өлеңдерді жиын-тойларда, қыз ұзату, шілдехана, келін түсіру, бастаңғы, діни мерекелер секілді сан-алуан дәстүрге қатысты салттық және рәсімдік жоралғылар үстінде айтқан. Дайын қалыптардың болуы қара өлеңді кез келген жанның жанынан шығаруына да, жадынан алып айтуына да мол мүмкіндік туғызған. Тіпті, қара өлеңді домбыраға қосылып та, жеке дауыспен аспаптың сүйемелінсіз де айту дәстүрге жат емес.
Қара өлеңнің фольклорға тән басты белгілерінің бірі-оның көп нұсқалылығы. Бұл орайда көптеген мәтіндердің жекелеген тармақтары өзгерместен, яки аздаған құбылтулармен қайталана беретіндігі үйреншікті жайт.
Қара өлең-қазақ жерінің барлық өңірлеріне кең тараған өнімді поэзиялық жанр.
Томның жалпы көлемі - 26 б.т.
Б АЛАЛАР ФОЛЬКЛОРЫ
72-том
Аңдатпа
«Бабалар сөзі» сериясының кезекті жетпіс екінші томына халық мұрасының аса құнды, көркем де көлемді саласы балалар фольклорының жанрлық түрлері жинақталған.
Балалар фольклоры-қазақ халық әдебиетінің жаңа туған жас сәбиден бастап кәмелетке толғанға дейінгі жас ұрпақтың жас ерекшеліктеріне байланысты тәлім-тәрбие беріп, олардың психологиясын, эстетикалық танымын, ой өрісін, еңбекке, отан сүйгіштікке деген сезімін, шығармашылық бағыт-бағдарын көтеруге зор ықпалын тигізетін дәстүрлі педагогикалық құндылық. Шығармалардың тақырыптық, көркемдік-мазмұндық сипаты мен тілдік-саздық құрылымы өзара үйлесім тауып, балалардың рухани әлемін қалыптастыруда ерекше рөл атқарады.
Томға іріктеліп алған мәтіндер ішкі жанрлық ерекшеліктеріне байланысты алты бөлімге топтастырылып, олар өзінше тараулар мен тақырыптарға жіктелген. Себебі, балалар фольклорында ғасырлар бойы қалыптасқан бала тәрбиелеу ісіндегі дәстүрлі ғұрыптар мен ұғым-түсініктердің, тарихи оқиғалардың, ақыл-ой дамуының кезеңдік сатылары айқын аңғарылады. Онда жас ұрпақтың рухани әлемін қалыптастыруды мұрат тұтатын, бала көкірегіне көркемдік нәр сіңіретін, қиялына қанат бітіріп, өнер тылсымына жетелейтін халықтық педагогиканың мол тәжірибесі сақталған. Сондықтан мәтіндердің жүйелі түрде орналасуына айрықша мән берілген.
Томның жалпы көлемі-27,5 б.т.
ХАЙУАНАТТАР ТУРАЛЫ ЕРТЕГІЛЕР
73-том
Аңдатпа
.
«Бабалар сөзі» сериясының кезекті бес томына қазақ ертегілік эпосының қазынасы еніп отыр. Олар жанрлық жүйе бойынша: хайуанаттар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер, хикаялық (новеллалық) ертегілер, сатиралық ертегілер.
Бұл томда хайуанаттар туралы ертегілердің үлгілері топтастырылған.
Жаңадан құрастырылып отырған бұл жинақта барлығы 251 мәтін қамтылыпты, олар жанр бойынша үш бөлімге топталған. Атап айтқанда, І бөлімге 46 этиологиялық ертек, ІІ бөлімге 169 классикалық ертек, ІІІ бөлімге 36 мысал ертек еніп отыр.
Томға хайуанаттар туралы ертегінің әр кезеңде, әртүрлі жағдайда, әртүрлі адамдар тарапынан жазылып алынған мағынасы да, стилі де, тілі мен деңгейі де әр қилы үлгілері енген. Бұл мұралардың барлығы қолжазба қорындағы түпнұсқамен және сирек кездесетін басылымдардағы ілкі мәтінмен салыстырылып, текстологиялық саралаудан өткізілген. Көптеген ертек осы жинақта алғаш рет жарық көріп отыр, нақтырақ айтқанда барлығы 70 ертек сирек кездесетін басылымдар мен қолжазбадан алынып, тұңғыш рет ұсынылып отыр.
Алғы сөзде қазақ ертегілік эпосы жанрларының табиғаты, типологиясы, шығу тегі, сюжеттік құрамы, сондай-ақ фольклордың басқа жанрларымен арақатынасы туралы көлемді зерттеу берілген.
Том соңындағы ғылыми түсінікте ертегінің осы жинақтағы реттік нөмірі, ертегінің аты, түпнұсқаның сақталған орны, мәтінді кім, қашан, қайдан жазып алғандығы, сонымен бірге жариялануы туралы, ертегінің халықаралық Аарне-Томпсон каталогі жүйесіндегі сюжеттік типі жайында мәлімет берілген. Сонымен бірге ертегі сюжеттерінің туысқан түркі халықтары мен әлемнің басқа да елдеріндегі варианттары мен параллельдері мүмкіндігінше көрсетілген.
Томның көлемі-33,5 б.т.
Қ ИЯЛ-ҒАЖАЙЫП ЕРТЕГІЛЕР
74-том
Аңдатпа
«Бабалар сөзі» сериясының кезекті бұл томына қазақ ертегілік эпосының классикалық үлгісі болып саналатын қиял-ғажайып ертегілер енген. Томда алғаш рет қазақ қиял-ғажайып ертегілері халықаралық Аарне-Томпсон жүйесіндегі каталог бойынша сюжеттік типтерге жіктеліп, ғылыми түсініктермен жарияланып отыр.
Қазақ қиял-ғажайып ертегілерінің тақырыбы да сан қилы, сюжеттік құрамы да әралуан, әлем халықтарының ертегілерімен үндестігі де, ортақ тұстары да, айырмашылықтары да бар.
Томға барлығы 110 ертегі еніп отыр, мәтін түрлі қолжазба қорларындағы түпнұсқалар бойынша дайындалып, текстологиялық күрделі жұмыстар жүргізілген, бұрынғы жарияланымдарда өзгеріске ұшыраған, қырқылып-қысқартылған тұстары түпнұсқа бойынша қалпына келтірілген.
Томға енген мәтіндер М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының және Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақталған түпнұсқалар, сондай-ақ ХІХ-ХХ ғасырларда жарық көрген жинақтар мен кейбір мәтіндер жарияланған кітаптар негізінде дайындалған. Сондай-ақ Қытай мен Моңғолиядағы қазақтар арасынан жиналған ертектер де енген.
Томның көлемі-29,5 б. т.
Б АТЫРЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕР
75-том
Аңдатпа
Бұл басылымда түпнұсқалық негізде жариялау жөніндегі бұрынғы олқылықтардың орны толтырылып, жаңа ғылыми талаптар тұрғысынан батырлық ертегілердің жанрлық түр ретінде қалыптасу жолына мән берілген.
Басқа ертегі түрлеріне қарағанда батырлық ертегілердің саны аз. Оның себебі - жанрлық бітімінің күрделілігі. Миф пен хикаядан бастау алған батырлық ертегі элементтері қиял ғажайып ертегі мен қаһармандық эпостың қалыптасуына өзек бола отырып, өз бетінше дамуы себепті бұл топтағы ертегілердің сюжетінде, кейіпкер образында осы жанрлардың белгілерінің байқалуы заңдылық. Мысалы батырлық ертегі мен қиял ғажайып ертегісіне ортақ кең таралған ғайыптан туу мотивінің өзі қиял ғажайып ертегілеріне қарағанда, батырлық ертегіде батырдың дара жаратылысын дәріптеуде басты рөл атқарады.
Қазіргі қазақ фольклорында батырлық ертегілердің қалыптасуының ғылыми негізі тұжырымдалған, яғни стадиялық тұрғыдан батырлық ертегінің өзінің екі түрлі сипатын ажырату қалыптасты. Біріншісі: көне (архайкалық) батырлық ертегілер. Екіншісі: кейінгі дәуірде XVIII-XIX ғасырда туған ертегілер. Осы принцип негізінде томға ең алдымен көне батырлық ертегілер топтастырылды. Онан кейінгі кезеңде Батырлық ертегілердің қиял-ғажайып ертегілерінен ірге ажыратып ондағы батыр тұлғасының даралана бастауы мен іс-әрекеттің нақтылана түсу жолын көрсету мақсатындағы ертегілер мәтіндері енгізілген. Оларда әрі қиял-ғажайыптық әрі батырлық ертегіге тән белгілер ортақ.
Түркі, моңғол халықтарының батырлық ертегілерінде қаһарманның айнымас серігі тұлпарға ерекше мән беріледі. Аттың эпостардағыдай, барлық қауіпті алдын ала сезіп иесіне сездіре білетін, қиын жағдайда құтқара білетін қасиеті кей тұста батыр әрекетімен теңбе-тең дәріптеледі.
Батырлық ертегінің жанрлық ерекшелігіне сай қамтылған бірқатар ертегілер, сирек кездесетін басылымдар мен қолжазбадан алынып, оқырман назарына алғаш ұсынылып отыр.
Томға енген ертегілердің жалпы көлемі-29,5 б.т.