Бабалар сөзі - даналар көзі

1-том. Хикаялық дастандар
Қ ҰРАСТЫРУШЫДАН
Кеңестiк дәуiрге дейiн қазақ фольклорының мәтiндерi, негiзiнен, араб әрпiнде басылғаны белгiлi. Ал, араб жазуында дауысты дыбыстардың жасырын тұратыны, бас әрiптiң болмайтындығы, тыныс белгiлерiнiң қойылмайтындығы мәтiндердi дұрыс оқуға едәуiр қолбайлау болады. Сонымен қатар қазақ және араб тiлдерi әр түрлi тiлдiк жүйеге жататындықтан, араб әлiпбиi тiлiмiздегi төл дыбыстарды таңбалауға да, оның өзiндiк ерекшелiктерiн байқатуға да дәрменсiз. Сондай-ақ, ХIХ ғасырда араб жазуын пайдаланудың жалпыға ортақ ережелерiнiң болмауы да өз әсерiн тигiзбей қалмады. Сондықтан томдарды дайындау барысында қолжазбаларды дұрыс оқу үшiн мәтiндерге мұқият талдаулар мен сараптау жұмыстары жүргiзiлдi.
Бұған қоса, төңкерiске дейiнгi кезеңдегi халық әдебиетi үлгiлерiн жинап көшiрушiлер және кiтап етiп шығарушылар татар медреселерiнде бiлiм алды. Қазақ кiтаптарының басым көпшiлiгi Қазанда жарық көрдi. Сондықтан болар, қазан төңкерiсiне дейiн жарық көрген мәтiндерде кейбiр қазақ сөздерiнiң өзгертiлiп, татар тiлiнiң жазу қағидалары бойынша жазылып кеткенiн көруге болады.
Сондай-ақ, дастандарда араб, парсы тiлдерiнен әлдеқашан енiп, төл сөздерiмiзге айналған көптеген сөздер түпнұсқасы бойынша, мысалы: нәр-наһар, ақыл-ғақыл, өнер-һөнер, перзент-фарзант, т.б. болып жазылған.
Мұндай жағдайдың бәрiнде де, көбiне, қазақ тiлiнiң қалыптасқан жазу нормаларын сақтауға тырыстық. Сонымен бiрге кейбiр жағдайларда жыр ұйқасын бұзбау үшiн түпнұсқалық формалар сақталды. Ал көне түркi сөздерiне келсек, бұл топтағы сөздер қолжазбадағы жазылуы бойынша берiлдi. Мысалы: қара-сәна; бiлән, бiрлән; ерүштi; андан соң, андан; жылағаш, бiткеш; болұр; берлесе; түрлiк-түрлiк; инану; тiрiклiк; деплер, дейлер, дерлер, жiбердiлер, тастадылар, келерлер; өлтiретұрған; болғандан соң, iшкенден соң, т.б.
Кейбiр шумақтарда жекелеген сөздер мен жалғаулықтардың түсiп қалу фактiлерi кездеседi. Мұндай жағдайда қажеттi сөздер жақшаға алынып берiледi: [деп], [дедi], т.б.
Аталған серия фольклорымыздың алтын қорындағы маңызды саласы болып табылатын дастандық эпостың бiр тармағы- тақырыптық, сюжеттiк ауқымы өте кең хикаялық дастандардан басталады. Олар сегiз том құрайды.
Серияның алғашқы томына енген дастандар: «Сыршы молда», «Ғаяр қатын», «Қисса Зейне Зайуб», «Жетiм көдек», «Орқа-Күлше», «Қисса Таһир».
Бұл шығармалардың сюжеттерi өте көне, мысалы, «Ғаяр қатын» дастанының сюжетi б.д.д. I ғасырда қағазға түсiрiлген, ал «Сыршы молданың» сюжетi бiздiң дәуiрiмiздiң V-VI ғасырларында құрастырылған «Шукасаптати» кiтабынан белгiлi.
«Ғаяр қатын» дастанынан басқа, томға енгiзiлiп отырған шығармалар кирилл әрпiнде алғаш рет баспаға ұсынылып отыр.
Томның көлемi-22,5 б.т.
2-том. Хикаялық дастандар
ҚҰРАСТЫРУШЫДАН
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемлекеттiк «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберiнде жарияланатын «Бабалар сөзi» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Аталған басылымның басты мақсаты-халықтың рухани мұрасын сол күйiнде өзiне қайтару, яғни қолда бар фольклорлық материалдарды түгел жарыққа шығару.
«Бабалар сөзi» сериясы-ғылыми басылым. Бұл серияның негiзгi принципi-шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп, өзара салыстыра зерттеп, оның сюжетi мен жанрлық белгiлерi туралы толық көрiнiс беретiн мәтiндi оқырманға ұсыну. Керек болған жағдайда бiрнеше варианттары жарияланады.
Әрбiр том ғылыми қосымшалармен толығып отырады. Ғылыми қосымшалар томға енген мәтiндерге жазылған түсiнiктемелердi және олардың табылған варианттары жөнiнде мәлiметтердi қамтиды. Сондай-ақ бұған сөздiк, жер-су атаулары, мәтiндерде кездесетiн тарихи тұлғалар мен дiни есiмдерге арналған түсiнiктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi, орыс және ағылшын тiлдерiнде жазылған түйін кiредi.
«Бабалар сөзi» сериясының оқырман жұртшылыққа ұсынылып отырған екінші томы жарық көрген бiрiншi томы секiлдi хикаялық дастандарға арналған.
Бұл томға хикаялық мазмұндағы 9194 жолдан тұратын «Шаһмаран» дастаны енiп отыр.
«Шаһмаран»-көп қабатты, көп тақырыпты, сюжетi шытырман шығарма. Оның негiзгi идеясы-жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды дәрiптеу, жоғары адами қасиеттердi насихаттау, үндеу.
Шығармада көне дәуiрлерде қалыптасқан тотемдiк түсiнiктерге негiзделген архаикалық мифтер, қиял-ғажайып ертегiлер мен дастандық эпостың көптеген мотивтерi мен сюжеттерi, Құран Кәрiм хикаяттары және шығыстық аңыз, әңгiмелер кең көрiнiс тапқан. Жыршы оларды мазмұнына сәйкес шығарманың негiзгi идеясын жүзеге асыру мақсатымен пайдаланып отырады.
«Шаһмаранда» ортағасырлық дүниетанымдық көзқарастар уағыздалады. Бiрақ та олар жалаң ақиқат түрiнде емес, шығыс халықтары әдебиетi мен фольклоры тұрғысынан, онда қалыптасқан көркем бейнелер арқылы және жалпы алғанда хикаялық [новеллалық] рухта талданып түсiндiрiледi.
Томды дайындау барысында ХХ ғасырдың басында араб әрпiнде басылып шыққан мәтіндерді дұрыс тану үшiн оларға мұқият талдаулар мен сараптау жұмыстары жүргiзiлдi. Түпнұсқада қате жазылған сөздер қазақ тiлiнiң жалпыға ортақ жазу нормаларына және контекске сәйкес түзетiлiп отырды, ал кейбiр шумақтарда жекелеген сөздер мен жалғаулықтар түсiп қалған жағдайда қажеттi сөздер жақшаға алынып берiлдi.
Томға енiп отырған шығарманың тiлi мен сөз саптау мәнерi дастандық эпостың кітаби үлгiлерiне тән. Мұнда араб, парсы сөздері жиі кездеседі. Олар қазақ тіліне аударылып, томның соңында арнайы сөздікте топтастырылды. Сонымен бiрге «Шаһмаран» дастанында көне түркiлік формалар сақталғанын айтып кеткен абзал. Мысалы, тiрлiк сөзi көне тiрiклiк түрiнде, илану сөзi көне инану түрiнде берiлген; деу етiстiгiнiң бiрнеше ескi формалары сақталған: дейе, дейүр, дердiлер, дейдiлер, дейе-дүр, дейүп, т.б.; «мен» тұлғалы шылау «бiрлән», «илә», «илән» түрiнде жиi қолданылған; етiстiк, сын есiм тұлғалы сөздер «дүр» тұлғасында жиi кездеседi: аян-дүр, бар-дүр, т.б.; сондай-ақ басқа да көне формалар сақталған: мысалы, айт-сәна, андан соңыра, андан соң, жақындағаш, менiм, т.б. Олар еш өзгертусiз берiлдi. Демек, түпнұсқаның сөз қолданысы толық сақталынды.
1909 жылы Қазан қаласында кiтап болып шыққан «Шаһмаран» мәтiнi араб әрпiмен жазылған түпнұсқадан еш өзгеріссіз дайындалып, кирилл әрпiнде бiрiншi рет оқырманға ұсынылып отыр.
Томның көлемi-22 б.т.
3-том. Хикаялық дастандар
Қ ҰРАСТЫРУШЫДАН
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемлекеттiк «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберiнде жарияланатын «Бабалар сөзi» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
«Бабалар сөзi» сериясы-ғылыми басылым. Оның негiзгi принципi-шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп, өзара салыстыра зерттеп, фольклорлық шығарманың сюжетi мен жанрлық белгiлерi туралы толық көрiнiс беретiн мәтiндi оқырманға ұсыну. Керек болған жағдайда бiрнеше варианттары жарияланады.
Әрбiр том ғылыми қосымшалармен толығып отырады. Ғылыми қосымшалар томға енген мәтiндерге жазылған түсiнiктемелердi және олардың табылған варианттары жөнiнде мәлiметтердi қамтиды. Сондай-ақ бұған сөздiк, жер-су атаулары, мәтiндерде кездесетiн тарихи тұлғалар мен дiни есiмдерге арналған түсiнiктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тiзімi, орыс және ағылшын тiлдерiнде жазылған түйін кiредi.
«Бабалар сөзi» атты серияның үшiншi томы алғашқылары тәрiздi хикаялық дастандарға арналған, олар: «Қисса Шеризат», «Қарқабат», «Құлқаныс-Зеберше», «Қисса Гүлшаһра дохтари сұлтан Кашмир».
Дастандық эпостың маңызды, көлемдi, бай бөлшегiн құрайтын, оқиғасы қызықты болып келетiн хикаялық дастандар тақырып жағынан сан алуан. Мысалы, әйелдiң аярлығы, даналығы мен адалдығы туралы, асқан ақыл мен айланы дәрiптейтiн, достық пен даналық, алдауыштар мен аярлар туралы, тарихи кейiпкерлердiң кеңдiгiн, зейiндiлiгiн, жомарттығын, қайырымдылығын және басқа да тұлғалық қасиеттерiн суреттейтiн дастандар, т.с.с.
Сонымен бiрге бiраз хикаялық дастандардың негiзгi сарыны-махаббат тақырыбы. Мұнда да екi жас ғашықтық аңсары үшiн күреседi, көп қиындық көредi, әр түрлi ситуацияға түседi. Бiрақта кейiпкерлердiң осы жолдағы iс-әрекеттерi мiндеттi түрде хикаялық сипатта болады; олар кедергi-қиындықтарды ақыл- айла, өмiрлiк тәжiрибе, тапқырлық, зейiндiлiк арқасында жеңедi. Бұл шығармалар күлкiлi, нанымсыз эпизод, мотивтерге толы. Томда жарияланып отырған дастандар негiзiнен сол үлгiде.
Хикаялық дастандардың сюжеттерi көбiнесе шығыстық болып келетiнi белгiлi. Мысалы, томға ұсынылып отырған, тақырыбы бiр болғанымен арасында айтарлықтай айырмашылығы бар «Қисса Шеризат» пен «Қарқабат» және «Қисса Гүлшаһра дохтари сұлтан Кашмир» дастандарының дүниеге келуiне орта ғасырларда өте кең тараған, көбінесе қара сөз үлгiсiнде әңгiмеленген парсылық қисса, хикаяттар себепшi болған. Ал «Құлқаныс-Зеберше» дастанында ұлттық эпосымызға тән құдалық салтына негiзделген архаикалық сюжет новеллалық үлгiде дамып, дастан фабуласы көптеген хикаялық мотив, оқиға, эпизод, көрiнiстермен байыған.
Томды дайындау барысында ХIХ ғасырда араб әрпiнде жазылған қолжазбалар мен Қазан төңкерiсiне дейiн кiтап болып шыққан дүниелердi дұрыс тану үшiн мәтiндерге мұқият талдаулар мен сараптау жұмыстары жүргiзiлдi. Түпнұсқада қате жазылған сөздер қазақ тiлiнiң жалпыға ортақ жазу нормаларына және контекске сәйкес түзетiлiп отырды, ал кейбiр шумақтарда жекелеген сөздер мен жалғаулар түсiп қалған жағдайда қажеттi сөздер жақшаға алынып берiлдi.
Жарияланып отырған мәтiндерде байырғы жалпытүркiлiк сөздер мен грамматикалық формалардың, қазiр қолданыстан шығып ұмытыла бастаған көне қазақ сөздерi мен жергiлiктi [диалект] сөздердiң жиi ұшырасатынын атап айтқан жөн. Олар түпнұсқалық түрiнде берiлдi, демек шығармалардың сөз қолданысы толық сақталады. Ал бiр топ парсы, араб тiлiнен ауысқан сөздер қазақ тiлiне аударылып, томның соңында арнайы сөздiкте топтастырылды.
«Қарқабат» пен «Құлқаныс-Зеберше» мәтiндерi Кеңес дәуiрiнде бiр рет ғылыми-көпшiлiкке арналған жинақта бiраз түзетулермен, редакцияға ұшырап жарияланған. Томда ол мәтiндер түпнұсқадан дайындалып, еш өзгерiссiз берiлiп отыр.
«Қисса Шеризат» дастаны 1870 жылғы қолжазбадан еш өзгерiссiз дайындалып, қалың оқырманға алғаш рет ұсынылып отыр.
«Қисса Гүлшаһра дохтари сұлтан Кашмир» 1901 жылы Қазан қаласында араб әрпiнде басылып шыққан кiтаптан дайындалды. Мәтiн бiрiншi рет оқырманға ұсынылып отыр.
Томның көлемi-20,5 б.т.
4-том. Хикаялық дастандар
Қ ҰРАСТЫРУШЫДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттiк «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберiнде жарияланатын «Бабалар сөзi» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
«Бабалар сөзi» сериясы-ғылыми басылым. Оның негiзгi принципi-шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп, өзара салыстыра зерттеп, фольклорлық шығарманың сюжетi мен жанрлық белгiлерi туралы толық көрiнiс беретiн мәтiндi оқырманға ұсыну. Керек болған жағдайда бiрнеше варианттары жарияланады. Ол варианттар бiр томда жинақталмаса, ғылыми жұмыстардың барысына қарай кейiнгi томдарда басылады.
Әрбiр том ғылыми қосымшалармен толығып отырады. Ғылыми қосымшалар томға енген мәтiндерге жазылған түсiнiктемелердi және олардың табылған варианттары жөнiнде мәлiметтердi қамтиды. Сондай-ақ бұған сөздiк, жер-су атаулары, мәтiндерде кездесетiн тарихи тұлғалар мен дiни есiмдерге арналған түсiнiктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi, орыс және ағылшын тiлдерiнде жазылған түйiн кiредi.
«Бабалар сөзi» атты серияның төртiншi томы алғашқылары тәрiздi хикаялық дастандарға арналды.
Хикаялық дастандар-дастандық эпосымыздың өте көлемдi, маңызды, бай саласы. Олардың басым көпшiлiгi ХIХ ғасырда туындап, 1917 жылға дейiн араб әрпiнде кiтап болып жарық көрдi, қолжазба күйiнде сақталып тұрғандары да аз емес.
Өкiнiшке орай, бұл туындылар ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында ғана дастандық эпостың басқа түрлерiнен ажыратылып жүйеленiп, олардың жанрлық нышандары сипатталып, хикаялық [новеллалық] деп жiктелiп, бiрнеше үлгiлерi көпшiлiкке арналған жинақтарда жарияланды.
Ұсынылып отырған томға үш дастан енгiзiлiп отыр, олар: «Қисса Хатымтай жомарт», «Хикаят дастан Хатымтай», «Қисса Қасым жомарт». Бұл дастандарға сақилығымен, кеңпейiлдiгiмен белгiлi болған Хатымтай жомарт пен Қасым жомарттың атына байланысты туған аңыз-әңгiмелер арқау болған.
Томды дайындау барысында ХІХ ғ. аяғында, ХХ ғ. басында араб әрпiнде кiтап болып шыққан дүниелердi дұрыс тану үшiн мәтiндерге мұқият талдаулар мен сараптау жұмыстары жүргiзiлдi. Түпнұсқада қате жазылған сөздер қазақ тiлiнiң жалпыға ортақ жазу нормаларына және контекске сәйкес түзетiлiп отырды, ал кейбiр шумақтарда жекелеген сөздер мен жалғаулар түсiп қалған жағдайда қажеттi сөздер жақшаға алынып берiлдi.
Томға еніп отырған шығармалардың тілі мен сөз саптау мәнері дастандық эпостың кітаби үлгілеріне тән. Мұнда араб, парсы сөздері жиі кездеседі. Олар қазақ тіліне аударылып, томның соңында арнайы сөздікте топтастырылды. Сонымен бірге мәтіндерде көне түркілік формалар сақталғанын айтып кеткен лазым, мысалы: тірік; таң атқаш; көргеш; тілей-дүрмін; абзал-дүр; бағырым; бірлән, білән, илә, илән; бар-сәна, т. б. Олар еш өзгертусіз берілді. Демек, түпнұсқаның сөз қолданысы толық сақталынды.
1897 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Қисса Хатымтай жомарт» атты шағын дастан, сондай-ақ, 1913 жылы Қазан қаласында орналасқан Домбровский баспаханасынан кiтап болып шыққан өте көлемдi «Хикаят дастан Хатымтай» мәтiнi Қазан төңкерiсiнен кейiн бiрiншi рет оқырманға ұсынылып отыр. Ал «Қисса Қасым жомарт» Кеңес дәуiрiнде бiр-ақ рет көпшiлiкке арналған жинақта бiраз түзетулермен, редакцияға ұшырап жарияланған.
Томға енген мәтiндер түпнұсқадан дайындалып, еш өзгерiссiз берiлiп отыр.
Томның көлемi-20,5 б.т.
5-том. Хикаялық дастандар
ҚҰРАСТЫРУШЫДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемлекеттiк «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберiнде жарияланатын «Бабалар сөзi» атты көп томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Аталған басылымның басты мақсаты-халықтың рухани мұрасын сол күйiнде өзiне қайтару, яғни қолда бар фольклорлық мәтiндердi түгел жарыққа шығару.
«Бабалар сөзi» сериясы-ғылыми басылым. Оның негiзгi принципi-шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп, өзара салыстыра зерттеп, фольклорлық шығарманың сюжетi мен жанрлық белгiлерi туралы толық көрiнiс беретiн мәтiндi оқырманға ұсыну. Керек болған жағдайда бiрнеше варианттары жарияланады.
Әрбiр том ғылыми қосымшалармен толығып отырады. Ғылыми қосымшалар томға енген мәтiндерге жазылған түсiнiктемелердi және олардың табылған варианттары жөнiнде мәлiметтердi қамтиды. Сондай-ақ бұған сөздiк, жер-су атаулары, мәтiндерде кездесетiн тарихи тұлғалар мен дiни есiмдерге арналған түсiнiктер, дастанның жинаушылары мен жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi, орыс және ағылшын тiлдерiнде жазылған түйiн кiредi.
«Бабалар сөзi» атты серияның бесiншi томы алғашқылары тәрiздi хикаялық дастандарға арналған, олар: «Қағира мен Таймұс», «Хикаят Сәлiмжан», «Хикаят Марғұба қатын», «Балықшы илә ғифрит қиссасы», «Қисса Тәжбақыт-Хоршаһра қыз», «Қисса үш қыз».
Бұл шығармалардың тақырыбы сан алуан: әйелдiң аярлығы, даналығы мен адалдығы туралы, шын достықты, асқан ақыл мен айланы дәрiптеу, т.б. Дастандарда кейiпкерлердiң өмiрi мысалға алынып, олардың тағдыр-тауқыметi арқылы адам бойындағы жаман қасиеттер сыналып, iзгi қасиеттер дәрiптеледi, жақсылық пен жамандық туралы ғибрат айтылады.
Томға енген барлық дастандар шығыс халықтарының фольклорында байырғы заманнан белгiлi боп, бертiн келе кiтаби ескерткiштерде жарияланған шығармалардың сюжеттерiн арқау еткен. Мысалы, «Хикаят Марғұба қатын» дастанының мазмұны «Мың бiр түннiң» 489-490-түндерiнде айтылатын әңгiмеден, «Балықшы илә ғифрит қиссасы» «Мың бiр түннiң» 4-10-түндер аралығында айтылатын әңгiмеден өрбiген, «Қағира мен Таймұстың» сюжетi «Тотынаманың» 24-түнiнде айтылатын сюжетке ұқсас, т.б. Сондай-ақ, кейбiр дастандар ғылымда «рамалық композиция» деп аталатын әдiс бойынша жырланған, сондықтан олардың құрамында, мысалы, «Қисса үш қыз», «Балықшы илә ғифрит қиссасы» дастандарында бiрнеше аралық әңгiмелердi кездестiруге болады.
Томды дайындау барысында 1889-1911 жылдар аралығында араб әрпiнде басылып шыққан кiтаптар мен 1870-1930 жылдары жазылған қолжазбаларды дұрыс тану үшiн мәтiндерге мұқият талдаулар мен сараптау жұмыстары жүргiзiлдi. Түпнұсқада қате жазылған сөздер қазақ тiлiнiң жалпыға ортақ жазу нормаларына және контекске сәйкес түзетiлiп отырды, ал кейбiр шумақтарда жекелеген сөздер мен жалғаулықтар түсiп қалған жағдайда қажеттi сөздер жақшаға алынып берiлдi.
Жалпы бұл шығармалардың тiлi мен сөз саптау мәнерi дастандық эпостың кiтаби үлгiлерiне тән. Мұнда араб, парсы сөздерi жиi кездеседi. Олар қазақ тiлiне аударылып, томның соңында арнайы сөздiкте топтастырылды. Сонымен бiрге мәтiндерде байырғы жалпытүркiлiк сөздер мен грамматикалық формалар, көне және жергiлiктi [диалект] қазақ сөздерi баршылық. Олар түпнұсқалық қалпында берiлдi. Демек, шығармалардың сөз қолданысы толық сақталды.
Томға енген мәтiндер еш өзгерiссiз түпнұсқалардан дайындалды: «Қағира мен Таймұс» шамамен 1870-1900 жылдар аралығында жазылған қолжазбадан, «Хикаят Сәлiмжан» 1896 жылы Қазан қаласында араб әрпiнде жарық көрген кiтаптан, «Хикаят Марғұба қатын» 1889 жылғы басылымнан, «Балықшы илә ғифрит қиссасы» 1911 жылғы кiтаптан, «Қисса Тәжбақыт-Хоршаһра қыз» 1906 жылғы кiтаптан, «Қисса үш қыз» 1897 жылғы кiтаптан әзiрлендi.
Жарияланып отырған дастандардың бәрi алғаш рет оқырманға ұсынылып отыр.
Томның көлемi-21,5 б.т.
6-том. Хикаялық дастандар
ҚҰРАСТ ЫРУШЫЛАРДАН
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттiк Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберiнде жарияланатын «Бабалар сөзi» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
«Бабалар сөзi» сериясы-ғылыми басылым. Оның негiзгi принципi-шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп, өзара салыстыра зерттеп, фольклорлық шығарманың сюжетi мен жанрлық белгiлерi туралы толық көрiнiс беретiн мәтiндi оқырманға ұсыну. Керек болған жағдайда бiрнеше варианттары жарияланады. Ол варианттар бiр томда жинақталмаса, ғылыми жұмыстардың барысына қарай кейiнгi томдарда басылады.
Әрбiр том ғылыми қосымшалармен толығып отырады. Ғылыми қосымшалар томға енген мәтiндерге жазылған түсiнiктемелердi және олардың табылған варианттары жөнiнде мәлiметтердi қамтиды. Сондай-ақ бұған сөздiк, жер-су атаулары, мәтiндерде кездесетiн тарихи тұлғалар мен дiни есiмдерге арналған түсiнiктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi, орыс және ағылшын тiлдерiнде жазылған түйiн кiредi.
«Бабалар сөзi» атты серияның алтыншы томы алғашқылары сынды хикаялық дастандарға арналды. Ұсынылып отырған томға төрт дастан енгiзiлiп отыр, олар: «Болат, Жанат», «Қисса самұрық», «Қисса Жәмшид», «Алтын балық».
Бұл шығармалардың түп төркiнi шығыс халықтарының фольклоры мен әдебиетiнен алынған. Мысалы, «Қисса самұрық» пен «Алтын балық» дастандары «Мың бiр түн» ертегiлерiнiң желiсiмен жырланған. «Қисса Жәмшидтiң» бас кейiпкерi Жәмшид-парсылардың көне аңыздары мен Фердаусидiң «Шаһнамасы» бойынша ежелгi Иранның аты аңызға айналған ежелгi патшасы. Бірақ дастан кейіпкері «Шаһнаманың» бас қаһармандарының бірі-жер-жүзін билеген, мейірімді Ахурамаздадан күш-қуат алып отырған Жәмшид патшаға ұқсамайды. Ол кезек-кезек үш сұлуға ғашық болып, солармен қосылу үшiн бар жiгерiн жұмсап, аянбай күрескен әншi, домбырашы, сал-серi үлгiсiнде суреттеледi. Демек, көне миф, аңыздардан, тарихи құжаттардан белгiлi Жәмшид бейнесi өзгерiске ұшырап, дастанда романдық-хикаялық кейiпкер ретiнде бейнеленедi. Ал «Болат, Жанат» дастаны «жазықсыз қуғынға ұшыраған жандар» туралы көптеген халықтардың фольклорында белгiлi халықаралық сюжетке құрылған.
Бұл дастандардың сюжетi шытырман, оқиғасы таңғажайып.
Томды дайындау барысында 1917 жылға дейiн араб әрпiнде басылып шыққан кiтаптар мен араб әрпiнде жазылған қолжазбаларды дұрыс тану үшiн мәтiндерге мұқият талдаулар мен сараптау жұмыстары жүргiзiлдi. Түпнұсқада қате жазылған сөздер қазақ тiлiнiң жазу нормаларына және контекске сәйкес түзетiлiп отырды, ал кейбiр шумақтарда жекелеген сөздер мен жалғаулықтар түсiп қалған жағдайда қажеттi сөздер тiк жақшаға алынып берiлдi.
Жалпы бұл шығармалардың тiлi мен сөз саптау мәнерi дастандық эпостың кiтаби және ауызша жырланған үлгiлерiне тән. Мұнда араб, парсы сөздерi жиi кездеседi. Олар қазақ тiлiне аударылып, томның соңында арнайы сөздiкте топтастырылды. Сонымен бiрге мәтiндерде байырғы жалпытүркiлiк сөздер мен грамматикалық формалар, көне және жергiлiктi [диалект] қазақ сөздерi баршылық. Олар түпнұсқалық қалпында берiлдi. Демек, шығармалардың сөз қолданысы толық сақталды.
Томға енiп отырған «Қисса самұрық» пен «Алтын балық» дастандары алғаш рет оқырманға ұсынылып отыр. Ал «Болат, Жанат» пен «Қисса Жәмшид» бұрын көпшiлiкке арналған жинақтарда жарияланғанымен, ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарға сай, түпнұсқадан еш өзгерiссiз дайындалып, оқырманға алғаш ұсынылып отыр.
Томның көлемi-22 б.т.
7-том. Хикаялық дастандар
Қ ҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттiк «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберiнде жарияланатын «Бабалар сөзi» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
«Бабалар сөзi» сериясы-ғылыми басылым. Оның негiзгi принципi-шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп, өзара салыстыра зерттеп, фольклорлық шығарманың сюжетi мен жанрлық белгiлерi туралы толық көрiнiс беретiн мәтiндi оқырманға ұсыну. Керек болған жағдайда бiрнеше варианттары жарияланады. Ол варианттар бiр томда жинақталмаса, ғылыми жұмыстардың барысына қарай кейiнгi томдарда басылады.
Әрбiр том ғылыми қосымшалармен толығып отырады. Ғылыми қосымшалар томға енген мәтiндерге жазылған түсiнiктемелердi және олардың табылған варианттары жөнiнде мәлiметтердi қамтиды. Сондай-ақ бұған сөздiк, жер-су атаулары, мәтiндерде кездесетiн тарихи тұлғалар мен дiни есiмдерге арналған түсiнiктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi, орыс және ағылшын тiлдерiнде жазылған түйiн кiредi.
«Бабалар сөзi» сериясының беташары-ХIХ ғасырда кең дамып, фольклорымыздың тәуелсiз, толыққанды жанры ретiнде қалыптасқан қазақ дастандары түрлiк сипаты мен ерекшелiктерiне орай дiни, хикаялық, ғашықтық, қаһармандық болып жiктеледi.
Серияның алғашқы тоғыз томын хикаялық дастандар құрайды. Олардың мазмұны қызықты, оқиғасы шытырман, сюжеттерiнiң түп төркiнi көбiне шығыстық я халықаралық болып келедi.
Оқырманға ұсынылып отырған аталмыш серияның жетiншi томы алғашқылары сынды хикаялық дастандарға арналған; бұған өте көлемдi, 9312 жолдан тұратын «Әбуғалисина, Әбiлхарис» дастаны енiп отыр. Бұл шығарма 980-1037 жылдары өмiр сүрген белгiлi ойшыл, ғұлама Ибн Синаға [Авиценна] арналған. Бiрақ бұл тарихи шығарма емес. Дастанның бас кейiпкерi өзiнiң прототипi-тарихи Ибн Синадан мүлде алшақтап кеткен, түптеп келгенде ол бұқара халықтың бақытты өмiр сүруiн, әдiлеттiлiктi аңсаған арман-қиялынан туған типтелген фольклорлық бейне.
Томды дайындау барысында 1917 жылға дейiн араб әрпiнде басылып шыққан кiтаптар мен араб әрпiнде жазылған қолжазбаларды дұрыс тану үшiн мәтiндерге мұқият талдаулар мен сараптау жұмыстары жүргiзiлдi. Түпнұсқада қате жазылған сөздер қазақ тiлiнiң жазу нормаларына және контекске сәйкес түзетiлiп отырды, ал кейбiр шумақтарда жекелеген сөздер мен жалғаулықтар түсiп қалған жағдайда қажеттi сөздер тiк жақшаға алынып берiлдi. Мәтiнде кездескен араб, парсы және орыс сөздерi қазақ тiлiне аударылып, томның соңында арнайы сөздiкте топтастырылды.
Жалпы бұл шығарманың тiлi мен сөз саптау мәнерi дастандық эпостың ауызша жырланған үлгiлерiне тән.
Томда жарияланып отырған мәтiн 1990 жылы ғылыми- көпшiлiкке арналған жинақта бiраз қысқарту, редакциялық өзгертулермен жарық көрген. Мәтiн осы жарияланымға қолжазбадан еш өзгерiссiз дайындалды.
Томның көлемi-21 б.т.
8-том. Хикаялық дастандар
Қ ҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттiк «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберiнде жарияланатын «Бабалар сөзi» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
«Бабалар сөзi» сериясы-ғылыми басылым. Оның негiзгi принципi-шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп, өзара салыстыра зерттеп, фольклорлық шығарманың сюжетi мен жанрлық белгiлерi туралы толық көрiнiс беретiн мәтiндi оқырманға ұсыну. Керек болған жағдайда бiрнеше варианттары жарияланады.
Әрбiр том ғылыми қосымшалармен толығып отырады. Ғылыми қосымшалар томға енген мәтiндерге жазылған түсiнiктемелердi және олардың табылған варианттары жөнiнде мәлiметтердi қамтиды. Сондай-ақ бұған сөздiк, жер-су атаулары, мәтiндерде кездесетiн тарихи тұлғалар мен дiни есiмдерге арналған түсiнiктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi, орыс және ағылшын тiлдерiнде жазылған түйiн кiредi.
Оқырманға ұсынылып отырған аталмыш серияның сегiзiншi томына өте көлемдi 11917 жолдан тұратын «Қисса қырық уәзiр» дастаны енiп отыр.
Дастанның негiзгi ой-өзегi-патшаның ерке жас тоқалы бәйбiшеден туған өгей баласына ғашық болып, оған көңiл бiлдiрiп, бетi қайтқан соң, жала жапқан мекерлiгiн сынау, баланың адалдығын дәрiптеу.
«Қисса қырық уәзiр» туралы дастан бiр-бiрiне жалғасып, оқиғалары кезектесiп дамып отыратын көптеген хикаялардан құралады. Хикаялардың мазмұнын шым-шытырық, дiни фантазия мол араласқан-дiни әпсаналар, тарихи аңыздар, кемел билеушiлер туралы әңгiмелер, мысалдар, мифтер, қиял- ғажайып ертегiлер құрайды.
Яғни, қазақ арасында кең тараған «Тотынаманың тоқсан тарауы», «Бақтиярдың қырық бұтағы», «Мың бiр түн» атты топтамалар секiлдi «Қисса қырық уәзiр» де сексеннен астам хикаялардан құралған. Олардың әрбiреуiнiң жеке-жеке атаулары бар.
«Мың бiр түн» сюжетiнен алынып жазылған бұл шығармада өсиет, тәрбиелiк әсерi мол мысалдар, ғажайып оқиғалар, т.б. тартымды суреттелген. Өсиет-өнегелiк сюжеттердiң мақсаты- адам мiнезiнiң сан қырын ашып, жаманын түзеп, адамгершiлiк тәрбиесiн көрсету. Сол сияқты бұл дастаннан көптеген тарихи, этнографиялық мағлұматтар да табуға болады.
Томға енiп отырған мәтiн 1911 жылы Қазан қаласында араб әрпiнде жарық көрген кiтаптан еш түзетусіз әзiрленiп, кирилл әрпiнде оқырманға алғаш рет ұсынылып отыр.
Томның көлемi-26,75 б.т.
9-том. Хикаялық дастандар
Қ ҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттiк «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберiнде жарияланатын «Бабалар сөзi» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
«Бабалар сөзi» сериясы-ғылыми басылым. Оның негiзгi принципi-шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп, өзара салыстыра зерттеп, фольклорлық шығарманың сюжетi мен жанрлық белгiлерi туралы толық көрiнiс беретiн мәтiндi оқырманға ұсыну. Керек болған жағдайда бiрнеше варианттары жарияланады.
Әрбiр том ғылыми қосымшалармен толығып отырады. Ғылыми қосымшалар томға енген мәтiндерге жазылған түсiнiктемелердi және олардың табылған варианттары жөнiнде мәлiметтердi қамтиды. Сондай-ақ бұған сөздiк, жер-су атаулары, мәтiндерде кездесетiн тарихи тұлғалар мен дiни есiмдерге арналған түсiнiктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi, орыс және ағылшын тiлдерiнде жазылған түйiн кiредi.
Оқырманға ұсынылып отырған «Бабалар сөзi» сериясының тоғызыншы томы алғашқылары сынды хикаялық дастандарды қамтиды. Ал серияның келесi оныншы томы дiни дастандарға арналады. Олар жетi том құрайды деп жоспарлануда. Бiрақ хикаялық дастандарымыз сол тоғыз томда жарияланған үлгiлермен шектелмейтiнi анық. Бiздiң сараптауымызша, осы iспеттес шығармаларды қамтитын тағы бiр-екi том дайындалады. Олар кейiнiрек әзiрленген бойда баспаға ұсынылады.
Осы томға енiп отырған дастандар: «Бақтияр қиссасы», «Қисса Шәкiр, Шәкiрат падиша Һашым балалары», «Қисса шаһ Ғаббас ұғлы Иранғайып», «Қисса Һамра, Хұсрау патша», «Қисса мәлiк Хасен». Бұл шығармалардың түп-төркiнi әр түрлi. Мысалы, «Бақтияр қиссасы» парсы тiлiнде жазылған ортағасырлық «Бахтияр-наме» желiсiмен жырланған, «Қисса Һамра, Хұсрау патша»-ортаазиялық түркi халықтарында «Хурлукга-Хемра» атымен белгiлi жырдың қазақ нұсқасы, ал «Қисса мәлiк Хасен», «Қисса Шәкiр, Шәкiрат падиша Һашым балалары», «Қисса шаһ Ғаббас ұғлы Иранғайып» Шығыс пен Батыс халықтарының ертегiлiк эпосында кең тараған мотив пен сюжеттерге негiзделген.
Бұл дастандардың сюжеттерi шытырман, оқиғасы қызықты, композициясы жинақы, ғибраты мол. Мұнда адалдық пен тазалық, адамгершiлiк, достық, пәктiк, iзгiлiк, қайырымдылық, т.б. адами қасиеттер дәрiптеледi.
«Бақтияр қиссасы» мен «Қисса Һамра, Хұсрау патша» дастандары кирилл әрпiнде алғаш басылып отыр. Ал «Қисса Шәкiр, Шәкiрат падиша Һашым балалары», «Қисса шаһ Ғаббас ұғлы Иранғайып» пен «Қисса мәлiк Хасен» дастандары 1986, 1995 жылдары әдеби жинақтарда бiраз түзетулермен редакцияланып жарияланған.
Томға енген мәтiндер Қазан төңкерiсiне дейiн жарық көрген түпнұсқалық басылымдардан еш өзгерiссiз дайындалды.
Томның көлемi- 24,75 б.т.
10-том. Діни дастандар
Қ ҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемлекеттiк «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберiнде жарияланатын «Бабалар сөзi» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
«Бабалар сөзi» сериясы-ғылыми басылым. Оның негiзгi принципi-шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп, өзара салыстыра зерттеп, фольклорлық шығарманың сюжетi мен жанрлық белгiлерi туралы толық көрiнiс беретiн мәтiндi оқырманға ұсыну. Керек болған жағдайда бiрнеше варианттары жарияланады.
Әрбiр том ғылыми қосымшалармен толығып отырады. Ғылыми қосымшалар томға енген мәтiндерге жазылған түсiнiктемелердi және олардың табылған варианттары жөнiнде мәлiметтердi қамтиды. Сондай-ақ бұған сөздiк, жер-су атаулары, мәтiндерде кездесетiн тарихи тұлғалар мен дiни есiмдерге арналған түсiнiктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi, орыс және ағылшын тiлдерiнде жазылған түйiн кiредi.
«Бабалар сөзi» сериясының алғашқы тоғыз томы хикаялық дастандарға арналған. Оқырманға ұсынылып отырған оныншы томға дiни дастандар енгiзiлiп отыр. Олар не бары жетi том құрайды деп жоспарлануда.
Бұрынғы Ресей империясында кiтап бастыру өндiрiсi ХVIII ғасырдың екiншi жартысынан бастап кең дамыды. Сонда Ресей империясының құрамына бодан ретiнде енген мұсылман дiнiн ұстанған түркi халықтары, солардың iшiнде қазақтар үшiн басылған бiрiншi кiтап-Құран Кәрiм болғаны белгiлi. Ол 1771 жылы 3800 данамен жарық көрдi.
Ал қазақ тiлiндегi кiтаптар жүйелi түрде ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап Ресейдiң әр түрлi қалаларында ашылған баспаханаларда араб әрпiнде терiлiп, басылып отырды. Сол басылымдардың көпшiлiгi-рухани құндылықтарымыздың маңызды һәм айрықша бөлiгi болып табылатын дiни дастандар болатын. Ол заңды құбылыс. Көптеген халықтардың жарық көрген бiрiншi кiтаптары дiни мазмұнда болғаны тарихтан белгiлi.
Мыңдаған данамен жарияланған дiни дастандар ел арасына тарап, ықпалын онан сайын күшейттi. Кiтап болып шыққан шығармалармен бiрге, жарияланбаған, әр түрлi архивтерде, фондыларда сақталып, бiзге қолжазба күйiнде жеткен дастандар да аз емес. Өкiнiшке орай, Қазан төңкерiсiнен кейiн бұл сипатты әдебиетке бiрден тыйым салынып, олар оқырман үшiн жабық күйiнде қалып отырды.
Оныншы томға кiрген шығармалар мыналар: «Киiк», «Қақпанға түскен киiктiң хикаясы», «Дариға қыз», «Қисса Шаһизинда», «Қубас», «Қисса жұмжұма», «Үшбу қисса Зеңгiр жүһүд», «Хикаят Тәжiлмәлiк», «Һаза кiтап Мұхаммед-Ханафия», «Мұхаммед-Ханафия хазiрет Әли ұғлының Табут падишамен соғысқаны», «Мұхаммед-Қанапия». Жарияланып отырған мәтiндердiң тақырыптары сан алуан болғанымен, олардың негiзгi идеясы бiр, ол-жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды насихаттау.
Томға енгiзiлiп отырған кейбiр дастандардың үзiндiлерi газет-журналдарда жарияланғанымен, 1994 жылы «Ел қазынасы-ескi сөз» атты кiтапта жарияланған «Киiк», «Қубас» дастандарынан басқасы арнайы фольклорлық жинақтарда жарық көрген емес, яғни кирилл әрпiнде тұңғыш рет басылып отыр.
Томды құрастырып, ғылыми түсініктерін жазған Б. Әзібаева, мәтіндерді дайындап, баспаға әзірлеген Б. Әзібаева, Ж. Рақышева.
Томның көлемi-22,5 б.т.
11-том. Діни дастандар
Қ ҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемлекеттiк «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберiнде жарияланатын «Бабалар сөзi» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
«Бабалар сөзi» сериясы-ғылыми басылым. Оның негiзгi принципi-шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп, өзара салыстыра зерттеп, фольклорлық шығарманың сюжетi мен жанрлық белгiлерi туралы толық көрiнiс беретiн мәтiндi оқырманға ұсыну. Керек болған жағдайда бiрнеше варианттары жарияланады.
Әрбiр том ғылыми қосымшалармен толығып отырады. Ғылыми қосымшалар томға енген мәтiндерге жазылған түсiнiктемелердi және олардың табылған варианттары жөнiнде мәлiметтердi қамтиды. Сондай-ақ бұған сөздiк, жер-су атаулары, мәтiндерде кездесетiн тарихи тұлғалар мен дiни есiмдерге арналған түсiнiктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi, орыс және ағылшын тiлдерiнде жазылған түйiн кiредi.
«Бабалар сөзi» сериясының он бiрiншi томына кiрген шығармалар: «Мұхаммед пайғамбар», «Қисса анхазiрет Расулдың Миғражға қонақ болғаны», «Қисса Мұхаммед Расул Алланың дәрул пәниден дәрул бақиға рихлат еткен мәселесi», «Бозторғай», «Қисса Қаһарман», «Қисса уақиға Кербала үшбу-дүр», «Қисса хазiретi Айшаның тұһматы», «Қисса Мансұр әл-Халаж».
Бұл шығармалардың тақырыптары сан алуан. Мысалы, алғашқы үш дастан Мұхаммед пайғамбарға арналған. Солардың iшiнде «Қисса анхазiрет Расулдың Миғражға қонақ болғаны»-дiни тақырыпқа арналған өте көркем және көпшiлiкке кең тараған дастандардың бiрi. «Бозторғай» дастанында алғашқы төрт әдiлеттi халифаның бiрi хазiретi Әлидiң өзінің екi баласы-Хасен мен Хұсайынды кепiлге берiп, белгiсiз кедей адамды босататыны баяндалады. «Қисса уақиға Кербала үшбу-дүр» дастанының фабуласына 680 жылы Ирактың Куфа шаһарының маңында, Кербала атты шөлдi мекенде өткен тарихи оқиға өзек болған. «Қисса Қаһарманда» мифологиялық, ертегiлiк, эпикалық сюжеттер мен тұрақты мотивтер мол орын алған. «Қисса хазiретi Айшаның тұһматы» дастанында әңгiмеленетiн оқиғалар өмiрден алынған, ал «Қисса Мансұр әл-Халажда» тарихи фактiлер мен ертегiлiк, фантастикалық мотив, сюжеттер тығыз байланыста баяндалады.
Демек, дастандардың бiрi нақты болған тарихи оқиғаларға негiзделсе, ендi бiрi дiни аңыз, әңгiмелердi арқау еткен, ал тағы бiрiнiң өзегiн көне архаикалық және фантастикалық сюжеттер құрайды.
Томды дайындау барысында ХХ ғасырдың басында араб әрпiнде басылып шыққан мәтiндердi дұрыс тану үшiн оларға мұқият талдаулар мен сараптау жұмыстары жүргiзiлдi. Түпнұсқада қате жазылған сөздер қазақ тiлiнiң жалпыға ортақ жазу нормаларына және контекске сәйкес түзетiлiп отырды, ал кейбiр шумақтарда жекелеген сөздер мен жалғаулықтар түсiп қалған жағдайда қажеттi сөздер жақшаға алынып берiлдi.
Томға енiп отырған шығармалардың тiлi мен сөз саптау мәнерi дастандық эпостың кiтаби үлгiлерiне тән. Мұнда араб, парсы сөздерi жиi кездеседi. Олар қазақ тiлiне аударылып, томның соңында арнайы сөздiкте топтастырылды. Сондай-ақ мәтiндерде бiрлi-жарым жалпытүркiлiк формалар да сақталған. Олар түпнұсқалық қалпында берiлдi.
Томға енген «Мұхаммед пайғамбар» дастаны М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында сақтаулы тұрған қолжазбадан дайындалды, қалған дастандар Қазан төңкерiсiне дейiн араб әрпiнде басылып шыққан кiтаптардан еш түзетусiз дайындалып, кирилл әрпiнде тұңғыш рет жарияланып отыр.
Томның көлемi-23 б.т.
12-том. Діни дастандар
Қ ҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемлекеттiк «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберiнде жарияланатын «Бабалар сөзi» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Аталған басылымның басты мақсаты-халықтың рухани мол мұрасын сол күйiнде өзiне қайтару, яғни қолда бар фольклорлық материалдарды түгел жарыққа шығару, сол арқылы ұлттық мәдениетiмiздiң байлығын көрсету, әрi қазiргi көркем әдебиет пен өнердiң дамуына соны серпiлiс беру. Сонымен бiрге бұл басылым бүгiнгi оқырман мен ғылымға ғана емес, келешек ұрпақтың ежелгi мәдениетiмiздi бiлуiне, үйренуiне, игеруiне және зерттеуiне негiз болуды көздейдi.
«Бабалар сөзi» сериясы-ғылыми басылым. Оның негiзгi принципi-шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп, өзара салыстыра зерттеп, фольклорлық шығарманың сюжетi мен жанрлық белгiлерi туралы толық көрiнiс беретiн мәтiндi оқырманға ұсыну. Керек болған жағдайда бiрнеше варианттары жарияланады.
Әрбiр том ғылыми қосымшалармен толығып отыр. Қосымшалар томға енген мәтiндерге жазылған ғылыми түсiнiктемелердi және олардың табылған варианттары жөнiнде мәліметтердi қамтиды. Сондай-ақ бұған сөздiк, жер-су атаулары, мәтiндерде кездесетiн тарихи тұлғалар мен дiни есiмдерге арналған түсiнiктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi, орыс және ағылшын тiлдерiнде жазылған резюме кiредi.
«Бабалар сөзi» атты серияның он екiншi томы алдындағы он бiрiншi том сияқты дiни дастандарды қамтиды, олар: «Қисса Зарқұм», «Зарқұм». Мұнда «Зарқұм» дастанының екi нұсқасы жарияланып отырған себебi, олардың сюжетi бiр болғанымен, бұлардың әрбiреуi де өз алдына дербес, мүлде оқшау стиль мен дәстүр аясында туған шығарма; әр нұсқаның жырлау үлгiсi мен тiлдiк жүйесiнде өзiндiк ерекшелiктерi бар.
«Қисса Зарқұм» алғаш рет 1877 жылы Қазан қаласында жеке кiтап болып жарияланған. Содан соң 1916 жылға дейiн он төрт рет мыңдаған данамен қайта басылды. Ал Майлықожа жырлаған нұсқа ел арасында кеңiнен тарап, бiзге бiрнеше қолжазба арқылы жетiп отыр.
Дастанның өлең және жыр үлгiсiнде айтылған, халыққа танымал екi көлемдi нұсқасының болуы осындай шығармаларға үлкен сұраныс болғанының айғағы.
Кеңестiк дәуiрге дейiн қазақ фольклорының мәтiндерi, негiзiнен, араб әрпiнде басылғаны белгiлi. Ал араб жазуында дауысты дыбыстардың жасырын тұрғаны, бас әрiптiң болмайтындығы, тыныс белгiлерiнiң қойылмайтындығы мәтiндердi дұрыс оқуға едәуiр қолбайлау болды. Қазақ және араб тiлдерi әр түрлi тiлдiк жүйеге жататындықтан, араб әлiпбиi тiлiмiздегi төл дыбыстарды таңбалауға да, оның өзiндiк ерекшелiктерiн байқатуға да дәрменсiз. Сондай-ақ ХIХ ғасырда араб жазуын пайдаланудың жалпыға ортақ ережелерiнiң болмауы да өз әсерiн тигiзбей қалмады.
Сондықтан томды дайындау барысында ХIХ ғасырда араб әрпiнде жазылған қолжазба мен Қазан төңкерiсiне дейiн кiтап болып шыққан дүниелердi дұрыс оқу үшiн мәтiндерге мұқият талдаулар мен сараптау жұмыстары жүргiзiлдi. Түпнұсқада қате жазылған сөздер қазақ тiлiнiң жалпыға ортақ жазу нормаларына және контекске сәйкес түзетiлiп жазылды, ал кейбiр шумақтарда жекелеген сөздер мен жалғаулықтар түсiп қалған жағдайда қажеттi сөздер жақшаға алынып берiлдi.
1877-1916 жылдар аралығында Қазанда бiрнеше рет кiтап болып шыққан «Қисса Зарқұм» мен ХIХ ғасырда Майлықожа жырлаған «Зарқұм» дастаны түпнұсқаларынан еш түзетусiз дайындалып, кирилл әрпiнде тұңғыш рет жарияланып отыр.
Томның көлемi-20,5 б.т.
13-том. Діни дастандар
Қ ҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Бабалар сөзi» атты көп томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Аталған басылымның басты мақсаты-халықтың рухани мұрасын сол күйiнде өзiне қайтару, яғни қолда бар фольклорлық материалдарды жарыққа шығару.
«Бабалар сөзi» атты серияның он үшiншi томы алдыңғы оныншы, он бiрiншi, он екiншi томдары сияқты дiни дастандарды қамтиды.
Қазақ ақындары «Салсал», «Кербаланың шөлiнде», «Жұмжұма», «Зарқұм», «Хазiрет Оспан», «Мұхаммед Ханафия» сияқты ондаған дiни мазмұнды, ислам дiнiнiң тарихы мен имандылықты жырлайтын дастандарды туғызды.
Олардың көбi ХIХ ғасырдың екiншi жартысында және ХХ ғасырдың басында жеке кiтап болып басылып, халық арасына қисса-хикая, дастан деген атпен кең таралды.
Дiни дастандар өзiнiң сюжеттерi, мазмұны, шығу тарихы, даму, таралу жолдары жағынан әр түрлi. Бiрақ олардың барлығы идея жағынан бiрiгедi, ол-исламдық руханият құндылықтарын насихаттау, мұсылманшылықты өмiр сүрудiң негiзi деп түсiндiру идеясы.
Аталмыш серияның он үшiншi томына «Ғазауат Сұлтан» атты шығарма енгiзiлдi.
Дастанның басты қаһарманы Сейiтбаттал (Баттал-Ғази)-түрiк фольклорлық эпосының қаһарманы. Осы дiни күрескердiң ерлiктерi дәрiптелетiн шағын дастан Қазан төңкерiсінен бұрын бiрнеше рет (1879, 1883, 1888, 1908) басылып шықты.
Ал Сейiтбатталға арналған «Ғазауат Сұлтан» атты өте көлемдi, 18094 жолдан тұратын дастан 1908 жылы жарық көрді. Оны жариялаған-Маңқыстау Тыныштықұлы.
Дастанның басты қаһарманы Сейiтбаттал-әскер басы, дiндi уағыздаушы батыр ретiнде көп уақыт бойы ислам дiнiн басқа халықтарға таратуға күш салған. Сейiтбаттал-Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы, халифа Әлидiң ұлы Хұсайыннан тараған ұрпақ, солардың бастаған ғазауат жорығын жалғастырушы.
Дастанның негiзгi сюжетiне арқау болған-Сейiтбаттал батырдың көп құдайшылдарға қарсы соғыстары мен оның әдiл қазылығы туралы аңыз, әңгiмелер.
Томға кiрген бөкейлiк Маңқыстау Тыныштықұлы жариялаған «Ғазауат Сұлтан» дастаны көлемдi болғандықтан, алғашқы он төрт тарауы жүз томдық серияның он үшiншi томына енгiзiлдi де, қалған бөлiгi келесi он төртiншi томға кiрдi.
Томды дайындау барысында Қазан төңкерiсiне дейiн кiтап болып шыққан мәтiндi дұрыс тану үшiн мұқият талдаулар мен сараптау жұмыстары жүргiзiлдi.
Кiтапты құрастырушылар, негiзiнен, ғылыми басылымның басты шарттарын басшылыққа ала отырып, шығарманың түпнұсқа мәтiнiн мүмкiндiгiнше сақтауға тырысқанын ескертемiз. Мәселен, дастанда кездесетiн һәр(әр), ердi (едi), һеш (еш), бiрлән, илән, илә (және, бенен, мен), уа (және) т. б. осы тектес араб, парсы, түркi сөз қолданыстары, сондай-ақ Құран мен хадистерден келтiрiлген үзiндiлер де көп жағдайда түпнұсқа бойынша берiлдi. Ал шығарушылардың сауатсыздығынан кеткен кейбiр қателер мағынасына сай түзетiлдi
Том қосымшалармен толықтырылды. Қосымшаларда томға енген нұсқаға ғылыми түсiнiктеме және оның табылған варианттары жөнiнде мәлiмет берiлдi. Сондай-ақ бұған сөздiк, жер-су атаулары, мәтiндерде кездесетiн тарихи тұлғалар мен дiни есiмдерге арналған түсiнiктер, дастанның жинаушылары мен жырлаушылары туралы деректер, орыс, ағылшын тiлiндегi резюмесi жазылып, пайдаланылған әдебиеттердiң тiзiмi көрсетiлдi.
Томға ұсынылып отырған «Ғазауат Сұлтан» дастаны 1908 жылғы басылымынан еш өзгертусіз дайындалып, кирилл әрпiнде тұңғыш рет жарияланып отыр.
Томның көлемi-22 б. т.
14-том. Діни дастандар
Қ ҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Бабалар сөзi» атты көп томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Аталған басылымның басты мақсаты-халықтың рухани мұрасын сол күйiнде өзiне қайтару, яғни қолда бар фольклорлық материалдарды түгел жарыққа шығару.
«Бабалар сөзi» сериясының он төртiншi томына «Ғазауат Сұлтан» дастанының жалғасы, яғни он бесiншi-жиырма жетiншi тараулары енгiзiлдi. Шығарманың алғашқы он төрт тарауы аталмыш серияның он үшінші томында жарияланды.
Бұл дастан 1908 жылы араб әрпiнде жарық көрген. Жариялаған бөкейлiк Маңқыстау Тыныштықұлы.
Дастанның басты қаһарманы Сейiтбаттал-әскер басы, дiндi уағыздаушы батыр ретiнде көп уақыт бойы ислам дiнiн басқа халықтарға таратуға күш салған. Сейiтбаттал-Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы, халифа Әлидiң ұлы Хұсайыннан тараған ұрпақ, солардың бастаған ғазауат жорығын жалғастырушы.
Томды дайындау барысында Қазан төңкерiсiне дейiн кiтап болып шыққан мәтiндi дұрыс тану үшiн мұқият талдаулар мен сараптау жұмыстары жүргiзiлдi.
Кiтапты құрастырушылар негiзiнен ғылыми басылымның басты шарттарын басшылыққа ала отырып, шығарманың түпнұсқа мәтiнiн мүмкiндiгiнше сақтауға тырысқанын ескертемiз. Мәселен, дастанда кездесетiн һәр(әр), ердi (едi), һеш (еш), бiрлән, илән, илә (және, бенен, мен), уа (және), ерiштi (ердi) т. б. осы тектес араб, парсы, түркi сөз қолданыстары, сондай-ақ Құран мен хадистерден келтiрiлген үзiндiлер де көп жағдайда түпнұсқа бойынша берiлдi. Ал Қазан қаласындағы көне татар баспаханаларының техникалық кемшiлiктерi мен сауатсыздық салдарынан кеткен кейбiр қателер мағынасына сай түзетiлдi.
Том қосымшалармен толықтырылды. Қосымшаларда томға енген нұсқаға ғылыми түсiнiктеме және оның табылған варианттары жөнiнде мәлiмет берiлдi. Сондай-ақ бұған сөздiк, жер-су атаулары, мәтiндерде кездесетiн тарихи тұлғалар мен дiни есiмдерге арналған түсiнiктер, дастанның жинаушылары мен жырлаушылары туралы деректер, орыс, ағылшын тiлiндегi резюмесi жазылып, пайдаланылған әдебиеттердiң тiзiмi көрсетiлдi.
1908 жылы Қазан қаласы, Университет баспаханасынан кiтап болып шыққан «Ғазауат Сұлтан» дастанының мәтiнi түпнұсқадан еш түзетусiз дайындалып, қазiргi әрпiмiзде тұңғыш рет жарияланып отыр.
Томның көлемi-23,75 б. т.
15-том. Діни дастандар
Қ ҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттiк «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберiнде жарияланатын «Бабалар сөзi» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Аталған басылымның басты мақсаты- халықтың рухани мұрасын сол күйiнде өзiне қайтару, яғни қолда бар фольклорлық материалдарды түгел жарыққа шығару.
«Бабалар сөзi» сериясы-ғылыми басылым. Оның негiзгi принципi-шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп, өзара салыстыра зерттеп, фольклорлық шығарманың сюжетi мен жанрлық белгiлерi туралы толық көрiнiс беретiн мәтiндi таңдап оқырманға ұсыну. Керек болған жағдайда бiрнеше варианттары жарияланады.
Әрбiр том қосымшалармен толығып отырады. Қосымшаларда ең алдымен, томға енген нұсқалардың түсiнiктемелерi және олардың варианттары жөнiнде толық мәлiмет берiледi. Сондай-ақ бұған сөздiк, жер-су атаулары, мәтiндерде кездесетiн тарихи тұлғалар мен дiни есiмдерге арналған түсiнiктер кiредi. Ең соңында дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер және ағылшын, орыс тiлдерiндегi резюме жазылып, пайдаланылған әдебиеттердiң тiзiмi көрсетiледi.
«Бабалар сөзi» атты серияның он бесiншi томы алдыңғы 10-14-томдары тәрiздi дiни дастандарды қамтиды. Олар-көлемдi, оқиғасы шытырман «Қисса Салсал» мен «Әзiрет Әлидiң соғысы» және «Қисса Әбушахма», «Хикая Әбушаһыма» атты дастандар.
Дiни дастандар өткен ғасырларда халықтың рухани азығы ретiнде ұлы мiндет атқарғаны белгiлi. Дiн тақырыбындағы шығармалар ХIХ ғасырдың екiншi жартысында жүйелi түрде араб әрпiнде мыңдаған данамен кiтап болып басылды. Мысалы, «Қисса Салсал» дастаны тоғыз мәрте баспа жүзiн көрген. Төрт басылымның жалпы таралымы-23200 дана.
Мыңдаған данамен жарияланған дiни дастандар ел арасына тарап, ықпалын онан сайын күшейттi. Кiтап болып шыққан шығармалармен бiрге, жарияланбаған, әр түрлi мұрағаттарда, қорларда сақталып, бiзге қолжазба күйiнде жеткен дастандар да аз емес. Солардың iшiнде томға ұсынылып отырған ХIХ ғасырдың аяғында хатқа түскен «Әзiрет Әлидiң соғысы» мен «Қисса Әбушахма» және ХХ ғасырдың басында жазылып алынған «Хикая Әбушаһыма» дастандары.
Томды дайындау барысында ХIХ ғасырда араб әрпiнде жазылған қолжазба мен Қазан төңкерiсiне дейiн кiтап болып шыққан дүниелердi дұрыс оқу үшiн мәтiндерге мұқият талдаулар мен сараптау жұмыстары жүргiзiлдi. Түпнұсқада қате жазылған сөздер қазақ тiлiнiң жалпыға ортақ жазу нормаларына және контекске сәйкес өзгертiлiп отырды, ал кейбiр шумақтарда жекелеген сөздер мен жалғаулықтар түсiп қалған жағдайда қажеттi сөздер тiк жақшаға алынып берiлдi.
Томға енгiзiлiп отырған «Қисса Салсал» дастаны 1909 жылғы кiтаптан, ал «Әзiрет Әлидiң соғысы», «Қисса Әбушахма» мен «Хикая Әбушаһыма» М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба орталығында сақтаулы тұрған қолжазбалардан еш өзгертусiз дайындалды.
Томның көлемi-21,5 б.т.
16-том. Діни дастандар
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Бабалар сөзi» атты көп томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
«Бабалар сөзi» сериясының томдары жанр бойынша топтастырылады. Серияның алғашқы тоғыз томы хикаялық дастандарды қамтыды. Оныншы томнан бастап дiни дастандар жарияланып келедi. Он алтыншы том дiни дастандар тiзбегiнiң соңғысы. Демек, бұлар жетi томды құрайды. Бiрақ бұл томдарда жарияланған шығармалармен дiни дастандар түгел қамтылды деуге болмайды. Бiздiң пайымдауымызша, кейiнiрек осы iспеттес шығармаларды қамтитын тағы бiр-екi том дайындалып, баспаға ұсынылады.
Он алтыншы томға iрiлi-ұсақты он жетi дастан енiп отыр. Олар: «Қисса Сейiтбаттал»,«Қисса Наушаруан»,«Жүһүдтiң баласы пайғамбарға ғашық болғаны»,«Қисса Көдек баланың хикаяты», «Қисса Гүлжәмила қыздың хикаясы», «Диуана шейх Бұрқы», «Қожа Баһауидин хазiретiнiң қиссасы»,«Қисса хазiрет Әлидiң Сараңбайды жолға салғаны», «Қисса хазiрет Әли разы Алла анһудың шаһ Барбарға құл болып сатылғаны», «Хазiрет Әлидiң Жанәдiл шаһарында төбелескенi»,«Қисса хазiретi Оспан разы Алла анһудың қонаққа шақырғаны», «Қисса Сәдуақас», «Қисса Тамимдер», «Қисса Үхүд»,«Қисса Бәдiр», «Қисса Зейнеп пен Заидтың уақиғасы» «Қисса Мәлiкаждар».
Бұл шығармалардың тақырыптары мен сюжеттерi сан алуан. Бiреулерi өмiрде нақты болған тарихи оқиғаларды баяндаса, ендi бiреулерi ел арасында тараған дiни аңыз, әңгiмелерге негiзделген, ал тағы бiреулерiнде көне мифтiк, ертегiлiк мотивтер мен хикаялық сюжеттер кеңiнен пайдаланылған.
Мысалы, «Қисса Үхүд», «Қисса Бәдiр» дастандарында хижраның 3-5-жылдары аралығында ислам тарихында елеулi орын алған оқиғалар баяндалады. Жырлаушылар тарихта болған жайттарды сол қалпында сипаттап өткендiгiн көремiз. «Қисса Сейiтбаттал» көне «қаһармандық үйлену» сюжетiне, ал «Наушаруан» дастаны ана еркi дәуiрiнде пайда болған «күйеу таңдау» сюжетiне негiзделген. Томға енген бiрнеше шығармаларда есiмдерi тарихтан белгiлi сопылардың өнегелi, үлгiлi iс-әрекеттерi дәрiптеледi. Мысалы, «Диуана шейх Бұрқы» дастанының кейiпкерi Бұрқы бүкiл адамзаттың қамын жеген таза ниеттi адам. «Қисса Көдек баланың хикаяты» мен «Жүһүдтiң баласы пайғамбарға ғашық болғаны» атты дастандарда «Пайғамбар туралы дерек Тауратта берiлген» деген аңыз көркем баяндалған. Ал «Қисса Тамимдер», «Қисса Сәдуақас», «Қисса хазiрет Әли разы Алла анһудың шаһ Барбарға құл болып сатылғаны», «Хазiрет Әлидiң Жанәдiл шаһарында төбелескенi», «Мәлiкаждар» атты шығармалар әдiлеттi халифалардың бiрi, пайғамбардың күйеу баласы хазiрет Әлиге арналған. Мұнда Әли тек батыр, алып күш иесi, ислам дiнiн таратушы, орнықтырушы ретiнде ғана емес, ол балаларын жан-тәнiмен сүйетiн адал әке, жарлыларға қамқоршы ретiнде бейнеленедi. Аталған дастандарда көптеген ертегiлiк мотивтер шебер пайдаланылған.
Бұл том басқалары секiлдi қосымшалармен қамтылды. Қосымшаларда ең алдымен, томға енген нұсқалардың түсiнiктемелерi және олардың варианттары жөнiнде мәлiмет берiлдi. Сондай-ақ бұған сөздiк, жер-су атаулары, мәтiндерде кездесетiн тарихи тұлғалар мен дiни есiмдерге арналған түсiнiктер кiрдi. Ең соңында дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер және ағылшын, орыс тiлдерiндегi резюме жазылып, пайдаланылған әдебиеттердiң тiзiмi көрсетiлдi.
ХIХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басында араб әрпiнде жарық көрген кiтаптардан еш өзгертусiз дайындалып, томға ұсынылып отырған бұл мәтiндер Қазан төңкерiсiнен кейiн тұңғыш рет жарық көрiп отыр.
Томның көлемi-20,5 б.т.
17-том. Ғашықтық дастандар
ҚҰРАСТЫРУШЫДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемлекеттiк «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберiнде жарияланатын «Бабалар сөзi» атты жүзтомдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Осы күнге дейiн серияның он алты томы дайындалып жарық көрдi. Олардың тоғыз томы хикаялық дастандарды, жетi томы дiни тақырыптағы шығармаларды қамтыды. 17-томнан ғашықтық дастандар жарияланады. Олар алты том болады деп жоспарлануда.
«Бабалар сөзi» сериясының 17-томына үш ғашықтық дастан енiп отыр: «Бозжiгiт», «Сейпiлмәлiк», «Қисса Сейпiлмәлiк шаһзада-Бәдiғұлжамал перiзат».
Бұлардың мазмұнын екi жастың махаббаты, олардың ғашықтық аңсары үшiн күресi, сол жолда көрген кедергi-қиындықтары құрайды. Бұл тақырып халқымыздың классикалық ғашықтық эпостарында да баяндалады. Оларда отбасылық қарым-қатынастар мен махаббат мәселесi жанр табиғатына, заманына сәйкес жырланып келдi. Кейiнiрек туған ғашықтық дастандарда ол тақырып басқаша түсiндiрiледi. Ғашықтық дастандардың кейiпкерлерi ата-анасы құда түсiп, ертеректе айттырып қойған қызды емес, өзi таңдаған, өзi сүйiп ұнатқан қызды iздеп, сонымен қосылуды арман етедi.
«Бозжiгiт» дастаны ел арасында кең таралған, ерте замандардан берi танымал жырлардың қатарына жатады. Ол ең алғаш 1870 жылы В.В.Радловтың «Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибири и Джунгарской степи» атты еңбегiнiң үшiншi томында жарияланды деген пiкiр қалыптасқан, бiрақ мәтiн одан көп бұрын баспа бетiн көргенi дәлелденiп отыр.
«Сейпiлмәлiк» дастаны-қазақ сөз өнерi үлгiлерiнiң iшiнде ең бiрiншi болып баспа бетiн көрген шығарма, ол 1807 жылы Қазандағы Университет баспаханасынан араб әрпiнде жарық көрген. Томға дастанның екi нұсқасы берiлiп отыр, бiреуi В.В.Радлов 1870 жылы жариялаған нұсқа, екiншiсi 1882 жылдан бастап бiрнеше мәрте баспа бетiн көрген мәтiн. Екi нұсқаның оқиғасы бiр, мазмұны өте жақын болғанына қарамастан екi нұсқа да өзiндiк тiлдiк ерекшелiктерiмен өзгешеленедi, яғни әр нұсқаның жыршысы белгiлi сюжеттi өзiнше жырлап дамытқан.
Оқырманға ұсынылып отырған бұл том «Бабалар сөзi» сериясының негiзгi принциптерiне сәйкес дайындалды. Жинақ алты том болады деп жоспарланып отырған ғашықтық дастандардың алғашқысы болғандықтан, бұған сол томдарда жарияланатын шығармалардың жанрлық ерекшелiктерiн сипаттайтын кiрiспе мақала жазылды және ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшалар томға енген мәтiндерге жазылған түсiнiктемелердi және олардың табылған варианттары жөнiнде мәлiметтердi қамтиды. Сондай-ақ бұған сөздiк, жер-су атаулары, мәтiндерде кездесетiн тарихи тұлғалар мен дiни есiмдерге арналған түсiнiктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi, орыс және ағылшын тiлдерiнде жазылған түйiн кiредi.
Томға енген мәтiндер Қазан төңкерiсiне дейiн жарық көрген басылымдардан еш өзгертусiз дайындалды.
Томның көлемi- 23 б.т.
18-том. Ғашықтық дастандар
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттiк «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберiнде жарияланатын «Бабалар сөзi» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Серияның 18-томы ғашықтық (романдық) дастандарға арналған. Олар: «Қисса хазiрет Жүсiп аләйһиссалам илән Зылиханың мәселесi», «Қисса Шеризат-Күлшат», «Қисса Дандан», «Қисса Зияда, Шаһмұрат».
Бұл дастандардың тақырыптары бiр болғанымен, сюжеттерi сан алуан. Мысалы, «Қисса хазiрет Жүсiп аләйһиссалам илән Зылиханың мәселесi» дастанына арқау болған сюжет ежелгi мифтерден, Таурат пен Iнжiл, Құраннан алынған. Ол шығыс пен батыс әдебиетiне бiрдей, кең тараған әлемдiк сюжеттердiң қатарына жатады. Осы тақырыпқа арналған шығармаларда жақсылықтың мәңгi күшi туралы ойлар, жазаның болмай қоймайтындығы туралы және соңында зұлымдықтың жеңiлiсiмен аяқталатыны жайында, мiнез-құлықтың әлеуметтiк мәнi туралы бейнеленген.
«Қисса Шеризат-Күлшат» дастаны орта ғасырлық парсы хикаясының желiсiмен жырланып, қазақ арасына кең тараған. Қазiргi кезде осы сюжетке негiзделген, бiр-бiрiнен бөлек, атаулары әр түрлi болып келетiн, фольклор және жазба әдебиет түрiнде жырланған, жазылған алты шығарма мәлiм болып отыр.
Бұларды дүниеге әкелген, өзiнше жырлап, халық арасына таратқандар-М.Ж.Көпеев, Ә.Найманбаев, Н.Нысанбайұлы, Е.Құнанбаев, К.Әлiмбетов т.б. Осы томға халықтық вариантын ұсынып отырмыз.
«Қисса Дандан» және «Қисса Зияда, Шаһмұрат» шығыстың ғашықтық дастандарының классикалық үлгісі бойынша құрылған. Онда ғашықтық дастандар поэтикасына тән мотивтер сақталған: сырттай ғашық болу, қатерлi сапарға шығу, барлық қиындықтарды жеңiп, ақыры сүйгенiмен кездесу т.б. «Қисса Зияда, Шаһмұрат» дастанының бiр ерекшелiгi-екi жiгiт пен екi қыздың, яғни қос жұп арасындағы махаббаттың жырлануы. Мұнда ол көбiне ертегiлiк-таңғажайып сипатта суреттеледi.
«Қисса Дандан» мен «Қисса Шеризат-Күлшат» дастандары кирилл әрпiнде алғаш басылып отыр. Ал «Қисса хазiрет Жүсiп аләйһиссалам илән Зылиханың мәселесi» дастаны 1976 және 1994 жылдары, «Қисса Зияда, Шаһмұрат» дастаны 1986 және 1995 жылдары фольклорлық жинақтарда бiраз түзетулермен редакцияланып жарияланды.
«Бабалар сөзi» сериясы-ғылыми басылым. Оның басылу принциптерiне сәйкес бұл том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Мұнда томға енген мәтiндерге жазылған түсiнiктемелер және олардың табылған варианттары жөнiнде мәлiметтер қамтылды. Сондай-ақ бұған сөздiк, жер-су атаулары, мәтiндерде кездесетiн тарихи тұлғалар мен дiни есiмдерге арналған түсiнiктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi, орыс және ағылшын тiлдерiнде жазылған түйiн кiрдi.
Томды дайындау барысында ХIХ ғасырда араб әрпiнде жазылған қолжазбалар мен Қазан төңкерiсiне дейiн кiтап болып шыққан дүниелердi дұрыс тану үшiн мәтiндерге мұқият талдаулар мен сараптау жұмыстары жүргiзiлдi. Түпнұсқада қате жазылған сөздер қазақ тiлiнiң жалпыға ортақ жазу нормаларына және контекске сәйкес түзетiлiп отырды, ал кейбiр шумақтарда жекелеген сөздер мен жалғаулар түсiп қалған жағдайда қажеттi сөздер жақшаға алынып берiлдi.
Томға енген мәтiндер 1917 жылға дейiн жарық көрген басылымдар мен қолжазбадан еш өзгертусiз дайындалды.
Томның көлемi- 23,5 б.т.
19-том. Ғашықтық дастандар
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемлекеттiк «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберiнде жарияланатын «Бабалар сөзi» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
«Бабалар сөзi» атты серияның он тоғызыншы томы халқымыздың ғасырлар бойында жаратқан эпикалық мұраларының бiр саласы-ғашықтық дастандарға арналған.
Томға фабулалық төркiнi шығыстан келсе де, қазақ халқына кең тараған, өзiнiң төл туындысындай етене жақын болып кеткен «Қисса Ләйлi-Мәжнүн», «Қисса Таһир-Зүһра» дастандары мен жергiлiктi фольклорлық сюжетке құрылған «Бозаманның қиссасы» енгiзiлiп отыр.
Алғашқы екi дастанда бiрiн-бiрi сүйген жастардың бас еркiндiгi жолындағы озбырлық-зұлымдыққа қарсы күресi мен махаббат трагедиясы жырланады. «Бозаманның қиссасы» дастанында сүйiспеншiлiк тақырыбы қиял-ғажайып сипатта, дәстүрлi эпос пен шығыс дастанының поэтикасы ұштастырыла жырланған.
Кiтап «Бабалар сөзi» сериясының қағидаларына сәйкес дайындалып, ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшалар томға енген мәтiндерге жазылған түсiнiктемелердi және жарияланып отырған нұсқалардың варианттары, көшiрмелерi жөнiнде мәлiметтердi қамтыды. Сондай-ақ бұған сөздiк, жер-су атаулары, мәтiндерде кездесетiн тарихи тұлғалар мен дiни есiмдерге арналған түсiнiктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi, орыс және ағылшын тiлдерiнде жазылған түйiн кiрдi.
6 ҒАШЫҚТЫҚ ДАСТАНДАР
Томды дайындау барысында Қазан төңкерiсiне дейiн араб әрпiнде басылған кiтаптар мен араб, латын әрпiндегi қолжазбаларды дұрыс тану үшiн мәтiндерге мұқият талдаулар мен сараптау жұмыстары жүргiзiлдi. Түпнұсқада қате жазылған сөздер қазақ тiлiнiң жалпыға ортақ жазу нормаларына және контекске сәйкес түзетiлiп отырды, ал кейбiр шумақтарда жекелеген сөздер мен жалғаулар түсiп қалған жағдайда қажеттi сөздер жақшаға алынып берiлдi.
Томға енiп отырған «Қисса Ләйлi-Мәжнүн» мен «Бозаманның қиссасы» бұрын еш жерде жарияланбаған, бiзге қолжазба күйiнде жетiп отыр. Бiрiншi дастанның жазбасы ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Орталық ғылыми кiтапханасында [2001-шифрлы бума], екiншiсi М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба орталығында [105-шифрлы бума] сақтаулы.
Ал «Қисса Таһир-Зүһра» Қазан төңкерiсiне дейiн бiрнеше мәрте баспа бетiн көрген. Сондай-ақ Кеңес дәуiрiнде көпшiлiкке арналған жинақта бiраз түзетулермен екі рет жарияланған.
Томға ұсынылып отырған мәтiндер түпнұсқаларынан еш өзгертусiз дайындалды.
Томның көлемi-20,5 б.т.
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттiк «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберiнде жарияланатын «Бабалар сөзi» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Аталған басылымның басты мақсаты-халықтың рухани мұрасын сол күйiнде өзiне қайтару, яғни қолда бар фольклорлық материалдарды түгел жарыққа шығару.
Оқырманға ұсынылып отырған аталмыш серияның жиырмасыншы томы, алдыңғы 17, 18, 19-томдары сияқты ғашықтық дастандарды қамтыды, олар-«Қисса Жиһаншаһ Тамузшаһұғылы», «Қисса қожа Ғаффан», «Нұғыман-Нағиманның қиссасы», «Қисса Баһрам».
Бұл шығармалар Шығыс әдебиетiнен ауысқан аңыз, әңгiме, ертегiлердiң iзiмен классикалық дастан поэтикасына сәйкес жырланған. Мұнда бiр-бiрiне ғашық болған екi жастың махаббаты дәрiптелiп жырланады, олардың аңсары үшiн күресiп, сол жолда көрген сан қилы кедергi-қиындықтарды жеңiп қосылғаны баяндалады.
Томды дайындау барысында араб әрпiнде жазылған қолжазбалар мен Қазан төңкерiсiне дейiн кiтап болып шыққан дүниелердi дұрыс оқу үшiн мәтiндерге мұқият талдаулар мен сараптау жұмыстары жүргiзiлдi. Түпнұсқада қате жазылған сөздер қазақ тiлiнiң жалпыға ортақ жазу нормаларына және контекске сәйкес өзгертiлiп отырды, ал кейбiр шумақтарда жекелеген сөздер мен жалғаулықтар түсiп қалған жағдайда қажеттi сөздер тiк жақшаға алынып берiлдi.
«Бабалар сөзi» сериясының қағидаларына сәйкес том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Оған томға енген нұсқаларға жазылған түсiнiктемелер, сондай-ақ сөздiк, жер-су атаулары, мәтiндерде кездесетiн тарихи тұлғалар мен дiни есiмдерге арналған түсiнiктер, дастандардың жинаушылары мен жырлаушылары туралы деректер және ағылшын, орыс тiлдерiнде жазылған резюме кiрдi, пайдаланылған әдебиеттердiң тiзiмi көрсетiлдi.
Томға енгiзiлiп отырған «Қисса Жиһаншаһ Тамузшаһұғылы» 1897 жылғы басылымнан, «Қисса қожа Ғаффан» 1880 жылғы, «Қисса Баһрам» 1908 жылғы басылымнан алынып дайындалды. Ал «Нұғыман-Нағиманның қиссасы» Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақтаулы тұрған жазбадан еш өзгертусiз дайындалды. Араб әрпiмен жазылған мәтiндердi кирилл әрпiне түсiргендер: Ақан А., Садықова Н. «Қисса Баһрам» 1995 жылы «Батырлық дастандар» атты жинақта бiраз редакцияға ұшырап жарияланған, томға кiрген басқа мәтiндер алғаш рет жарияланып отыр.
Томның көлемi-21 б.т.
21-том. Ғашықтық дастандар
Қ ҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүзтомдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
«Бабалар сөзі» сериясы-ғылыми басылым. Оның негізгі принципі-шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп, өзара салыстыра зерттеп, фольклорлық шығарманың сюжеті мен жанрлық белгілері туралы толық көрініс беретін мәтінді түпнұсқадан еш өзгертусіз дайындап, оқырманға ұсыну. Керек болған жағдайда бірнеше варианттары жарияланады.
Аталмыш серияның жиырма бірінші томы ғашықтық дастандарды қамтиды, олар: «Жаскелең», «Гүлнәр қыз», «Мәлікриан, Рабиғұлмүлік, қыз Жәмила», «Әмірзада», «Қисса шаһизада», «Асылбек пен Гүлжиһанның қиссасы».
Бұл шығармалардың негізгі тақырыбы адал, шын махаббатты дәріптеп жырлау болғанымен олардың түп-төркіні әр түрлі, сюжеттері сан алуан. Мысалы, жергілікті сюжетке негізделген «Жаскелең» дастанында бірнеше архаикалық мотивтер қамтылған. Ал «Гүлнәр қыз», «Мәлікриан, Рабиғұлмүлік, қыз Жәмила», «Әмірзада», «Қисса шаһизада», «Асылбек пен Гүлжиһанның қиссасы» атты дастандар бастауын шығыс халықтарының фольклоры мен әдебиетінен алған. Дәлірек айтқанда оларға арқау болған сюжеттер «Тотынама», «Мың бір түн» жинақтарында кездеседі.
Бұл шығармалардың тілі мен сөз түзу мәнері дастандық эпостың кітаби үлгілерінен гөрі ауызша жырланған үлгілеріне жақын. Мұнда араб, парсы сөздері көп кездеспеді. Сонымен қатар байырғы жалпытүркілік сөздер мен грамматикалық формалар, көне және жергілікті [диалект] қазақ сөздері, ал Ресей қазақтарынан келіп түскен мәтінде бірнеше орыс сөздері кездеседі.
Оқырманға ұсынылып отырған бұл том «Бабалар сөзі» сериясын дайындау принциптеріне сәйкес құрастырылып әзірленді. Том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Онда томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер және олардың табылған варианттары жөнінде мәліметтер қамтылды. Сондай-ақ сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томды дайындау барысында араб, кирилл әрпінде жазылған қолжазбаларды дұрыс тану үшін мәтіндерге мұқият талдаулар мен сараптау жұмыстары жүргізілді. Түпнұсқада қате жазылған сөздер қазақ тілінің жазу нормаларына және контекске сәйкес түзетіліп отырды, ал кейбір шумақтарда жекелеген сөздер мен жалғаулықтар түсіп қалған жағдайда қажетті сөздер тік жақшаға алынып берілді.
«Асылбек пен Гүлжиһанның қиссасы» 1990 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан фольклорлық жинақта жарияланған, томға еніп отырған басқа дастандар алғаш рет жарияланып отыр.
Күллі мәтіндер ҚР Білім және Ғылым министрлігі Орталық Ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба орталығында сақтаулы тұрған қолжазбалардан еш өзгертусіз дайындалып оқырманға ұсынылып отыр.
22-том. Ғашықтық дастандар
Қ ҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде жарияланатын «Бабалар сөзі» атты Жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Аталған басылымның басты мақсаты-халықтың рухани мол мұрасын сол күйінде өзіне қайтару, яғни қолда бар фольклорлық материалдарды түгел жарыққа шығарып, оларды ғылыми айналымға енгізу, қалық жұртшылыққа ұсыну. Бұл басылым бүгінгі оқырман мен ғылымға ғана емес, келешек ұрпақтың ежелгі мәдениетімізді білуіне, үйренуіне, игеруіне және зерттеуіне негіз болуды көздейді.
Бүгінгі таңда Жүз томдық серияның 21 томы жарық көріп үлгерді, соның ішінде: тоғыз том хикаялық, жеті том діни тақырыптағы және бес том ғашықтық дастандар.
Оқырманға ұсынылып отырған серияның келесі 22-томында да ғашықтық дастандар қамтылып отыр, олар: «Назымбек пен Күлше қыздың зары», «Есім-Зылиқа», «Қарға батыр», «Талайлы құл мен Әйім қыз», «Мақпал-Сегіз оқиғасы» (Қазан нұсқасы), «Мақпал-Сегіз», «Жан Сегіз», «Мақпал-Сегіз айтысы» (М.Құсниұлы нұсқасы), «Жетім Мәриям», «Ақбөпе-Сауытбек». Бұл-ғашықтық дастандарға арналған соңғы том.
Дастандарда екі жастың адал махаббаты, олардың ой-сезімі, аңсаған арманы, өзі сүйіп таңдаған жарына қосылуы үшін күресі, іс-әрекеті баяндалады.
Томға енген «Назымбек пен Күлше қыздың зары» атты дастан дәстүрлі фольклорлық сюжетке негізделген, және онда көне мотив, сарындар пайдаланылған, қалған шығармалар өмірде болған оқиғалардың ізімен жырланған. Мұнда оқиғаның өткен жері, кейіпкерлердің елі, шыққан руы көрсетіліп, басқа да деректі мәліметтер беріледі. Бұл дастандар шынайы, өмірде болған нақты фактілерге негізделген, сюжеті қызықты һәм нанымды, желісі тартымды, кейіпкерлердің жан дүниесін, екі жастың ой-сезімін әдемі көрсеткен, сол кездегі қоғамның әлеуметтік жағдайынан, жалпы халқымыздың ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы өмірінен, тіршілігінен дәлелді, сенімді көрініс беретін шығармалар.
Алдыңғылары сияқты, бұл том «Бабалар сөзі» сериясының дайындау қағидаларына сәйкес әзірленді, яғни ғылыми қосымшалармен толықтырылды, ал жарияланып отырған мәтіндер түпнұсқаларынан еш өзгертусіз алынды.
Томды дайындау барысында араб, латын, кирилл әріптерінде жазылған қолжазбаларды дұрыс тану үшін мәтіндерге мұқият талдаулар мен сараптау жұмыстары жүргізілді. Түпнұсқада қате жазылған сөздер қазақ тілінің жалпыға ортақ жазу нормаларына және контекске сәйкес түзетіліп отырды, ал кейбір шумақтарда жекелеген сөздер мен жалғаулықтар түсіп қалған жағдайда қажетті сөздер жақшаға алынып берілді.
Томға енген шығармалардан «Талайлы құл мен Әйім қыз» және «Мақпал-Сегіз» дастандары бұрын баспа бетін көрген, қалған дастандар бірінші рет жарияланып отыр. Баспаға ұсынылып отырған күллі мәтіндер қолжазбалық түпнұсқаларынан дайындалды.
Томның көлемі-19 б.т.
23-том. Қытайдағы қазақ фольклоры. Хикаялық дастандар
Қ ҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Серияның жарық көрген жиырма екі томы фольклорымыздың бай, маңызды саласы-дастандық эпосқа арналды. Атап айтқанда осы күнге дейін хикаялық дастандардың сегіз томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың алты томы дайындалып, баспа бетін көріп, оқырман қауымның тарапынан жылы қабылданды. Әрине, дастандық эпос жарияланған үлгілермен шектелмейді. Қолжазба қорларында сақтаулы тұрған мәтіндер жинақталып, дайындалуда. Олар кейінірек баспаға ұсынылады.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 23-томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналады. Олар бірнеше том болады деп жоспарлануда. Бұл томға «Нәзігүл», «Нұрден мен Мәриямның хикаясы», «Алтын балақ ақсұңқар», «Қамарзаман», «Әбдікерім», «Сәнуар патша», «Бердібек пен Шаһизат», «Ақиық», «Қайраңдаған кит» атты хикаялық дастандар енді. Аталған дастандардың кейбірінің сюжеті шығыстық, яғни үнді, парсы, араб хикаяларынан алынса, кейбірі жергілікті оқиғаларға негізделген. Солардың арасында, сюжеттері ертеден белгілі, әңгіме түрінде ел арасында бұрыннан таралып, ауызша айтылып жүрген, көрнекті ақын Таңжарық Жолдыұлы нәзира үлгісінде қайта жырлаған нұсқалар бар екенін айта кетуіміз керек. Тағы бір ерекшелігі-бұл мәтіндерде араб, парсы тілдерінен енген сөздермен қоса, жергілікті сөздер де жиі кездеседі.
Мәтіндерді жинап, баспаға дайындаған-Оразанбай Егеубаев. Ол 1935 жылы Қытайдың Шыңжаң өлкесі, Шағантоғай ауданы, Ойқұдық ауылында туылған. Қытайдағы әсіре солшылдық, «Мәдениет зор төңкерісі» нәубеттерінде 1958 жылдан бастап ауыр саяси соққыға ұшыраған. 1980 жылы түбегейлі ақталған. Қытайдың мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі. Қазіргі таңда елімізге оралып, Қытайдағы қандастарымыздың мәдениеті мен өнерін насихаттауға өзіндік үлесін қосып жүр.
«Бабалар сөзі» сериясының принциптеріне сәйкес аталмыш жиырма үшінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
24-том. Қытайдағы қазақ фольклоры. Хикаялық дастандар
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 24-томы Қытайдағы қазақтардың фольклорына арналады. Бұл томға «Сұлтан патша», «Ақылды Ақым», «Ақбазарған», «Дастарқан», «Данияр», «Естігүл», «Жетім бала», «Қыз кереметі», «Шаймұза», «Төрт ғадыл», «Жасартқыш бұлақ», «Маймыл келіншек» атты хикаялық дастандар енді. Аталған дастандардың кейбірінің сюжеті шығыстық, яғни үнді, парсы, араб хикаяларынан алынса, кейбірі жергілікті оқиғаларға негізделген. Сюжеттері бүкіл шығыс халықтарына белгілі, әңгіме түрінде ел арасында бұрыннан таралып жүрген бұл шығармалар нәзира үлгісінде дастан жанрында жырланған. Бұл шығармалар ел аузынан алынып, біраз редакцияға ұшырап, Қытайда баспа бетін көрген. Қазақстанда алғаш жарияланып отыр. Тағы бір ерекшелігі-бұл мәтіндерде араб, парсы тілдерінен енген сөздермен қоса жергілікті сөздер де жиі кездеседі.
Мәтіндерді жинап, баспаға дайындаған-Оразанбай Егеубаев.
«Бабалар сөзі» сериясының принциптеріне сәйкес аталмыш жиырма төртінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-22 б.т.
25-том. Қытайдағы қазақ фольклоры. Ғашықтық дастандар
Қ ҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Серияның жарық көрген жиырма төрт томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын дастан жанрына арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он бір томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың бес томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, дастандық эпос үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
ОҒК және ӘӨИ Қолжазба қорларында сақталған көптеген дастан мәтіндері ғылыми тұрғыдан сараланып, баспаға әзірлену үстінде.
Көпшілік назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 25-томы Қытайдағы қазақ фольклорының кезекті жинағы-ғашықтық дастандарға арналып отыр. Бұл томға «Анар-Сәуле», «Әнуар-Күләнда», «Садық-Сәлиқан», «Байын-Жүрек», «Салиқа-Сәмен», «Досан», «Нұртаза мен Күнасыл», «Олжа қыз» атты ғашықтық дастандар енді. Олардың сюжеті, негізінен, жергілікті қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен алынған. Ал «Әнуар-Күләнда», «Нұртаза мен Күнасыл» секілді шығармалар шығыстық сюжеттердің ізімен яки әсерімен жырланғаны байқалады. Дастандардың мазмұнында араб, парсы фольклорының жекелеген персонаждары, ұқсас эпизодтар мен оқиғалардың және тілдік белгілердің жиі ұшырасуы осыған меңзейді.
Бір айта кетерлігі, бұл томға кірген дастандардың біразын сол өлкенің тумасы, үрімжілік белгілі қазақ ақыны, марқұм Таңжарық Жолдыұлы жырлағаны мәлім («Анар-Сәуле», «Садық-Сәлиқан», «Әнуар-Күләнда»). Әйткенмен, аталған дастандардың негізгі оқиғасы бұрыннан халық арасында айтылып келгендігі және бұл шығармалар бұрын Қытайдағы қазақ зиялыларының ұйғарымымен «Қазақ қиссалары», «Ғашықтық жырлар» сынды фольклорлық жинақтарда жарияланғандығы ескеріліп, «Бабалар сөзі» сериясының аясында жарық көріп жатқан «Қытайдағы қазақ фольклорының» құрамына шартты түрде қосылып отыр.
Мәтіндерді жинап, баспаға дайындаған Қытай мемлекетінің мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, жазушы, ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі-профессор Оразанбай Егеубаев.
«Бабалар сөзі» сериясының принциптеріне сәйкес, аталмыш жиырма бесінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-25,5 б.т.