БАБАЛАР СӨЗІ: Самай атауы қайдан шыққан?

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасына орай «Қазақ хандығына 550 жыл» атты арнайы жобаны іске қосты. Бұл жоба аясында «Бабалар сөзі», «Қазақ хандары», «Ежелгі қалалар тарихы», «Халық қазынасы» қатарлы жаңа айдарлар ашылды. «Бабалар сөзі» айдары негізіне «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер алынды. «Қазақ хандары» айдарында тарихымызда еліне қорған болған хандардың өмірі туралы деректер беріледі. Ал «Ежелгі қалалар тарихы» айдарына қазақ даласындағы өркениеттің ордасы болған көне қалалардың тарихы туралы жазбалар жарияланады. «Халық қазынасы» айдары бойынша, Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мағлұматтар берілмек. Жоба материалдары қазақ тілінде (қазақша және төте жазумен) агенттік сайтында жарияланады.
None
None

***

САМАЙ

Сүйіншіқара батырдың ауылын үш мың қолмен түркімендер шауып, батырдың екі қызы Айсалқам, Жансалқам мұңын шағып адай мен таздың балаларына мынадай өлең жазып жіберген екен:

Барсаң, сәлем айта бар сегіз арыс адайға, Екінші сәлем айтайын құнан арыс шабайға, Үшінші сәлем айтайын қара таздың ішінде Төремұрат, Өтен, Басықара, Бәкенге, Және де сәлем айтайын Хан қожасы Самайға.

Сол Самай таздың қожасы таздың Төремұрат, Өтен, Нарын­бай батырлармен сөзге келіп қалып: «Қатулансам, қара таз,Қазаныңды қиратармын!» - деген екен. Соған таздың батырлары ашуланып, Самайды келер жо­лын аңдумен болады. Бірде аңдушыларға жалғыз кездесіп қалып, Самайды қуады. Шұбарши елді мекені жағында «Самай Қарасу» деген жер бар. Қарасуға жете бергенде Төремұрат найзамен шаншиды. Найза тиген Самай Қарасуға құлайды. Самай өте үлкен денелі кісі екен. Оның майы суға ақтарылып түседі, судың бетін май алып кетеді.

Батырлар сол судың үстімен жүз мың жылқы айдап өткізеді. Қожалар Қарасудан самайдың тек бір бармағын ғана тауып алып, бір төбеге апарып жерлейді. Басына шошақ там салады. Қорымда Самай қожаның құлаған тамы және бірнеше балбал тастар бар.

Соңғы жаңалықтар