БАБАЛАР СӨЗІ: Сұлукөлдің аталу тарихы туралы

«Бабалар сөзі» айдары негізіне «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер алынды. «Қазақ хандары» айдарында тарихымызда еліне қорған болған хандардың өмірі туралы деректер беріледі. Ал «Ежелгі қалалар тарихы» айдарына қазақ даласындағы өркениеттің ордасы болған көне қалалардың тарихы туралы жазбалар жарияланады. «Халық қазынасы» айдары бойынша Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мағлұматтар берілмек. Жоба материалдары қазақ тілінде (қазақша және төте жазумен) агенттік сайтында жарияланады.
***
Ертеде Жетіру жағалбайлы руының бір атақты байының Сұлу есімді көркіне ақылы сай қызы болыпты. Сұлу ел ішіндегі жігіттерді көзіне ілмей, бір кедей жігітке ғашық болады. Әкесі қызын кедей жігітке бергісі келмейді. Әкесінің шешіміне қарсы болған қыз көлде қайықпен серуендеп жүргенде, суға кетіп өледі. Бай қызының суға батып кеткен жеріне дейін тас төсеп, жол салып, көлдің ортасына белгі қояды.
Көлдің атауы бұрын басқаша болса керек. Кейін көлді жергілікті халық «Сұлукөл» деп атап кеткен.