Backstreet Boys Астанаға келді

АСТАНА. KAZINFORM - Астанада әлемдік поп-музыка аңыздары — 1990-жылдардың соңы мен 2000-жылдардың әйгілі тобы Backstreet Boys-ты жанкүйерлер мен елорданың әуежай қызметкерлері қарсы алды.

Backstreet Boys прибыли в Алматы
Фото: видеодан алынды

Әуежай қызметкерлері танымал Everybody хитінің әуенімен би орындады. Топ мүшесі Ник Картер бұл ерекше сәттің видеосын Threads парақшасында жариялап:

— Біздің таңда Астана әуежайында керемет қарсы алды. Қазақстанда бізге көрсетіп жатқан ілтипаттарыңыз үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз, — деп жазды.

Атақты топтың концерті 21 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өтеді. Бұл шоу Backstreet Boys-тың әлемдік турнесінің бір бөлігі болмақ.

2025 жылы топ Лас-Вегаста рекорд орнатқан еді. The Sphere концерт кешеніндегі шоу тарихтағы билеті ең көп сатылған концертке айналып, бір күнде 500 мыңнан астам билет өтіп кеткен.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, Астанадағы концертке 45 елден, соның ішінде Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония, Чехия, Сербия, Грекия, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан және басқа да мемлекеттерден 12 мыңнан астам турист келеді.

Шараны ұйымдастырып отырған «Астана Концерт» компаниясы кешке арналған Total White дресс-кодын жариялады. Ол концертке бірлік пен стиль атмосферасын сыйламақ.

Осыған дейін Backstreet Boys концерті үшін Астанаға 12 мың турист келетіні туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар