Backstreet Boys концертінен кейін Орталық стадион көгалы қандай жағдайда
АЛМАТЫ. KAZINFORM — «Қайрат» футбол клубының өкілдері «Реал Мадридке» қарсы ойын алдында Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді.
БАҚ өкілдері команданың бас бапкері Рафаэль Уразбахтиннен 19 қыркүйек күні Орталық стадионында өткен Backstreet Boys тобының концертінен кейін алаңның жағдайы туралы сұрады.
— Оларда деңгейі жоғары ойыншылар, сондықтан біздің алаңда ойнау қатты қиындық тудырады деп ойламаймын. Сонымен қатар біздің газонның сапасы сондай жаман деп айта алмаймын. Қызметкерлеріміз оны күтіп ұстайды, қолдарынан келгенін істеп жатыр. Тіпті «Селтик», «Слованға» қарсы өткен ойындарға қарағанда көгал әлдеқайда жақсара түскен. Мүмкін ең жақсы алаң емес шығар, ең жаманы да емес, — деді Рафаэль Уразбахтин.
Еске салайық, Алматының Орталық стадионында бүгін әйгілі Backstreet Boys тобының концерті өтті.
Бұған дейін Рафаэль Уразбахтин маңызды ойын алдында команданың дайындығы туралы айтты.
Сондай-ақ жарақат алған «Қайрат» қақпашылары Темірлан Анарбеков пен Александр Заруцкийдің жағдайына тоқталды.