15:37, 09 Сәуір 2025 | GMT +5
Бадминтон: Дмитрий Панарин Азия чемпионатының 1/16 финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM - Бадминтоннан Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында ерлер арасындағы жарыстың топтық кезеңі аяқталды.

Қазақстандық спортшы Дмитрий Панарин D тобында өнер көрсетті. Спортшы бірінші орынды иеленіп, Азия чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды.
Ол Мьянмадан барған Хейн Хтутты және Бангладеш спортшысы Хандокар Соадты жеңді.
Панариннің келесі қарсыласы үндістандық Киран Джордж болмақ.
Еске сала кетейік, бұған дейін теннистен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталғанын жазған едік.