Бадминтон: Дмитрий Панарин елордадағы халықаралық турнирдің 1/8 финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Астанадағы Beeline Arena спорт кешенінде бадминтоннан халықаралық турнир өтіп жатыр.

Бадминтон: Дмитрий Панарин елордадағы халықаралық турнирдің 1/8 финалына шықты
Фото: ҰОК

Ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин 1/8 финалға жолдама алды.

1/16 финалда отандасымыз Үндістан өкілі Арья Бхивпатакиді 2:0 есебімен жеңді.

Келесі кездесуін Панарин 19 желтоқсанда өткізеді. Қазақстандық спортшы ширек финалға шығу үшін  Иран өкілі Нима Ростампурлагалданимен сынға түседі. 

Айта кетейік, жарысқа әлемнің 43 елінен спортшылар келді. 

Бұған дейін елордада бадминтоннан халықаралық турнир басталғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар