Бадминтон: Қазақстан құрамасы Армениядағы турнирде бес медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM –Қазақстанның бадминтон құрамасы Арменияның Ереван қаласында өткен European Youth Gran Prix халықаралық турнирінде бес жүлдеге қол жеткізді.
15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жекелей сында Арслан Орманов чемпион атанды. Ал Вероника Моисеенко күміс жүлдеге ие болды.
ҚР ҰОК мәліметінше, Моисеенко жұптық сында да екінші орын алды. Осы бағдарламада Арслан Орманов қола жүлдегер атанды.
Аралас жұптар сайысында Арслан Орманов пен Вероника Моисеенко қола медаль жеңіп алды.
Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде бірден 143 сатыға жоғары көтерілгенін жазған едік.
Астанаға ушудан ірі халықаралық жиынға әлемдік деңгейдегі спортшылар келді.