20:14, 11 Қараша 2013 | GMT +5
Бадминтоннан БҚО ашық чемпионатында қостанайлықтар жеңіс тұғырынан көрінді
ОРАЛ. 11 қараша. ҚазАқпарат - Орал қаласында бадминтоннан БҚО ашық чемпионаты мәреге жетті.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жекелей сында әйелдер мен ерлер арасында Қостанай қаласынан келген Елизавета Яковлева мен Самат Ержақанов жеңімпаз атанды. Әйелдерден жұптасып өнер көрсетуде Е.Яковлева мен РФ-ның Балаков қаласынан келген Светлана Григорьева озып шықса, ерлерден қостанайлықтар С.Ержақанов пен Ескендір Әлімбаев жеңіс тұғырынан көрінді. Аралас жұптасып өнер көрсетуден С.Ержақанов пен Е.Яковлеваға тең келер спортшылар болған жоқ. Басқа жүлдегерлер де марапаттаусыз, сый-сияпатсыз қалған жоқ.