БАЭ инвесторлары елордадағы «Тұлпар-Тальго» зауытының жұмысымен танысты (ФОТО)

Зауыт ашылған күннен бері 306 вагон шығарды. Технологияға сәйкес, өнеркәсіп жеке вагон емес, модульдік типте құрастырылады. Мұндай модульдер кем дегенде 19 вагонды құрайды, кейіннен оған төрт вагон қосылады. «Тұлпар-Тальго» пойызында ең көбі 35 вагон болуы мүмкін.
«Тұлпар-Тальго» вагондары меншікті вагонның электр бекетінің жылуымен қамтамасыз етілуіне орай ауаға шығарылатын зиянды қалдықтар мөлшері төмен болады. Біздің елімізде өндірілген пойыздар заманауи талаптарға сай әрі жоғары деңгейде жасалған. Қазіргі таңда зауытта 392 маман жұмыс істейді. Зауыттың жүктемесі толық болған кездері қызметкерлерінің саны 360-қа артады.
Нысананы аралау барысында зауыт өкілдері қазақстандық өнеркәсіпке инвестициялаудың маңыздылығын атап өтті.
Еске салайық, бүгін Тәуелсіздік сарайында Қазақстан-эмираттық бизнес форум өтуде. Шара барысында өкілдер Ұлы Жібек жолының Еуразия көлік және инфрақұрылым хабы ретінде Астананың әлеуетін талқылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.