«Бағанашыл» балалар үйінің жаңарған ғимараты 2026 жылы пайдалануға беріледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілері уақытша басқа ғимаратқа көшірілді.

«Бағанашыл» балалар үйі
Фото: Алматы әкімдігі

Kazinform агенттігінің сауалына жауап берген Алматы қаласының білім басқармасы «Бағанашыл» шағын ауданы, Сырғабеков көшесі, 22 үйде орналасқан балалар үйі осы жылдың тамыз айында Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілгенін хабарлады.

«Бағанашыл» балалар үйі
Фото: Алматы әкімдігі

- Балалар үйі ғимаратының құрылыс-монтаждау жұмыстары 2025 жылдың қараша айында басталып, аяқталуы 2026 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған, - делінген ведомство жауабында.

«Бағанашыл» балалар үйі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігі сенбі күні балалар үйінің тәрбиеленушілер уақытша №1 арнайы мектеп-интернатына көшірілгенін хабарлаған еді. Қазіргі уақытта орталықта 100 бала бар, олардың ішінде 13-і мектепке дейінгі жаста, 87-сі мектеп оқушылары.

«Бағанашыл» балалар үйі
Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, осы жылдың 21 шілдесінде «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматыдан Қонаевқа көшіріле бастады. Алайда балалар бұған наразылық білдіріп, әлеуметтік желіде мекеме ішіндегі кикілжіңнің бейнежазбасы тарады. Кейін Президент кеңесшісі — баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Президент тапсырмасымен «Бағанашыл» балалар үйі Алматыдан Қонаевқа көшірілмейтінін мәлімдеді.

«Бағанашыл» балалар үйіндегі даудан кейін үш шенеунік қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар