Бағаны тұрақтандыруда тындырымды тірлік бар

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Өткен жылы облыста азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оның бағасын тұрақтандыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл әрекет азық-түлік өнімдер бағасының қымбаттауына жол берген жоқ. Үстіміздегі жылғы қаңтар айында да аталмыш үдеріс өзінің жалғасын тапты. Нәтижесінде облыс республика бойынша жаңа жылдың алғашқы айында өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда инфляцияны тізгіндеуде тәуір көрсеткішке қол жеткізді. Ал ақпан айының басында елімізде ұлттық валютамыздың долларға шаққандағы бағамының жаңа көрсеткіші енгізіліп, осыған орай азық-түлік бағасын тұрақтандыру қолға алынды. Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының соңғы мәліметіне сүйенсек, аудандардағы азық-түлік бағаларын тұрақтандыру оң нәтижеге қол жеткізгенін байқаймыз. Облыс бойынша бірінші сортты ұн бағасы 57 теңге болса, ол Шиелі ауданында - 52, ал Жаңақорған ауданында 54 теңгеден сатылуда. Қала базарларымен салыстырғанда бұл аудандарда ет өнімдері мен тауық етінің бағалары 40-50 теңгеге арзан. Оның есесіне аудандарда жұмыртқа бағасы біршама қымбат. Барлық ауданда көкөніс бағалары қала нарқымен шамалас. Тұтыну тауарлары бағасының құбылуы жанар-жағар майға тікелей байланысты екені белгілі. Облыс бойынша орта есеппен алғанда АИ-80 - 53, АИ-92 - 69, АИ-96 - 83, дизель отынының бір литрі 60 теңгеден сатылуда. Бұл соңғы бір апта көлемінде тұрақтанған баға. Сонымен, азық-түлік өнімдері бағасын тұрақтандыру бағытында жергілікті атқарушы билік жүзеге асырып жатқан нақты тірліктің нәтижесі көрінуде.
Соңғы жаңалықтар