Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалды ма - Антикор жауабы

Багдат Мусин
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусиннің үстінен қылмыстық іс қозғалды деген ақпаратқа қатысты жауап берді.

«Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық қылмыстық істер бөлімшелерінде бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусинге қатысты қылмыстық іс өндірісте жоқ», - делінген Антикор таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, 30 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Мусин лауазымынан босатылды

Министр бұл қызметтен «өз еркіммен кеттім» деп жазса да, түрлі Телеграмм арналар оны «кетірді» деп даурықты. Осы орайда біздің агенттік оның министр болып жүрген кезде елді елең еткізген әрекеттері мен бастамаларына шолу жасаған еді.

Соңғы жаңалықтар