БАҚ қызметін тоқтату мәселесін соттың қарауына беру сот билігіндегі ашықтықты қамтамасыз етеді ? депутат М. Әбенов

АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - БАҚ қызметін тоқтату мәселесін соттың қарауына беру сот билігіндегі ашықтықты қамтамасыз етеді.
None
None
Бүгін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысында депутат Мұрат Әбенов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Естеріңізге сала кетейік, Парламент Мәжілісінің бірінші оқылымында мақұлданған заң жобасында Бас прокурорға сот шешімінсіз ақпарат құралының кез келген түрін үш тәулікке тоқтатып қою құқығы көзделген болатын. Бірақ, жұмыс тобының мүшелері аталған нормаға өзгеріс енгізіп, БАҚ қызметін тоқтатуды тек сот арқылы шешу туралы мәселе көтерді. «Заң жобасы ең алдымен тек реттеуді қажет ететін салаға бағытталуы тиіс. Сондықтан да, БАҚ қызметін реттеуге қатысты қолданыстағы заңнамадан бөлек, қосымша тетіктер қарастырудың қажеті шамалы болып тұр. Тіпті, таза заңдық тұрғыдан алып қарағанда БАҚ жұмысын тоқтату туралы шешімнің тек сотқа тиісті екендігін ескеруге тиіспіз. Сондықтан да БАҚ туралы заңға осы саладағы ақпарат құралын тоқтату туралы шешімді сотқа беру мәселесі өзекті болып табылады. Яғни ақпарат құралы қызметіне қатысты кез келген заңбұзушылықтар орын алса, бұл мәселе соттың қарауына өтеді. Ал соттың қарауына өткен мәселеге БАҚ-пен қатар қоғам да араласып бұқаралық, ашықтық сипат басым бола түседі. Сот отырыстарында бұндай мәселенің ашық қаралуы да БАҚ қызметінің тиімділігін айқындай түседі», - деді М. Әбенов. Сондай-ақ жұмыс тобының депутаттары БАҚ-қа қатысты Үкімет ұсынымын талқылағанда Конституцияда айқындалған нормаға сүйенгендіктерін алға тартады.
Соңғы жаңалықтар