Бақдәулет Ағабек еркін күрестен жасөпірімдер Азиадасында қола жүлдегер атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Еркін күрестен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Бақдәулет Ағабек Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Бақдәулет Ағабек еркін күрестен жасөпірімдер Азиадасында қола жүлдегер атанды
Фото: Арлан Олжабек, Қазақстан ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, жерлесіміз 45 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Қола жүлде үшін өткен белдесуде Бақдәулет жапониялық Рику Фурусавамен күресті. Нәтижесінде қазақстандық балуан 3-2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасынан үш балуан жасөспірімдер Азиадасының финалына өткенін жазған болатынбыз.

Боксшы Санжар Матасов жасөспірімдер Азиадасының қола жүлдегері атанды.

 

Соңғы жаңалықтар