Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бақдәулет Ағабек Өзбекстан балуанын жеңіп, U17 әлем чемпионатының финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Әзербайжанның Баку қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты жалғасып жатыр.

Бақдәулет Ағабек
Фото: ҚР ҰОК

48 келіге дейінгі салмақта еркін күрес шебері Бақдәулет Ағабек жартылай финалда өзбекстандық Фаррух Махмудовты 7:3 есебімен жеңді. Осылайша, қазақстандық балуан финалға жолдама алып, шешуші белдесуде үндістандық Аарьянмен күш сынасады.

ҚР ҰОК мәліметінше, бүгін, 31 шілдеде, 110 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сағындық Темірғали де финалға шығу үшін бақ сынайды. Оның қарсыласы ресейлік Магомед Омаров болмақ.

Қазақстан әйелдер құрамасының екі өкілі Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатының кезекті жарыс күнінде финалдық кезеңге жолдама алғанын жазған едік.

Әлинұр Төлеуғали грек-рим күресінен U17 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Дияр Аманәлі грек-рим күресінен U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.