Бақытжан Абдурахманов Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің қола жүлдесін жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық Бақытжан Абдурахманов дзюдодан елордада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды.

қола жүлдегер
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясынан

Қазақстандық спортшы 73 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде ирландиялық Джошуа Гринмен кездесті. Бақытжан Абдурахманов қарсыласын вазари әдісімен жеңіп, 500 рейтингілік ұпайға ие болды.

Тағы бір қазақстандық Екатерина Токарева (-70 кг) қола жүлде үшін бәсекеде қарсыласына есе жіберді.

Кеше жарыстың бірінші күні Ғалия Тынбаева жеңімпаз атанса, Елдос Сметов қола медальді еншілеген болатын. 

Соңғы жаңалықтар