Бақтияр Артаев: Елiмiз үшiн ең қымбатты, ең бағалы, тарихи маңызы зор мерекемiз құтты болсын!

АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада чемпионы, әйгiлi қазақ боксшысы Бақтияр Артаев Қазақстан халқын Тәуелсiздiкпен құттықтады.
None
None

"Ардақты отандастар! Елiмiз үшiн ең қымбатты, ең бағалы, тарихи маңызы зор мерекемiз құтты болсын! Жерiмiз тыныш, Елiмiз аман, Тәуелсiздiгiмiз мәңгiлiк болсын! Қазақ елi жасасын!", - дейдi боксшы өзiнiң Фейсбуктегi парақшасында.

Қазiргi уақытта Б. Артаев Лондонда "Болашақ" бағдарламасы бойынша бiлiм алуда.

Бұның алдында әлеуметтiк желiлер арқылы Тәуелсiздiк күнiмен құттықтаған спорт жұлдыздары болғанын айта кетейiк. Велошабандоз Александр Винокуров Instagram арқылы құттықтау жолдаса, ауыр атлет Илья Ильин Мемлекет басшысымен тарихи селфи жасап үлгердi.

Соңғы жаңалықтар