00:28, 21 Тамыз 2024 | GMT +5
Баку БРИКС-ке мүше болу үшін ресми түрде өтініш берді
АСТАНА. KAZINFORM – Әзербайжан ресми түрде БРИКС-ке қосылуға өтініш берді. Бұл туралы Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Әзербайжан ресми түрде БРИКС-ке қосылуға өтініш берді», - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айхан Гаджизаде.
Бұған дейін 18 тамызда Мәскеудегі Әзербайжан елшісі Полад Бюльбюль оглы елдің ұйымға кіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.
БРИКС – Ресей Федерациясы, Бразилия, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка Республикасы кіретін мемлекеттердің бейресми тобы.
19 тамызда Бакуде Владимир Путин мен Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевтің келіссөздері өтіп, оның қорытындысы бойынша көшбасшылар бірқатар мемлекетаралық құжатқа қол қойғанын жазған едік.