20:06, 18 Ақпан 2009 | GMT +5
Баку - Ислам мәдениетінің астанасы құқығына ие болды
БАКУ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ – Бүгін Әзірбайжан астанасында «Баку – ислам мәдениетінің астанасы – 2009» жылының салтанатты ашылуы болды.
Ол туралы 2007 жылғы қарашаның 21-і мен 23-і аралығында Триполиде өткен ИСЕСКО қатысушы-мемлекеттер мәдениет министрлерінің бесінші конференциясының қорытындысы бойынша қабылданған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Іс-шараға Әзірбайжан Республикасының президенті Илһам Әлиев, ИСЕСКО-ның бас директоры Абдулазиз бен Осман әл-Тувейджри, бірқатар мұсылман және еуропалық мемлекеттердің мәдениет министрлері қатысты.Г.Әлиев атындағы сарайда өткен ашылу салтанатының аясында концерт өтті, «Баку ? ислам мәдениетінің астанасы ? 2009» веб-сайтының және «Ежелгі Баку» кітабының таныстырылымы болды. Әзірбайдан Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап бұған дейін хабарланғанындай, 2009 жыл ішінде Мәдениет астанасының жылы аясында Әзірбайжанда жүзден астам ұлттық және халықаралық іс-шаралар өткізілетін болады.