Баку қаласында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» атты кітабы таныстырылды
Қазақстан Президентінің кітабы еліміздің жаңа тарихының ең қиын да жарқын кезеңдері туралы баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы жас, Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу жолындағы қадамдарынан сыр шертеді. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының жұмысы, ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай және газ желілері қорын игере бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру болып табылады.
Өткен жылдардың нақты деректерін, елдің ресми емес анық-қанығын, түрлі заңдар мен реформаларды қабылдау үрдісін, Қазақстан мемлекетінің құрылысындағы практикалық тәжірибені, сондай-ақ Әзірбайжанда біздің республикамызбен байланысты оқиғалар қатарын қамтитын бұл кітап әзірбайжан сарапшыларынан жоғары бағасын алып үлгерді.
Әсіресе, Парламент депутаты Валид Ахмедовтың айтуы бойынша, бұл кітапты жазудағы мақсат - түрік халықтарының бір-бірін жақсы тануы үшін ықпалдастығын қамтамасыз ету болып табылады. Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас өзара танудың арқасында екі елдің игілігі үшін дамитын болады.
Әзірбайжан Парламентінің депутаты Эльмира Ахундова өз сөзінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың болашақты болжай білу қабілеті мен даналығына деген таңданысын білдіріп, жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтың: «Мен Қазақстан және оның сәтті дамуы үшін еш алаңдамаймын, өйткені оның Нұрсұлтан Назарбаев сияқты көрнекті көшбасшысы бар», деген сөзін келтірді.
Шараға депутаттар Ганира Пашаева, Эльмира Ахундова, Вахид Ахмедов, Говхар Бахшалиева және басқалар, сонымен қатар Әзірбайжанда тіркелген дипломатиялық миссиялардың жетекшілері қатысты.