Баку көшелерінің бірі Абайдың атымен аталды

БАКУ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Берик Хамидов/ - Бүгін Бакуде қазақтың ақыны, ойшыл Абай Құнанбаевтың атымен аталған көшенің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
None
None

«Баку орталығындағы көшелердің біріне Абай Құнанбаевтың есімін беру идеясын 20 қазанда Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев айтқан еді », деді ашылу салтанатының рәсімінде Әзірбайжандағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Серік Пірімбетов.

Қазақстандық дипломат өз кезегінде қазақ ақынының шығармашылығын және әлемдік поэзияға қосқан үлесін атап өтті.

Оған қоса, шара аясында Әзірбайжан халықаралық университетіде Абайдың барельефімен ақпараттық тақта ашылды.

Салтанатты рәсімге Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева мен Гауһар Мұрзабекова, Әзірбайжанның Милли Меджлис детутаттары және Баку қаласының атқарушы билігінің жетекшілері қатысты.

Соңғы жаңалықтар