Баку-Тбилиси-Джейхан арқылы мұнай тасымалдаудың 2 бағыты талқылануда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Әзербайжан арқылы Түркия мен Грузияға мұнай жеткізу жолдарын талқылап жатыр. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасы төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Самұрық-Қазына» қорының Telegram каналында өткен брифинг барысында ол Қазақстан мұнай жеткізудің баламалы бағыттарын белсенді түрде іздестіріп жатқанын атап өтті.

Оның сөзіне қарағанда, қазір әзербайжандық серіктестермен келіссөздер жүргізілуде. Онда Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырлары арқылы Түркияға және Баку-Супса арқылы Грузияға жеткізудің екі бағыты талқыланып жатыр.

Айта кетейік, 22 тамызда Каспий құбыр желісінің екі кешені техникалық ақауларға байланысты жұмыс істемей тұрғаны хабарланған еді.

Есте болса, осы жылдың 6 шілдесінде Новороссийскінің Приморск аудандық соты құжаттық заң бұзушылықтар үшін «КТК-Р» компаниясының қызметін 30 тәулікке тоқтатқан болатын.

11 шілдеде Краснодар өңірлік соты Каспий құбыр консорциумы жұмысын тоқтата тұру жөніндегі шешімді өзгертіп, айыппұлға алмастырды.



Соңғы жаңалықтар