Бакуде Әзербайжан-Қазақстан кәсіпкерлік форумы өтеді

БАКУ. 29 мамыр. ҚазАқпарат -30 мамыр күні Бакуде Әзербайжанның экономикалық даму министрлігі мен Әзербайжанның экспорт және инвестицияны ынталандыру қорының қолдауымен Әзербайжан-Қазақстан кәсіпкерлік форумы өтеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Azpromo хабарламасында көрсетілген.

Бизнес-форум кеше кешқұрым Бакуге келген Атырау қаласының әкімі Серік Айдарбеков бастаған Қазақстан делегациясының Әзербайжанға жұмыс сапары аясында өтеді.

Хабарламада атап өтілгендей, бизнес-форумға азық-түлік өндірісі, ауылшаруашылық, денсаулық сақтау, энергетика, жеңіл өнеркәсіп және басқа да салаларда қызмет ететін Атырау облысының кәсіпкерлері қатысады.

Бүгінгі таңда Әзербайжанда қазақстандық капиталмен 30-дан астам кәсіпорын жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар