Бакуде бокстан жастар арасында Әлем чемпионаты өтеді

АЛМАТЫ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бокстан сәуірдің 20-сы мен мамырдың 2-сі аралығында Бакуде өтетін ХVI Әлем чемпионатына қатысатын жастар құрамасы жасақталып болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Бокс федерациясына сілтеме жасап.

Әзірбайжан астанасындағы бұл дүбірлі додаға 1992 жылы қаңтардың 1-і мен 1993 жылғы желтоқсанның 31-і аралығында туған 17-18 жастағы былғары қолғап шеберлері қатысады. 11 салмақ дәрежесі бойынша бәсеке АІВА-ның техникалық және жарыс талаптары бойынша өтеді. Онда ел намысын 10 салмақта құраманың 1-2 нөмірлі, ал 91кг. жоғары салмақта тек 1 спортшы қорғайды. Олар - Әнуар Мұзапаров, Жомарт Ержан (48 кг), Нұрлан Әбжанов, Шерхан Досханов (51 кг), Нұрбол Қалжанов, Руслан Мадиев (54 кг), Дархан Жұмсақбаев, Еркін Дүйсенбаев (57 кг), Сабыржан Бекбергенов, Аслан Есенов (60 кг), Мейірім Нұрсұлтанов, Ғалымжан Құрманбай (64 кг), Жәнібек Әлімханұлы, Берікбол Болат (69 кг), Әділет Рахышев, Тимур Ганза (75 кг), Арбек Абдуғаниев, Александр Гулевский (81 кг), Асқар Көпеншеев, Артем Василенко (91 кг) және Дәулет Мұсабеков ( +91кг) .

Соңғы жаңалықтар