Бакуде екі кабатты метро құрылып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Әзербайжан астанасы Бакуде екі қабатты метро құрылып жатыр, деп хабарлайды Haqqin.az

Бакуде екі каватты метро құрылып жатыр
Фото: Baku.ws / Haqqin.az

— В-4 метро бекеті келесі жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі, ол екі қабатты болады, - деді Баку метрополитенінің өкілі Маммад Ризаев.

В-4 бекетінде құрылыс аяқталуға жақын екені хабарланды – жұмыстың 80 пайызы орындалды.

Бұл күлгін желінің бесінші, метроның 28-бекеті. Бекет Гейдар Әлиев атындағы спорт кешені мен клиникалық медициналық орталықтың арасында орналасқан.

Еске сала кетейік, Алматыда үш бағытта метроның 23 бекеті салынады.

Сондай-ақ Алматыда метро құрылысын «Алтын орда» базарына қарай дамыту жоспары ұсынылды

Соңғы жаңалықтар