Бакуде «Габала - ТМД мәдени астанасы» ауқымындағы қорытынды шара өтті
Оған ТМД елдерінің мәдениет және өнер қайраткерлері, Әзербайжандағы бірқатар шет елдердің елшілері, ауданның қоғамдық жұртшылығы, құрметті қонақтар қатысты. Шараның ресми бөлімінде Габала ауданы атқару билігінің басшысы Сабухи Абдуллаев сөз сөйлеп, бұл шара аудан өміріндегі маңызды оқиға болғанын атап өтті. Ол бұдан кейін «ТМД-ның мәдени астанасы» эстафетасы 2014 жылы Қазақстанның Алматы және Қырғызстанның Ош қалаларына берілетінін хабарлады. Бұдан кейін ол Ресейдегі Әзербайжан елшісі, ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының басқарма төрағасы Полат Бұлбұлоглыға, қордың атқарушы директоры Анатолий Ықсановқа, Алматы қаласы мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Жұлдыз Омарбаеваға және Қырғызстанның мәдениет, ақпарат және туризм министрі Сұлтан Раевқа грамоталар тапсырды.
Шара соңы мерекелік концертпен аяқталды.