15:07, 18 Қаңтар 2011 | GMT +5
Бакуде ИКҰ Атқарушы комитетінің ғылыми-технологиялық ынтымақтастық жөніндегі отырысы өткізіледі
БАКУ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Әзірбайжанның Байланыс және ақпарат министрлігі хабарлап отырғандай, 2011 жылдың сәуір айында Бакуде Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ) Атқарушы комитетінің ғылыми-технологиялық ынтымақтастық жөніндегі (COMSTECH) 29-отырысы өткізіледі.

Мұндай шешім 2011 жылдың 10-13 қаңтарында Исламабадта (Пәкістан) Атқарушы комитеттің 28-отырысы мен COMSTECH Бас ассамблеясының 14-отырысы барысында қабылданды.