Бакуде Каспидегі әскери қызмет саласының сенім шаралары талқыланды

баку
Фото: Азертадж

АСТАНА. KAZINFORM – Бакуде Каспий теңізі мәселелері бойынша жоғары деңгейлі жұмыс тобының VII отырысы өтті.  

Келіссөздерге Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан делегациялары қатысты. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстан Республикасының Каспий теңізі мәселелері бойынша арнайы өкілі Зульфия Аманжолова басқарды. 

Кездесу барысында тараптар 2024 жылы Каспий аймағы әлемдік саясаттың назарында болатынын, бұл осы аумақтағы оқиғалардың жоғары қарқындылығына байланысты екенін атап өтті. 

Кездесуге қатысушылар сонымен қатар Каспий теңізінде тікелей базалық сызықтарды құру әдістерін талқылады. 

Тараптар өзара іс-қимылды нығайту және ағымдағы сын-қатерлерге жедел әрекет ету мақсатында ағымдағы жылдың ішінде тоқсанына бір рет отырыс өткізуге келісті. 

Жұмыс тобының келесі отырысы 24-27 маусымда Иран астанасы Тегеранда өтеді.

Соңғы жаңалықтар