Бакуде Қазақстан-Әзербайжан туристік форумы өтті

АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігінде Қазақстан-Әзербайжан туристік форумы өтті.

Казахстанско-азербайджанский туристический форум прошел в Баку
Фото: ҚР Елшілігі

Іс-шара туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету және екі ел арасындағы туристік ағындарды жандандыруға бағытталған.

Форумға Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, «KazakhTourism» ҰК» АҚ, Мемлекеттік туризм агенттігі мен Әзербайжан туризм бюросының, AirAstana және FlyArystan әуе компанияларының, туристер қауымдастығының өкілдері, Әзербайжан мен Қазақстан гидтері, Алматы және Шымкент қалаларының, Маңғыстау облысының менеджменттік туризм басқармалары, екі елдің ірі туристік компаниялары, журналистер, танымал әзербайжандық блогерлер қатысты.

– Қазақстан мен Әзербайжан – стратегиялық серіктес және одақтас. Екіжақты ынтымақтастық барлық салаларда, соның ішінде туризмде де дамып келеді, - деп атап өтті Елші құттықтау сөзінде.

Дипломат қазақстандықтардың Әзербайжанға, ал әзербайжандықтардың Қазақстанға деген қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті.

Әлім Байел 2023 жылғы статистика бойынша өткен жылы Әзербайжанға Орталық Азиядан келген әрбір екінші турист Қазақстаннан келгенін хабарлады.

– Өткен жылы Әзербайжанға 58 мың қазақстандық турист келген. 2024 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Әзербайжанға 38 мыңнан астам қазақстандық турист келді. Жалпы, Әзербайжанға туристік ағынның өсу динамикасы бойынша Қазақстан Қытай мен Үндістаннан кейін үшінші орында, - деп қосты ол.

Шара аясында AirAstana және FlyArystan әуе компанияларының ұйымдастыруымен лотерея ойнатылды. Жеңімпаздарға Әзербайжаннан Қазақстанға тегін әуе билеттері табыс етілді.

Сонымен қатар, форум аясында екі елдің туристік фирмалары басшыларының кездесулерінің В2В сессиясы өтіп, Қазақстан мен Әзербайжан туристік гидтер қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2024 жылдың шілдесінде әзербайжандық саяхат блогерлерінің Қазақстанға бірінші туры өтті, оның барысында олар Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында, сондай-ақ Алматы облысында болды.

Форум барысында олар Қазақстан туралы алған әсерлерімен бөлісті. Жалпы, форумға қатысушылар мұндай шаралар Қазақстанға туристер ағынын арттыратынына сенім білдірд

Соңғы жаңалықтар