20:00, 21 Ақпан 2013 | GMT +5
Бакуде Қазақстан елшілігі ұйымдастырған салтанатты дипломатиялық қабылдау өтті
БАКУ. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Бакуде Әзірбайжандағы ҚР елшілігімен ұйымдастырылған салтанатты дипломатиялық қабылдау өтті.

Дипломатиялық қабылдау ӘР-ғы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Серік Пірімбетовтің Әзірбайжандағы дипломатиялық қызметінің аяқталуына орайластырылды.
Шараға Әзірбайжанда бірқатар елдердің аккредитациядан өткен дипмиссия өкілдері, сондай-ақ Әзірбайжандағы ресми және іскерлік орта мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
С.Пірімбетов Қазақстанның Әзірбайжандағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін 2008 жылғы қаңтар айынан бастап атқарып келген болатын.