Бакуде Қазақстан мен Әзербайжан ЖОО-лары арасында меморандумға қол қойылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 28-29 қазан аралығында Баку қаласында Түркі тілдес халықтар конгресі өтті. Жиынға шетелдерден 250-ге жуық түркі халықтарының өкілдері мен 10 шетелдік жоғары оқу орнының ректорлары қатысты. Конгреске Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов қатысып, түрлі деңгейдегі меморандумдарға қол қойды, деп хабарлады Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің баспасөз қызметінен.
None
None

Жиында профессор Қылышбай Бисенов университеттің түркі тілдес мемлекеттерінің жоғары оқу орындарымен байланысы, қазақ-түрік лицейі жайлы айтты.

Кездесу аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Баку мемлекеттік университетінің басшылары өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар