Бакуде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» атты кітабының әзірбайжан тіліндегі басылымының тұсаукесері өтеді

КУ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Берік Хамидов/ - Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесін атап өту аясында, Бакуде 17 қараша күні Ататүрік орталығында Қазақстан Елшілігі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» атты кітабының әзірбайжан тіліндегі басылымының тұсаукесер рәсімін өткізеді.
None
None

Тұсаукесер рәсімі Әзірбайжан Жазушылар одағының төрағасы, М.Қашқары атындағы халықаралық қордың жетекшісі Анар Рзаевтың және Қор кеңесінің мүшесі, Милли Меджлис (Парламент) депутаты, Ганира Пашеваның бастамасымен жүзеге асып отыр.

Аталмыш шараға Әзірбайжан Республикасының саяси және қоғам қайраткерлері шақырылған, сонымен қатар ӘР-ның депутаттары, дипломатиялық миссия жетекшілері, елде тіркелген журналистер қатыспақ.

Соңғы жаңалықтар