Бакуде өткен бокс турнирінде АИБА Рио Олимпиадасына 39 жолдама ойнатты

«Бүгінгі таңда Азия боксының өкілдеріне болашақ Олимпиада ойындарының 60 лицензиясы тиесілі. Өткен іріктеу турнирінде Ирак пен Катар спортшылары жақсы қырларынан көзге түсті, бұл елдердің боксерлері Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысайын деп отыр. Сондай-ақ, Тәжікстан мен Түрікменстанның атлеттеріне де бір-бір лицензиядан бұйырды», - деп Азия бокс конфедерациясының атқарушы директоры Бағдаулет Төреханов хабарлады.
Ирак бокс құрамасының бас жаттықтырушысы 1996 жылы Атлант қаласында өткен Олимпиада ойындарының қола жеңімпазы өзіміздің Болат Ниязымбетов екенін атап айтқан жөн, ол эстафетаны өзінің бапкері Дамир Буданбеков қабылдап алды.
АИБА шілде айында тағы 26 лицензияны сынға салмақ және олар үшін APB мен WSB нұсқасы бойынша қатысушы боксшылар сарапқа салады. Жалпы алдағы Олимпиадада дүниежүзінен 286 боксшы қатысады, оның ішінде 36-сы - әйелдер. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Азия елдерінен Олимпиадаға Қазақстан мен Өзбекстанның бокстан құрамасы толық құрамда қатысады.