Бакуде ТМД-дағы инновациялық әріптестік бойынша практикалық пікір алмасу өтеді

None
None
МӘСКЕУ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - 7-8 желтоқсан күндері Бакуде «ТМД: инновациялардағы әріптестік» тақырыбында «road-show» өтеді.

ТМД қатысушы-месмлекеттерінің гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының баспасөз қызметінің хабарлауынша, шара ТМД ауқымында ғылыми және инновациялық қызметті ықпалдастыруға, жастардың ұшқырлығын ынталандыруға, ТМД-дан инновациялық жобаларды тартуға, сондай-ақ технологияларды коммерциялау саласында біліктілікті арттыруға бағытталған.

Перспективалық әріптестерді іздестіруге және ынтымақтастық туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізуге бағытталған достастық едерінің жетекші инновациялық компаниялары мен ғылыми орталықтары өкілдерінің ашық диалог мүмкіндіктері талқыланып, пратикалық тәжірибе алмасу өтеді.

Шара Баку мемлекеттік университетінің корпусында болады. «road-show» ауқымында жалпы отырыстар, сонда-ақ бірнеше білім семинарларын өткізу жоспарлануда.

Шараны ТМД халықаралық нанотехнологиялар инновациялық орталығы, Ядролық зерттеулер біріккен институты және Баку мемлекеттік университеті Гуманитарлық ынтымақтастық мемлетаралық қорының қолдауымен өткізеді.

Соңғы жаңалықтар