Бакуде ТМД-ның 20 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

БАКУ. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Берик Хамидов/ - Кеше Бакудегі Ресей ақпараттық-мәдени орталығында ТМД құрылғанына 20 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті.
None
None

Шараны Әзірбайжандағы Ресей елшілігі мен Ресейынтымақтастық өкілдері ұйымдастырды, оған ТМД елдерінің димпломатиялық миссияларының, Әзірбайжан мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарының өкілдері және Әзірбайжан Республикасы парламентінің депутаттары қатысты.

Шара барысында дипломаттар мен Әзірбайжан Республикасының қоғам қайраткерлері ТМД қызметіне және ынтымақтастық перспективаларына өздерінің пікірлерін білдірді.

Атап айтқанда, Қазақстан елшісі Серік Пірімбетов ТМД - бұрынғы кеңестік елдердің байланысты сақтап қалу қажеттігінің нәтижесі екенін атап өтті.

Шараны ұйымдастырушы РФ елшісі Владимир Дорохин бүгінде ТМД форматына дұрыс баға беру осы ұйымға кіретін мемлекеттердің болашағына ықпал ететініне назар аударды.

Сондай-ақ Әзірбайжандағы Беларус елшісі Николай Пацкевич, Әзірбайжан парламентінің депутаты Расим Мұсабеков және басқалары ТМД-ның оған мүше елдер ынтымақтастығын нығайтудағы маңызы рөлін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар