Бакуде тұрып жатқан қандастарымызбен кездесу өтті

БАКУ. ҚазАқпарат - Бүгін Әзербайжанның астанасында Ақтаудың «Жанартау» қоғамдық бірлестігі осы елдегі ҚР Елшілігінің қолдауымен осы елде тұрып жатқан қандастарымыз, студенттер және Қазақстанда туып-өсіп, кейін тарихи отанына оралған азаматтармен кездесу өткізді.
None
None

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды.  

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жобаның мақсаты - шетелде  тұратын отандас жастар мен жас дарындардың шығармашылығын дамытуға  ықпал ету, талантты жастарды іздестіру, оларға    ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  Жолдауы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру», - деді қоғамдық бірлестігінің төрайымы Анар Шәмшадинова.

Шетелдегі қазақ диаспорамен кездесулер, Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасының «Шетелде тұратын отандастармен әлеуметтік және мәдени байланыстарды дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізу» жобасы аясында өткізілуде.

Айта кеткен жөн, бұл еліміз бойынша алғашқы қолға алынып жатқан жоба, сондықтан бастапқыда танысу және ақпараттандыру бойынша шетелдегі қазақ диаспора өкілдері арасынан пул құрып, қарым-қатынасты нығайтуға баса назар аударылып отыр.

Бұған дейін Мәскеуде қазақ диаспорасымен кездесу ұйымдастырылған, сондай-ақ Ресейде оқитын мыңдаған қазақстандық студенттермен жүздескен. 

null  

Төрайымның ерекше атап өткені, қандастарымыздың өзге мемлекеттерде де үлкен деңгейге жетіп,  білімділігі мен біліктіліктерінің арқасында өз орындарын ойып алғандары.    

Кездесу барысында Маңғыстау облысының саяси-әлеуметтік жетістіктері туралы бейнеролик көрсетілді.

Залдағы қатысушыларды ерекше толқытқаны, ол - домбыраның күмбірлеген үні. Олар «Сүгірдің термесін» орындаған «Жаңа Өмір» газетінің тілшісі Мұратбек Қадырбаевтың және «Атамекен» әнін шырқаған ҚР мәдениет сіңірген қайраткері Нұрияш Оспанованың өнерлеріне тәнті болды.   

                                                                                                                                                                                                          Бекбау Тайманов 

Соңғы жаңалықтар