«Бақытты отбасы» конкурсына қатысушылар өз құпияларымен бөлісті - Павлодар

ПАВЛОДАР. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық жеті отбасы дәстүрлі «Бақытты отбасы» конкурсына қатысты,
None
None

деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Әр жастағы және түрлі кәсіптегі әкелер мен аналардың ұқсас жақтары - олар шығармашылықпен айналысады, балаларын музыкаға және спортқа баулиды. Бақытты отбасының басты шарты - ортақ әуес істер, өзара түсіністік, сүйіспеншілік және құрмет, дейді конкурсқа қатысушылар.

Конкурстың бас жүлдесін Әжмұратовтар отбасы жеңіп алды, Ворониндердің, Мұсабаевтар мен Жаңахметовтардың отбасылары да тамаша өнер көрсетті.

Конкурсты ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері, Павлодар әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар