Бақытжан Сағынтаев оңтүстік өңірдегі болат блюм шығаратын алғашқы зауытқа барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Оңтүстік» индустриалды аймағы аумағындағы «Shymkent Temir» оңтүстік өңірдегі болат блюм шығаратын алғашқы қазақстандық кәсіпорынға барды. Бұл туралы primeminister.kz">primeminister.kz хабарлады. 
None
None

Объектіде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев кәсіпорынның негізгі өндірістік циклдарымен танысты. «Shymkent Temir» ЖШС бас директоры Б. Әлтеевтің айтуынша, зауытта 40 тонналық индукциялық пештер және үш қырлы үздіксіз құю машиналары қолданылады.

null

Жоба 2015-2019 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, осы жылдың сәуір айында пайдалануға беріледі. Шығарылатын өнімнің 100% жақын шетелдерге экспорттау көзделген.
Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Б. Жамалов Индустрияландыру картасы аясында 20 жобаны іске асыру жоспарларымен таныстырды.
null null 

Соңғы жаңалықтар