Бақытжан Жұмағұлов Білім және ғылым министрі болып тағайындалды
Бұған дейін Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің ректоры болған Б.Жұмағұлов 2007 жылы қаңтардың 10-ынан бері Білім және ғылым министрі болып келген Жансейіт Түймебаевтың орнына келді. Ж.Түймебаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Бақытжан Жұмағұлов - ғалым-математик, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері». 2008 жылдың сәуір айының 21-інен бері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры болды.
Ал оған дейін - 2007 жылдың қыркүйек -2008 жылдың сәуір айы аралығында - Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары, 2007 жылдың қыркүйек айы мен 2008 жылдың ақпан айы аралығында - «Нұр Отан» партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясының жетекшісі, 2007 жылдың шілде айы мен 2008 жылдың ақпан айы аралығында - «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет еткен.