Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР білім және ғылым министрінің бұйрығымен бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары бекітілді.
None
None

Бұл туралы ресми БАҚ хабарлады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы

2015 жылғы 16 қаңтар № 15 Астана, Үкімет Үйі

Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды

есепке алу қағидаларын бекіту туралы

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 89-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З.Оразалиева):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр А.СӘРІНЖІПОВ

Соңғы жаңалықтар