Бала күтіміндегі әйелдердің сәбиі бір жасқа толмастан жұмысқа шығып кетпес үшін олардың әлеуметтік жағдайын көтеру керек - БҚО

ОРАЛ. 3 тамыз. ҚазАқпарат -  Бала күтіміндегі әйелдердің сәбиі бір жасқа толмастан жұмысқа шығып кетпес үшін олардың әлеуметтік жағдайын көтеру керек.
None
None

Бұл туралы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты Елбасын мақаласын талқылаған облыс әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысында айтылды.

Жиында мемлекет басшысының баяндамасындағы 17-ші тапсырмасында көрсетілген отбасындағы бала санына байланысты олардың балабақшаларға төлейтін шығынына өтемақы төлеу, бала күтімі бойынша демалыстан шыққан әйелдерге мемлекет есебінен біліктілігін арттыру және қажетті жаңа мамандық алу мүмкіндіктерін, көп балалы отбасылар үшін табыс салығын жеңілдету мәселелері сөз болды.

Аталған комиссияның хатшысы Светлана Әлмұқанованың айтуынша, дөңгелек үстелге ұсынылған жобалар мен көтерілген мәселелер ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға жіберіледі. 

Соңғы жаңалықтар