Бала тәрбиесі: Ертегі оқудың пайдасы

Адам миында ертеңгі жағдайды анықтайтын үдеріс жүріп жатады деуге де болады. Осы үдеріс өзін жақсы сезінуіне септігі тиеді:
- жайлы жатып, тыныш ұйықтауы;
- көңіл күйі көтеріңкі болуы;
- күш-қуаты мол болуы;
- ағзасы тез жетілуі;
- ертең не істейтіні;
Осы аталғанның барлығы түнде ұйқы алдында немен айналысқанына байланысты.
Сол себепті балаға ұйықтар алдында ертегі оқудың пайдасы мол. Ертегілерде әр істің соңы жақсылықпен аяқталатыны, жетістіктерге тек қиындықтар арқылы жететіні, адал адам бір күні жақсылыққа қол жеткізетіні жөнінде баяндалады. Қандай жағдай болса да, дұрыс шешім шығара білуге үйрететін ертегілердің өзге де пайдасы жөнінде көп айтудың қажеті шамалы.
Балаға ұйықтар алдында міндетті түрде ертегі оқыңыз. Олар аңыз-әңгіме арқылы өсіп, қиялы қарыштайды. Өмірдің қуанышты да қиын кезеңдерінде жанынан табылыңыз.