Бала тәрбиесіне салғырт қараған 700 ата-ана құқығынан айрылды

 үкім
Фото: Kazinform

Бала тәрбиесіне салғырт қараған 700 ата-ана құқығынан айрылды, деп хабарлайды Kazinform.

«Балаларға қатысты жасалатын зорлық-зомбылық әрекеттерінің тағы бір себебі жергілікті атқарушы органдардың отбасылармен жұмысының тиімсіздігімен байланысты. Жыл сайын балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 6 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапқа тартылады. Полицияның дерегінше, 700-ге жуық ата-ана құқығынан айрылды. Отбасылық жағдай ішкі істер органдарының құзыретінен тыс шешілетін әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы проблема», - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ- өткен брифингіде.

Спикердің мәлімдегеніндей, мүдделі мемлекеттік органдарға осындай отбасыларға көмек көрсету туралы тиісті хабарламалар жолданды.

«Қолайсыз отбасылардағы жағдайды сауықтыру үшін кәмелетке толмағандардың тұрмыстық мәселелерін шешу бойынша кешенді әлеуметтік көмек көрсету керек. Сондай-ақ олар медициналық-психологиялық қызметтер алуы қажет», - дейді комитет басшысы.

Мүдделі мемлекеттік органдарға осындай отбасыларға көмек көрсету туралы тиісті хабарламалар жолданды.

Соңғы жаңалықтар