Балабақшада тәрбиешінің жүктемесін азайту жоспары іске асырылмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін педагогтердің республикалық тамыз конференциясында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов балабақшаларда педагогтердің жүктемесін азайту жоспары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Қазір біздің алдымызда мектепке дейін білім беру ұйымдарында педагогтердің жалақысын көтеру мақсаты тұр. Сондықтан біз бірнеше қанатқақты жобаны жүргізіп жатырмыз. Бір топқа екі тәрбиеші жіберілетін болады. Бұл өз кезегінде бірнеше міндетті шешеді. Біріншіден, бізде топтағы бір тәрбиешіге шамамен 25 баладан келеді. Шетелдік тәжірибеге қарасақ, оларда 12-15 бала қамтылады. Сондықтан біздегі қанатқақты жоба аясында екі тәрбиеші күні бойы бір топта жұмыс істесе, бір тәрбиеші 12-13 баланы қамти алады. Бұл тұрғыда олар балаларға көп көңіл бөліп, педагогке түсетін жүктеме азаяды», - деді А. Аймағамбетов

Сонымен қатар министр олардың жалақысын екі есе өсіру ескерілгенін айтты.

«Бұл қанатқақты жоба өзінің тиімділігін көрсетіп жатыр. Осы жұмысты жаңа оқу жылында жүргізетін боламыз», - дедің ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда Білім беру ұйымдарындағы біртұтас тәрбие беру тұжырымдамасы әзірленеді.


Соңғы жаңалықтар